1 148 көрілім

мақсатСәтсіздіктің бәрі жеңіліс, сәттіліктің бәрі жеңіс емес. Қателіктерінен сабақ алған адам, жеңілісін жеңіске айналдырады. Роберт Киосаки сәтсіздіктерін өзіне жол көрсетіп, бағыт-бағдар берер ұстазым деп атауы тектен тек емес. Әрбір сәтсіздіктің астарында қателік тұратыны анық. Зерделі адам сәтсіздікке күйініп, болашақтан күдер үзбейді, керісінше сол сәтсіздіктің себебін түсінуге, сол арқылы қателігін айқындауға және болашақта ондайға жол бермеуге талпынады.

Байлық бақыт әкелмейді

Америкалық бір талдау орталығы лоторея билетінен аса ірі ұтысқа ие болған адамдардың жайын талдап көріпті. Сонда анықталғаны мынау: лотореядан миллиондаған доллар ұтқан «бақытты» жүз адамның 98-і бір жылдың ішінде бар байлығынан айрылып, бұрынғыдан да жаман жайға тап болады екен. Мұның астарында не бар? Ақыл-ойы кедей пендеге мол байлық бітсе оны қалай, қайда жұмсау қажеттігін түсінбейді де, аз уақыттың ішінде бар байлығынан айрылмақ.

«Побег» деген американдық сериалдың кейіпкері түрмеден қашып шығып, бір қап ақша тауып алады. Ол қонақүйдің қымбат бөлмесін жалға алып, бірнеше жәшік арақ-шарап сатып алып, жезөкше қызбен ойына келгенді жасайды. Сөйтіп ақыл-естен айрылған әлгі көп ұзамай ақшасынан айрылып, қайтадан түрмеге түседі. Ақыл-ойы тайыз пендеге біткен ақша, тастақ, құнарсыз жерге себілген дән сияқты ешқандай жеміс бермейді. Сондықтан ең алдымен, адам ақыл-ойын өзгертуі қажет.

Байлар басқаша ойлайды

Бүгінде бай-бақуатты болғысы келмейтін адам жоқ. Бірақ олардың бәрі бірдей мұндай игілікке ие болу үшін ең алдымен сананы өзгерту қажеттігін түйсінбейді. Егер сіз ақшаны үнемді және дұрыс пайдаланып, тапқан ақшаңызды сақтап қана қоймай, оны онан әрі молайтудың амал-тәсілдерін игермесеңіз, онда аспаннан алтын жауса да, аз уақыттың ішінде бәрінен жұрдай болып айрыларыңыз даусыз.

Байлар басқаша ойлайды дейді «Милллионерше ойлау» курсының авторы Алекс Яновский. Мәселен, жоғарыда айтқан Роберт Киосакидің «сәтсіздік менің ұстазым» деуі қарапайым пенделерге ақылға қонымсыз болып көрінері анық. Қарапайым адам сәтсіздіктен барынша аулақ қашып жүруге тырысады. Жөпелдеме сәтсіздікке ұшырай қалса, соған қатты күйініп, болашақтан күдер үзе бастамақ.

Ал бақуатты адам сәтсіздігінің астарына үңіліп, бұл қателік қайдан, не себепті болды деп түсінуге тырысады және бұндай қателікке алдағы уақытта жол бермеудің амалын жасайды. Осылайша ол әрбір сәтсіздігінен сабақ алып, ақырындап биікке көтеріле бермек. Мұндай жанның алдынан байлыққа бастар жолдың айқара ашылары даусыз. Яғни, қателіктерін ұстазы ретінде қабылдайтын адам сәтсіздігін жеңіске айналдырмақ.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика