959 көрілім

өзіндік даму1Адамның күштілігі тәнінің алыптығына, салмағының ауырлығына байланысты емес. Адамның күштілігі – рухында. Рухы күшті адам – дене күші мол, бірақ жігерсіз жанды билеп-төстеп бағындырып алады. Адамның өмірде ойына алған мақсаттарына жетуі рухани қуатына байланысты.

Рухы әлсіз адамның болашағы бұлыңғыр

Араққа салынған қырықтың қырқасындағы отбасылы бір жігітті кеше жұмыстан шығарып жіберді. Ол жұмысқа қыста орналасқан болатын. Бір айдай дұрыс жұмыс істеді. Сосын алғаш ақша алған күні араққа бас қойып, содан жұмыс жайына қалды. Жалпы, журналист мамандар бүгінде қай жерде де тапшы. Осыған орай, редактордың орынбасары екеуміз редакторға кіріп, әлгі ішкіш жігітті жұмысқа қайта алуын сұрадық. Ол арағымды тастаймын, адам боламын деп уәдесін берді.

Содан оны жұмысқа қайта алды. Арада екі айдан астам уақыт өткенде ол тағы араққа салынды. Алдымен бір жеті «ауырдым» деп жоқ болып кетті. Рас, ауырғаны туралы анықтама қағазын әкелді. Әрине, ақша берсең бүгінде анықтама дегенді оңай жаздырып алуға болатыны түсінікті. Содан оның «ауруы» көбейіп кетті. Ақырсында, бір жұмыс сапарында барғанда арақ ішіп, бетімен лағып кетіпті. Содан оны жұмыстан тағы да қуып шықты.

Бала-шағасы бар бұл жігіттің жайы енді не болмақ?  Барлық жерде қысқартулар, осындай жағдайда жұмыс табудың оңай болмасы анық. Сонда не істемек? Өкінішке орай, осындай араққа салынып, әйел-балаларын тағдыр тәлкегіне тастап қаңғып жүрген еркектер көбейді. Балаларын тастап маскүнемдікке салынып жатқан әйелдер де аз емес.

Араққа салыну, ішпесе жүре алмайтын дәрежеге жету – рухани әлсіздіктен болатыны даусыз. Рухы мықты адам арақтың залалын көрген соң оны тастауға ерік-жігерді оңай табады. Ал. Рухани әлсіз пендеде жігер болмайды, сондықтан залалын көре тұра, содан тауқымет тартып жүрсе де арақты қоюға қауқары жетпейді.

Рухани қуатты қайдан аламыз?

Рухани қуатты алудың жалғыз жолы – діни шарттарды орындау, яғни Құдайға құлшылық ету. Рухани қуатты Алла береді. Басқа жолмен біз рухани қуат ала алмаймыз. Шын жүрегімен құдайға құлшылық еткен адамның бойында ақырындап рухани күш жиналады. Сөйтіп, ол нәпсісін бағындырып, сезімдеріне бақылау жасайтын болады.

Арақ ішпесе жүре алмайтын бір жігіт бес уақыт намаз оқып, мұсылмандыққа ден қойған соң арағын мүлдем тастап кетті. Ол емделген де, әлдекімдер сияқты кодталған да жоқ. Жүрегіне имандықлық ұялған соң адам арақ сияқты жаман нәрседен еш қиындықсыз бас тарта алады.

Рухани күшті болғыңыз келсе, нәпсіге ермей, сезімдеріңізді бақылайтын, яғни сезімнің қожайыны болғыңыз келсе – онда имандылыққа жүзіңізді бұрыңыз. Жалғыз имандылық қана адамды рухани күшті етеді.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика