566 көрілім

рейнкарнацияРейнкарнация немесе өлген тіршілік иесінің басқа тәнге ауысып қайта жаратылуы туралы ілім. Бұл ілім индуизм және буддизм діндерінде кең орын алады. Иудейзм дінінде ол жайында болар-болмас түсінік боглса, христиан және ислам діндері рейнкарнация құбылысын мүлдем теріске шығарады. Бүгінгі күні рейнкарнация құбылысын зерттеуге ғылым да бет бұрып, осы салада бірқатар жетістіктерге де жетіп отырған жайы бар.

Рейнкарнацияға кімдер сенеді?

Буддизм дінін ұстанатын Азия елдерінің көбінде және Индияда халықтың басым көпшілігі рейнкарнацияға шүбәсіз сенеді екен. Керісінше, атейстік және христиан, ислам дінін ұстанатын елдерде бұл көрсеткіш деңгейі өте төмен. Әлеуметтік сұрау салу қортындысына сай, Ресейде халықтың 4-7 пайызы ғана рейнкарнация құбылысына сенетіндігін білдірсе, АҚШ-та бұл көрсеткіш 55 пайызды құраған, Батыс елдерінде 25-30 пайыздың деңгейінде болған.

Сұрау салуға тартылғандардың әрбір төртіншісі рейнкарнацияға сенетіндіктерін білдіргеніне қарамастан, оның қандай құбылыс екендігін толыққанды білмейтін болып шыққан. Олардың пайымынша, рейнкарнация өлген адамның қайта  тіріліп  дүниеге келеді деген тұманды түсінікке негізделген.

Рейнкарнацияны ғылыми зерттеу

АҚШ-та өткен өмірді зерттеумен айналысатын ассоциация  жұмыс істейді. Оның құрамында әлемнің әр елдерінен кірген психолог, медицина саласының ғалымдары бар. Бұл салада зерттеулерімен көзге түскен ірі ғылыми тұлға қатарында американдық ғалым Ян Стивенсонды атап өтуге болады.

Вирджиния штатында психиатрия медицина мектебінде қызмет ететін профессор Стивенсон бар саналы өмірін рейнкарнация құбылысын зерттеуге бағыштап келеді. Қазіргі күні ол өткен өмірін естерінде сақтаған 2 мыңдай адаммен тілдесіп, олардың айтқандарын құжаттап алған. Ғалымға түсінік бергендердің басым көпшілігі 3-5 жастағы сәбилер екен. Осыған қарап, адам дүниеге келгеннен кейінгі 3-5 жылға дейін өткен өмірінің ықпалында болып, содан кейін оны ұмыта бастайды деген тұжырым жасауға болатындай.

Ғалым өзі жинаған деректердің басын құрап «Өткен өмірлерін естерінде сақтаған сәбилер» атты кітап жазады. Ол кітаптың кейіпкерлері тәй-тәй басқан сәбилер болса да, олардың сөздері мен әрекеттері еріксіз таңдай қақтырып таң қалдырады. Жап-жас сәбидің өмірі көрмеген елді мекендер, адамдар туралы дәл айтып берулерінің астарында не бар?

Рейнкарнацияның барылғына дәлелдер

Ливан мемлекетінің Корнаел деген елді мекенінде тұратын Имад Элавар атты сәбидің өткен өмірі жайында айтқан әңгімелері ата-анасын таңғалдырып, бұл жай ғалым Стивенсонға жетеді. Ол Ливанға арнайы келіп, сәбимен жүздеседі. Оның айтуынша, өткен өмірінде сол өңірдегі басқа бір елді мекенде өмір кешкен. Стивенсон бұған көз жеткізу үшін баланы өзі айтқан елді мекенге алып барады. Қызығы сол, сәбидің айтқан сөздерінің бәрі дәлме-дәл келеді. Өмірі көрмеген елді мекенді ол қалай білген деген мәселе басы ашық күйінде қалады.

1951 жылы Индияда тұратын 3 жастағы Сварнлата деген қыз баланың айтқандарын дәлелдеу үшін Стивенсон тағы да арнайы жұмыс сапарына шығады. Өз есімін Бия деп атаған әлгі сәби сол кезде тұрған мекеннен жүздеген шақырым қашықтықтағы басқа провинцияда өмір кешкендігін айтады. Ол, тіпті қандай отбасында тұрғанын, күйеуі мен балаларының атына дейін айтып береді. Содан Стивенсон сәбиді алып әлгі провинцияға сапар шегеді. Үш жастағы қыздың бөтен үйдің ұңғыл-шұңғылына дейін білетіндігі, тіпті, қайтыс болар алдында күйеуінің берген 2 мың руппи ақшасын қайда тыққанын көрсеткені – жұртшылықты да, ғалымды да айран-асыр таңғалдырады.

Ғалым рейнкарнация құбылысын зерттеу бағытында гипнозды да пайдаланып көріпті. 1954 жылы Колорода штатында тұратын Вирджиния Тай деген әйел гипноздың  әсерімен үш ғасыр бұрын Швецияда шаруа отбасында туғанын және өзінің әйел емес, еркек болғанын айтады. Содан кейін ол швед тілінде сөйлей бастайды. Оның айтқандары бейнетаспаға жазылып алынады. Кейін белгілі боландай, өмірі Швецияда болмаған және швед тілін мүлдем білмейтін әйелдің өзі туып өскен өңір туралы айтқандары мен шведше сөйлеген сөздері ғалымның тағы да рейнкарнация құбылысының ақиқаттығына көз жеткізе түседі.

 

 

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика