Рейнкарнация (жалғасы)

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

дінРейнкарнация латынның «қайта туу» деген сөзінен алынған өлген адамның қайта туылатыны жайындағы ғылыми термин. Рейнкарнация, егер зер сала қарайтын болсақ, барлық дәстүрлі діндерде, оның ішінде ислам, христиан діндерінде де бар. Бірақ, ислам, христиан діндерінің өкілдері бұл түсінікті түрлі себептермен алып тастаған.

Рейнкарнацияны теріске шығарудың зардабы қандай?

Өткен мақаламызда Құранда «өлі едіңдер, тірілттік, содан кейін қайта өлтіреміз, соңында қияметте қайта тірілесіңдер» деген аят бар бар екендігін айтқан болатынбыз. Мұнда туу мен өлу екі рет қайталанып тұр. Яғни, туылған адам міндетті түрде өледі, содан кейін қайта тіріледі. Өкініштісі сол, христиан және ислам дінінің өкілдері туу мен өлу осылай екі рет қана қайталанады, содан кейін күнәкар мәңгі тозаққа, ал күнәсі аз пенде мәңгі жұмаққа кіріп, мәңгі қалады деп түсіндіреді. Енді бұл түсініктің қаншалықты толымды екендігіне назар аударып көрелік.

Кез- келген мұсылманнан немесе христианнан «Алла шексіз бе?» деп сұрасаңыз, «Иә» деп жауап береді. Яғни, Алла шексіз. Ал рейнкарнацияны алып тстаған мұсылмандар мен христиандар Алланы шексіз дей тұра, Оны шектеулі етіп қойғандарын сезбейді. Егер барша пенде дүниеге бір-ақ рет келіп, бір рет қана өлетін болса, онда мына дүниенің қандай мәні бар? Және бұл Алланың шектеулілігін көрсетпей ме?  Адамдардың бәрі жан болды, содан кейін оларға тән беріп, тірілтті, сосын өлтіреді, қайта тірілтеді де не мәңгі тозаққа, не мәңгі жұмаққа енгізеді. Сонымен бәрі бітеді. Яғни, осымен тіршілік шектеледі деген сөз. Бұл Алланың шектеулілігін көрсетеді.

Екінші толымсыз жағы: бұрын өмір сүрмеген, сондықтан еш күнә жасамаған, бәрі бірдей жағдайда тіршілікті бастай тұра неге біреу бай, талантты, сұлу, ақылды, бақытты болады да, екінші біреулерді Алла туа бітті мүгедек етіп, не жарымес қылып, болмаса ақылсыз топас етіп немесе жолын жауып бақытсыз жасап қояды? Неге адамдардың мүмкіндігі, өмірдегі жағдайлары әртүрлі? Ислам және христиан діні өкілдерінің бұған берер жалғыз жауабы: «Бәрі Алланың еркінде» болмақ. Әрине, қол-аяғы балғадай, дені сау, бақуатты адамға бұл ұнайды, бірақ туа соқыр немесе бүкір, сал болып төсекке таңылған пендеге өз халінің ұнамасы анық. Сондықтан бұл оған әділетсіздік болып көрінетінінде дау жоқ. Мұның өзі көп адамдар тарапынан Алла пенделерін алалайды екен деген сенімсіздік пен күмән туғызатыны анық. Осылайша, ислам және христиан діндарлары біліп немесе білмей Алланы шектеулі және әділетсіз етіп көрсетіп қояды.

Жақсы болсам өзімнен, жаман болсам өзімнен

Ал егер рейнкарнация бар деп қабылдасақ, онда бұл кереғар мәселе толық және даусыз шешімін тьабады. Енді осыған назар аударып көрелік.  Рейнкарнацияны қабылдайтын буддизм және индуизм діндерінің түсініктерінде адам туу мен өлімнің шексіз айналымында болады. Яғни, ол бір, не екі рет қана туып, өліп қоймай, қашан өзін толық танып, рухани әлемге жеткенше туу мен өлімнің тұйық шеңберінде шыр көбелек айналумен болады.

Бһагавад Гитада: «Құдайдың Түптұлғасы айтты: Сен де, Мен де сансыз көп рет дүниеге келдік. Сол өмірімнің бәрі Менің жадымда сақтаулы, ал сен оларды түгел ұмыттың. Мен ешкімнен тумасам да, Менің бақи тәнім ешқашан тозбаса да және барша тірі жанның Әміршісі болсам да, Мен ішкі қуатым арқылы бастапқы бақи кейпімде фәни дүниеге әр замандарда келіп-кетіп отырамын» ((Бһагавад Гита – Тәңіри білім – 5-6 өлеңдер).

Қасиетті кітаптың осы өлеңдерінен адамның дүниеге бір-ақ рет келмейтінін, шексіз көп туу мен өлімдерді бастан кешетінін аңғару қиын емес. Бұл – Алланың шексіздігінің анық айғағы. Осыдан триллиондаған жылдар бұрын да сіз бен біз болғанбыз, енді жүздеген триллион жылдардан кейін де боламыз. ШЕКСІЗДІК деген, МӘҢГІЛІК деген осы емес пе. Яғни, рейнкарнация Алланың шексіздігін және мәңгіліктігін айғақтап, бекітеді және дәлелдейді.

Рейнкарнацияны мойындасақ, онда бүкір, не соқыр болып туған пенде бұған Алла кінәлі деп санамайды және Жаратқанды әділетсіз деп өкпелемейді. Өйткені, ол бұндай тәнге ие болуына өткен өмірлерінде жасаған күнәларының салдары себеп болғанын жақсы біледі. Қазақтың талантты ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Жақсы болсам өзімнен, жаман болсам өзімнен» деген өлеңі осы рейнкарнацияның нақты көрінісі іспетті. Бұндай жағдайда ешбір пенде өзінің бақытсыздығы үшін Алланы айыптай алмайды, бәрі өзінің әрекетінің салдары екендігін мойындайды. Міне, толымды білім деген де осы.

Біз мәңгі тіршілік иесіміз

Егер сіз ислам немесе христиан теологтарының ұғынымдарын мойындар болсаңыз, яғни рейнкарнацияны алып тастасаңыз, онда біліміңіз толымды болмайды және күндердің күнінде міндетті түрде тұйыққа тірелесіз. Өйткені, бір-ақ  рет туып, өлетін және осы қысқа ғұмырында жасаған күнәлары үшін МӘҢГІ ТОЗАҚҚА түсетін пенденің қорқынышы зор болмақ.

Қазір адамдардың 99 пайызы МӘҢГІ ТОЗАҚ ОТЫ дегенге мүлдем дерлік назар аудармайды. Ал мәңгі тозақтың қандай болатынын ойлап көріңізші. Сонда бұның қаншалықты қорқынышты екендігін түйсінер едіңіз. Таяуда мен моншаға бардым. Оның парын жағушылар өздері береді екен. Іші буланып, қайнап тұр. Жүрегі нашарлау адамдар босағада бүкшиіп отырып, шыдай алмай шығып жатты. Ал сәл шыдамдылары төменгі сатыға әзер көтеріліп, жүрелеп отырысты. Ешкім денелерін сыпырғышпен соғынған, тіпті оны ойлаған да жоқ. Өйткені, пар өте ыстық еді. Ал енді ТОЗАҚТЫҢ ОТЫНЫҢ қандай болатынын ойлап көріңіз. Дәл сол пардағыдай қайнаған қапырық ыстық және одан сіз ешқайда қаша алмайсыз және ол МӘҢГІГЕ созылады. Бұған пенденің шыдауы мүмкін бе???  Өте қиын жай.

Ал рейнкарнация пенделерге ҮМІТ ОТЫН сыйлайды. Бұл түсінік бойынша: сіз күнәңіз үшін мыңдаған, тіпті миллиондаған жыл болсын азап шегесіз, бірақ содан кейін күнәңізден тауқыметіңіз арқылы тазарған соң қайта тән алып, өмірді одан әрі жалғастырасыз. Яғни, Алла адамдарға осылайша ШЕКСІЗ КӨП МҮМКІНДІК БЕРЕДІ. Өткен өмірде жасаған қателігіңізді енді жасамауға тырысасыз. Әділдік деген осы емес пе?

Және бұл Алланың Құрандағы бір есімі – АР РАХИМ, яғни РАХЫМДЫ екендігінің дәлелі емес пе. МӘҢГІ ТОЗАҚҚА салатын Алла рахымды ма, жоқ күнәсінің мөлшеріне қарап жазалап, содан кейін тағы да, солай шексіз көп мүмкіндік беретін АЛЛА РАХЫМДЫ ма?  Осыны ақылға салып салыстырып байқаңыз. Содан кейін рейнкарнация деген түсінікті қабылдайсыз ба, жоқ әсіре діндарлардың соқыр сенімін жақтап, сол түсінікте қаласыз ба – оны өзіңіз шешіңіз.

Блогымызда «Тылсым ілім» айдарымен сіз бұрын естіп, білмеген көптеген құпия, тылсым жайлар туралы айтатын боламыз. Блогымыздағы жаңалықтарды жіберіп алмаңыз.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика