1 029 көрілім

26Рэйки тәсілі бойынша табиғи түрде емдеудің үш түрі болатынын айтады доктор Микао Усуи. Рэйки тәсілінің үш тұғыры аталған олар: Гассе, Рэйдзи Хо, Тире.
Арнайы медитциялық жаттығулар арқылы аталмыш тәсілдерді меңгерген адам өзін жазылмас дерттен айықтырып қана қоймай, өзгелерді емдейтін емші болады. Бүгінде Микао Усуидің әлемнің әр түкпірінен шыққан миллиондаған ізбасарлары бұны дәлелдеп, рэйки арқылы емшілік етумен айналысып, небір жазылмайтын дерттерді жазуда.

Гассе.

Бұл медитациялық жаттығу әрбір ақыл-ойды шоғырлау жаттығуынан немесе ауруды емдеу сеансынан кейін айналысатын қосалқы және өте тиімді жаттығу болып табылады.

Екі қолыңызды көкірек тұсына алақаныңызды қарата қойыңыз. Молдасыңызды құрып, арқаңызды тіктеп отырыңыз, көздеріңіз жұмулы болады. Денеңізді бос ұстаңыз. Егер бұлайша отыру қиынға түссе, арқаңызға жастық қойып сүйеніп отырсаңыз да болады.

Демалысыңызды реттемеңіз, табиғи түрде тыныс алыңыз. Терең тыныс алып, ауаны ішіңізге тартыңыз. Барлық назарыңызды екі қолыңыздың ортаңғы, қазақтар «ортан терек» атаған саусағыңыздың ұшына (тандэне) аударыңыз.

Ағыл-тегіл келіп-кетіп жатқан ойды қумаңыз, ол өз ағысымен табиғи түрде аға берсін. Егер шаршағаныңызды сезінсеңіз, алақандарыңызды денеңізден алыстатпаған қалпы төмендете түсіріп, тізеңіздің үстіне қойыңыз. Содан кейін қайтадан бұрынғы қалыпқа барып, көкірегіңізге қойыңыз.

Жаттығу соңында көзіңізді ашып, саусақтарыңызды сілкілеңіз. Бұл жаттығу бойыңызға енетін қуатты көбейтіп, ақыл-ойды шоғырлауға игі ықпалын тигізеді. Күн сайын таңертең немесе кешкілік 20-30 минут жасаңыз.

Рэйдзи Хо.

Жапон тілінен аударғанда «рэйдзи» деген сөз – рухты айқындау деген мағына береді екен. Бұл жаттығу интуицияны сезінуге игі ықпалын тигізеді. Адам үшін интуиция – ішкі үннің қаншалықты маңызды екендігін бүгінгі ғылым да мойындап отыр.

Молдасыңызды құрып арқаңызды тіктеп отырыңыз немесе тік түрегеп тұрыңыз. Бұл жаттығу ауруды емдеуге арналатындықтан, науқас адамның қарсысына отыру қажет. Көздеріңізді жұмып, бар назарыңызды ортаңғы саусақтарыңыздың ұшына аударыңыз.

Ақыл-ойыңызға әсер ететін барлық бөгде ойлардан арылып, денеңізді босатыңыз. Өзіңізді бос ыдыс сияқты сезініңіз. Сіздің еркіңізден тыс оған қуат құйылып жатыр. Өзіңізді сол барша әлемге жайылған әмбебап қуаттың ажырамас бөлшегі ретінде сезініңіз.

Іштей емделуге келген науқастың өзін ауру екендігін сезінуін және бойын жайлаған барлық дерттен жазылуын тілеңіз. Содан кейін қолыңызды маңдай тұсыңызға апарып, рэйкиден (әмбебап қуаттан) қолыңызды ауырған жерге апаруға көмектесуін сұраңыз.

Аурудың бойындағы дерт жайлаған аумақтар сіздің қолыңызды өзі-ақ тартады. Сіз қолыңызды қажет жерге қалай апарғаныңызды өзіңіз де сезбей қаласыз. Әрине, мұның бәрі бірер күнде бола салмайтын құбылыс. Рэйкимен көп уақыт айналысып, тәжірибе жинаған сайын ішкі үнді етене сезініп, интуицияны дәл баса алатын дәрежеге жетесіз.

Рэйкиді емшілікке ғана емес, өмірдің барлық мәселелеріне пайдалануға болады. Ішкі үнді, яғни интуицияны жақсы сезіну арқылы өмірде кездесетін барлық күрделі жағдйларда қиыннан шығарар дұрыс жолды дәл тауып, өмір жолыңызды ашуға мүмкіндік аласыз.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика