121 көрілім
Жылына валютамен 22-25 пайыз өсім беретін шет елдік депозит. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алуға болады:  http://kalkoz.bget.ru/?p=30#more-30

Рейнкарнация, яғни өлген соң қайта тірілу – дәстүрлі діндердің бәрінде бар. Дегенмен, иудей, христиан және ислам діндерінде бұл құбылыс толық деңгейде көрінбеген, буддизм мен индуизмде ғана рейнкарнация жан-жақты және толымды түсіндіріледі. Ал ойдан шығарылған діни ағымдарда және атейстік түсінікті негізге алған материалистік ғылымда рейнкарнация түгелдей жоққа шығарылады.

Рейнкарнацияның белгісі қайдан көрінеді

Дәстүрлі ислам немесе христиан дінінің өкілінен өлген соң қайта тірілу туралы сұрай қалсаңыз, өлген соң қияметте сотқа тартылу үшін тіріліп, содан кейін күнәсі көптер мәңгі тозаққа, күнәсі аздар мәңгі жұмаққа кіреді деген мазмұндағы жуапты естисіз. Бұндай түсінікке сай, тіршілік иесі бір-ақ рет жаратылады және бір ғана мәрте өлімді басынан өткереді.

Ислам дінінің өкіліне туу мен өлімнің тұйық шеңберінде мәңгі айналып жүретін жан туралы, яғни рейнкарнация жайында айтсаңыз, діннен шыққан кәпір атанасыз. Ислам ғұламаларының бұл туралы түсінігіне Құранда жазылған «өлі едіңдер, тірілтті, содан кейін қайта ажалдың дәмін татасмыңдар, кейін қиямет сотына тартылу үшін тірілесіңдер» деген мазмұндағы аят негіз болған сияқты.

Буддизм және индуизм дінінде тірі жан өлген соң тірлікте жасаған жақсы-жаман әрекеттеріне орай жаңа тәнге ие болады. Ол тән адам, не жан-жануар, тіпті өсімдік болуы мүмкін. Сауапты істер жасаған пенде періште тәнін алып, көкке көтерілетін жайлар да болады дейді бұл дін өкілдері.

Енді рейнкарнацияны қалай, неден байқап көруге болады? Сол мәселеге тоқтала кетейік. Сіз дүние есігін ашқанда шынашақтай қызылшақа сәби болдыңыз. Ата-анаңыз сізді бір қолымен-ақ оңай көтеріп, төсекке жатқызатын. Өсе келе балаға айналып, тәй-тәй басып жүретін, одан жүгіретін дәрежеге жеттіңіз.

Кәмелет жасына толған кезде қол-аяғыңыз балғадай күш-қуаты тасыған жігітке айналып, отбасы құрып үйлендіңіз. Орта жаста ақылыңыз да, бойыңыз да толысып, өсті. Содан кейін ақырындап егделікке аяқ басасыз. Күндердің күнінде кәріліктің қай тұстан келгенін де байқамай, бетіңізді әжім торлап, қолыңызға таяқ алып соған сүйеніп әзер жүретін күйге түсесіз.

Енді мынаған назар аударып қараңыз: дүниеге жаңа келген сәби мен құлын-тайда шапқылаған баланың, қуаты толысқан бозбаланың, егде адамның бетбейнесінде, сыртқы кейпінде, жалпы дене бітімінде ұқсастық бар ма? Жоқ. Егер сіз біреуге бала кезіңіздегі суретіңізді көрсетіп, «мынау менмін» десеңіз, сеніңкіремей таңырқап қалар еді.

Сәбидің балаға, одан жігітке, орта жастағы адамға, егде жастағы кісіге, ақырсында қарияға айналу процесі сырт көзге де онша байқала қоймай, ақырындап, сатылап өтеді. Анда-санда айнаға қарағанда ғана өзгерісті аздап сезінген сіз шындығында бұл процестің қалай жүріп жатқанын дәл басып өзіңіз де айта алмас едіңіз.

Рейнкарнация да сол сияқты. Сәбидің денесі, балаға, одан жігітке қалай айналды? Сәби өз алдына бір адам, жігіт бөтен адам ба? Жоқ, сырт бейнесі өзгеріп жатқанымен, «мен» деп аталатын адамның интелектуалдық жекелігі өзгермей сақталады. Өзгеріс тек оның сыртқы бейнесінде ғана жүреді. Яғни, рейнкарнация бір адамның өмірінің түрлі кезеңдерінде де тоқтамай жүріп жатады. Бірақ оны өзге түгілі адамның өзі де байқай қоймайды және оған көңіл аудармайды.

Өлім – бұл ұйқы

Шыныдғында тірі жан ешқашан өлмейді, яғни оның табиғаты мәңгілік. Өлетін – оның тәні. Шындығында өлім деген – бұл ұйқы. Мәселен, сіз кешкілік төсегіңізге жаттыңыз, содан көзіңіз ілініп, шырт ұйқыға кетесіз. Ұйықтап жатқаныңызда сіз өзіңіздің кім екендігіңізді, қайда жатқаныңызды да ұмытасыз. Түрлі түстер көресіз. Ал таңертең оянғанда жадыңыз арқылы өткеніңіз бен қазіргіңіз қалпына келеді.

Өлімнің кәдімгі ұйқыдан айырмасы – ол біршама ұзаққа созылады және өмірде жасаған жақсы-жаман әрекеттеріне сай басқа тән алған тіршілік иесінің жады, яғни өткен өмірдегі бастан-кешкен жағдайлары туралы ақпараттар түгел өшіріледі. Сондықтан, ол өмірге бірінші рет жаңа келіп отырғанадй сезімде болады.

Жады өшірілмей, өткен өмірлерін есінде сақтайтын пенделер де кездесіп жатады. Олар туралы қиялға бергісіз ғажайып жайлар туралы интернеттен көптеген ақпараттар таба аласыз. Жады өшкен пенделер өздерін дүниеге бірінші рет келіп отырғандай сезініп және өлімнен кейінгі өмірге де сенімсіздікпен қарай бастайды.

Рейнкарнацияның тағы бір дәлелі мынада: күн мен түннің алмасуы, жыл мезгілдерінің алмасуы, ғасырлар мен дәуірлер алмасуы – бәрі де уақыт арқылы өлшенетін тіршіліктің мәңгілік екендігін және үнемі кезектесіп ауысып отыратыныдғын білдіреді. Қыста өлі күйге түскен табиғат көктемде қайта түлеп, қайта тіріледі. Бұл да адамның өлімі мен қайта тууы іспетті құбылыс. Жалпы, рейнкарнация өмірдің барлық салаларында жүріп жатыр, оған ақылмен байыптап назар аударсаңыз, өз көзіңізбен көріп, көкірегіңізбен сезіне аласыз.

Қазақ тілінде кез-келген тақырыпта мақала жазуға, кітап шығаруға тапсырыс беруге болады. Ақысы келісімді. 8-701-3001474 телефонына немесе вадсапқа хабарласыңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика