1 002 көрілім
Жылына валютамен 22-25 пайыз өсім беретін шет елдік депозит. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алуға болады:  http://kalkoz.bget.ru/?p=30#more-30

Біз үлгі тұтып, солардың қатарына жетсек деп армандайтын Батыс елдерінде әрбір өзін өзі сыйлайтын адамның адвокаты және психологы болады екен. Адвокаттың қажеттілігін түсінуге болар, бірақ біз үшін ай сайын қалтасынан сонша ақша шығарып, психолог ұстаудың қанша қажеті бар деген сауалдың жауабын табу қиындау болатындығы анық. Өйткені, біз шекпенінен шыққан кеңес қоғамында, одан кейінгі тәуелсіздік алған жылдарда психолог маманға деген қажеттілік болатынын ешкім ескерген емес және басқаны қойып, байлығы тасыған бақуатты кәсіпкерлер де психолог маманға жүгіне қоймайды. Яғни, біздің қазіргі қоғамда психолог қызметінің қажеттілігін ешкім сезінбейді.

     Қазір психолог мамандар мектептерде, түзеу мекемелерінде қызмет етеді. Соңғы кезде осы саланы кәсіп еітіп, нәпақасын тауып жүрген мамандар да шыға бастады. Десе де, бұл сала әлі шет елдердегідей кең сұранысқа ие болып кете алмай отыр. Ал психологтардың қызметіне жүгінбеудің салдары қандай? Стресс, депрессия деп аталатын дерт, өзіне қол салатындардың көбейіп кетуі, жадынан, яғни есте сақтау қабілетінен айрылып, өзінің кім екенін ұмытып қалатындардың шығуы, ақырсында қол-аяғы баладай дені сау адамдардың кедейшілік қамытынан құтыла алмай тауқымет тартуы – бәрі де психологтардың ақыл-кеңесін қажет етпеуден туындайды екен.

Менің өзін өзі дамыту тақырыбына арналған жеке блогым бар. Оқырмандары да біршама. Электронды поштама хабарласып, тіпті телефон соғып жататындар да бар. Бірде маған Алматыдан бір қыз хабарласты. Әлгі қыз жұмысын тастап, бір психологиялық тренажер сатып алыпты. Енді толайым сол қызметке ауысып, әлгі тренажердің қызметін жұртшылыққа ұсынып жүр екен. Писхологиялық тренажердың тегін нұсқасы да бар. Бірақ оның қызмет ауқымы шектеулі. Өзіңізді толғандыратын: 1-денсаулығыңызға байланысты; 2-материалдық жағдайыңызға байланысты; 3-адамдармен ара-қатынасыңызға байланысты сауалдарға шынайы жауап беріп, содан кейін тренажер арқылы сол салалар бойынша қалыптасқан проблемаларды қалай шешуге болатыны туралы жауапты естисіз. Бәрі автоматтандырылған. Тренажердың қызметін бірер ай пайдаланған адамның мінез-құлқы өзгеріп, өмір әкелген ауыртпалықтарынан құтыла бастайды екен.

   Психология саласында жиырма жылдай қызмет етіп келе жатқан қазір Көкшетаудағы «Шаңырақ» дәрігерлік кеңес беру орталығында қызмет ететін Жұлдыз  Бекмағамбетованың айтуынша,  әлі күнге дейін біздің қоғамда психологтарға деген көзқарас дұрыс қалыптаспаған.      

       – Көрерсіз, біраз жылдардан кейін «Мен психологпын» деген жандарға тамсана қарайтын заман туады.  Біздің ортада әлі де болса психологты «маман» деп есептемейтіндер, оларды жәй ақша алып, қоғамға жүк болып жүрген жандар дейтіндер  көп.  Адамдардың көбі өз бойларындағы қабылет-қасиеттерін білмейді, қандай мүмкіндіктері барлығын ескермейді.  Психолог мамандар адамдардың бойынадғы артықшылықтары мен олқы тұстарын анықтап, қандай іспен, қалай айналысу қажеттігін айтып, бағыт-бағдар береді. Осы арқылы адамдар өз өмір жолдарын тауып, қысқа уақытта табысқа жетуіне болады. Бұл жайды жақсы білетін шет ел азаматтары психологтарға жиі барып, олардың көмегіне көп иек артып жатады. Дегенмен, біздің қоғамда да жыл өткен сайын психологтарға келетіндер қатары ақырындап өсіп кеел жатқаны байқалуда, –дейді Жұлдыз. – Осыдан он жыл бұрын келушілердің бәрі дерлік дәрігерлердің жолдамасымен ғана келетін. «Демек, психологқа жүгінуіңіз керек» деген соң ғана бізді іздейтін. Қазір көрсеткіш өзгерді. Емделушілердің басым көпшілігі өз еркімен келеді, — дейді ол. 

     Психологтың айтуынша, келушілердің көбі күйбең тіршілік түйткілінен туындаған проблемалармен жүгініп жатады екен. –Соңғы кезде әсіресе, балалары тастап кеткен, не болмаса жалғыз баласы қарайласпайтын, жалғыздықтан, жақындарынан айырылып қалудан бойына үрей мен қорқыныш ұялаған жандар көп келеді, -дейді психолог. 

      Жұлдыз Бекахметова  Көкшетау қаласындағы №13 орта мектеп гимназиясында да психолог болып жұмыс істейді. Мектеп жасындағы балалардың психологиясын да жақсы біледі. – Мектеп жасындағы  жасөспірімдерді көбіне ата-анасы, не болмаса туған-туыстары ертіп келеді. Олардың көбі  компьютерлік ойындардың шырмауынан шыға алмай, айналаға қызығушылығын жоғалтып алғандар. Айта кетейін, клиентке қойылатын басты шарт – көмекті өзі сұрауы керек. Ал егерде оны біреу ертіп келсе психологқа онымен жұмыс істеу қиынға соғады,–дейді.

      Психолог «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген қазақы пайымды жоққа шығармайды. Дегенмен, бүгінгі жаһандану заманында ақпарат ағынынан  баланы қорғап, жамандықтан ада етіп өсіру оңай шаруа емес. Жіті қадағалау болмаса, қатігез қоғам ешкімді де аямайтыны анық. Отбасылы болған жас келіншектер – отбасында кездесетін қиындықтар, ене мен келіннің қарым-қатынасы, ерлі-зайыптылар арасындағы, ата-ана мен бала арасындағы түсінбеушілік сынды мәселелермен жиі келетін көрінеді.

    -Қазіргі ата-ана жұмысбасты.  Заман талабы осы болды.  Бірақ, қолыңыз қалт еткен сәтте бауыр еті балаңыздың халін сұрап, оған көңіл бөлуді  ұмытпау керек. Бізде осы жағы кемшін. Тағы бір назар аударатын жәйт, біздің қазақы түсінігімізде «психологқа бару ұят саналады».  Мәселен, отбасылық немесе ерлі-зайыптылар арасындағы мәселелерді көбіне ешкімге білдірмей, өзара шешеміз. Тіпті, баланы кішкентай кезінен үйде болып жатқан кикілжіңді ешкімге айтпа, ұят болады деп өсіретініміз рас. Сонымен қатар, қазақ қызын сырыңды жеңгеңе айт деп үйреткен. Бұл дегеніңіз әрбір қазақ баласының жанын ұғатын жақын адамы, былайша айтқанда, «дайын өз психологы» бар. Жаныңа жақын адамға шеріңді ақтарғанның еш жамандығы жоқ. Алайда, тек бұл уақытша көмек. Арнайы психологиялық білімі жоқ жеңгеңіз сізге өз ақыл кеңесін беруі мүмкін, бірақ мұндай кеңестен өміріңізде ештеңе өзгермейді, сол қалпында қалады. Ал психолог туындаған мәселені анықтап, оны қалай шешу қажеттігін айтып, түсіндіреді. Әрине, психолог сіздің проблемаңызды шешіп бермейді, бірақ оны қалай шешу қажеттігін айтып, бағдар береді. Психологты тыңдап, айтқанын орындасаңыз, тауқыметтен құтыласыз, –дейді ол.       

     Біз жарнама арқылы өз қызметін ұсынған психолог мамандардың біріне хабарласып көрдік. Көкшетауда бүгінде тәжірибелі мамандар  бір сеансына 5 мың теңге сұрайды екен. Әркімнің қалтасы көтере бермейтіні анық. Біз бұл сұрақты Жұлдыз ханымға да қойдық. Оның пайымдауынша, психологтардың қызметі қымбат болуы тегіннен-тегін емес. «Себебі, күн сайын біліміңді арттырып отыруың қажет. Ол үшін түрлі тренингтерге, білім арттыратын курстарға барып отыруың керек, оның бәрі ақылы»,–дейді ол.

   – Жасыратыны жоқ, мемлекет тарапынан біздерге ешқандай қолдау жоқ. Мектеп психологтарын алмағанда, барлық мемлекеттік мекемеде отыратын психологтардың жалақысы 60 мың теңгеден аспайды. Артық жүктемелері қаншама.  Жалақысы мардымсыз маман қалай білімін жетілдіреді? Ол аз қаражатты қосымша білімге жұмсай ма, отбасын, бала-шағасын асырай ма? Ал мектепте немесе кез келген мекемеде біреу өз-өзіне қол жұмсаса, басшылық бұған алдымен психологты кіналайды. Тағы бір ерекше екпін түсіріп айта кететін жайт, жалпы елімізде өтіп жатқан тренингтерде де, клиенттер арасында да орыс ұлтының адамдары басым. Олар бұл бағытта өздеріне жақсы көңіл бөледі. Сондықтан болар, психологтарға арналған курстар, тренингтер, кітаптар – барлығы орыс тілінде,–дейді Жұлдыз Бекмағамбетова.     Жоғарыда айтып кеткен алматылық қазақ қызы сатып алған психологиялық тренажер да орыс тілінде.  

    Нарықпен келген қиындықтар қазір адамдардың көбінің жүйкесін жұқартып, психикалық дерттерге ұшыратуда. Жүйкесіне түскен салмақты азайтамыз деген үмітпен адамдардың, оның ішінде жас қыз-келіншектер арасында ішімдікке салынушылардың көбеюі, нашаролық сияқты дерттің, жас отбасыларының арасында ажырасушылықтың белең алуы осыны айғақтайды. Яғни, дамыған шет елдердегі сияқты бізде де психолог мамандардың қызметіне арқа сүйеу қажеттігі анық байқалуда. «Таңның атпасына күн қоймайды» демекші, психолог Жұлдыз Бекмағамбетова айтқандай, психолог мамандар ең жоғары сұранысқа ие және жалақысы көп мамандыққа айналатын күн де алыс болмаса керек.

Қазақ тілінде кез-келген тақырыпта мақала жазуға, кітап шығаруға тапсырыс беруге болады. Ақысы келісімді. 8-701-3001474 телефонына немесе вадсапқа хабарласыңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика