Рейки до – денсаулықты нығайтудың сенімді тәсілі

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

ниши жаттыгуыАуруды жеңуге бола ма? Бұл сауалдың жауабын данышпандар ерте заманнан бері іздеп, әркім өзінше жауап беруге тырысып келеді. Адамның қыр соңынан өле өлгенше қалмайтын аурудан құтылып, денсаулықты нығайту, дертке бой алдырмай өмір сүру әркімнің арманы. Осындай сауалдың жауабын өткен ғасырдың басында өмір сүрген жапон ғұламасы Микао Усуи де іздеген.
Реики до ойдан шығарылған емдеу тәсілі емес, ол рухани ізденіс арқылы Жоғарғы санадан келген ақиқат. Оның басқа ілімдерден ерекшелігі де сонда.

Денсаулықты сақтап, ауырмай өмір сүруге бола ма?

Реикидің тарихы 19-шы ғасырдың 80-ші жылдарынан бастау алады. Микао Усуи денсаулықты нығайтып, ауруға бой алдырмай өмір сүрудің амалдарын іздеп, өмірін түгел соған арнауға бел байлайды. Ол осы жолда христиан дінін қабылдап, Батыс елдеріне сапар шегеді. Бірақ дерттен айықтырып, денсаулықты нығайтудың сенімді жолын табудың сәті түспейді.

Осылайша біраз жыл әлемнің әр елін кезіп, мақсатына жеткізер жолды іздеген ғұлама, буддашылардың мінажатханасына ат басын тірейді. Оның қандай мақсатпен жүргенін естіген мінажатхана басшысы осында қалып, өздерінде бар қолжазбаларды қарауға кеңес береді.
Ол мінажатханада болған біраз жылдың ішінде будда дінін қабылдап, қытай және санскрит тілдерін меңгереді. Сөйтіп ежелгі таңбалардың тылсым құпиясын ашуға ден қояды. Дегенмен, ол дерттен айықтырып, денсаулықты нығайтатын амалды қарастырған таңбалардың сыры аша алмайды.

Ежелгі таңбалардың құпиясы.

Тылсым сыр бүккен санскрит таңбаларының құпиясын аша алмаған Микао Усуи Курама тауына барып, сондағы үңгірді баспана етеді. Ол шәкірттеріне егер 21 күннің ішінде оралмаса, оның мәйітін әкеліп жерлеуді тапсырады.

Ұзақты күн медитациямен айналысып, ежелгі жазбалардан көрген құпия таңбалардың сырын ашуға талпынған ол 21-ші күні таң алдында көз қарықтырар жарық нұрды көреді. Ұзақ уақыт осындай кереметті көруді армандаған ғұлама есінен танып қалады. Ол есін жиғанда көз алдында бір жанып, бір өшкен миллиондаған түрлі түсті көпіршіктерді көреді. Кенет әлгі көпіршіктер тылсым таңбаларға айналып, өз құпиясын жайып салады.

Осылайша бір-ақ сәтте өмір бойы армандаған мақсатына жетіп, денсаулықты нығайтудың және кез келген аурудан емдеудің сырына қаныққан ғұлама қалаға асығады.

Денсаулықты сақтап, аурудан айықтырудың сенімді тәсілі.

Микао Усуи қатты асығып келе жатып сүрініп құлап, шынышағын шығарып алады. Қатты ауырған шынашағына қолын тигізіп, бойындағы қуатпен әсер еткенде кенет ауру сап тиылады. 21 күндік медитациядан кейін қатты ашыққан ол қала шетіндегі үйге келіп, өзіне тамақ беруді сұрайды.
Ғұламаға тамақты алып шыққан кішкентай қыздың тісі күп болып ісіп кеткен екен. Тіс ауруынан азап шеккен балаға жаны ашыған ғұлама оның ісінген жағына қолын тиігізуі мұң екен, әп сәтте ісік қайтып, бала аурудан жазылады.

Ол мінәжатханаға оралғанда оған жетекшілік жасайтын монах төсек тартып жатыр екен. Ғұлама өзіне ашылған тылсым әдіспен оны да дертінен айықтырып, аяғына қояды.

Аурудан айықтырудың сенімді жолы.

Микао Усуи өзі тапқан емдеу тәсілін шәкірттеріне үйретеді. Дегенмен, бұл тәсіл ғұламаның айналасына ғана белгілі болып, 1927 жылға дейін ешқайда таралмаған.

Ғұлама қайтыс болған соң 1927 жылы оның шәкірттері реики до тәсілімен емдеуге арналған қоғам құрады. Ол қоғам тез қанат жайып, Жапония аумағынан шығып, барша әлемге таралады. Бүгінде әлемнің көп елдерінде реики до тәсілін меңгеріп, денсаулықтарын нығайтып қана қоймай, басқаларды айықпас дерттен айықтырып жүрген Микао Усуидің шәкірттері көп.

Реики до тәсілімен денсаулықты нығайту және ауруды емдеу туралы блогымыздың алдағы сандарында жан-жақты айтатын боламыз. Жаңалықты жіберіп алмаңыз.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика