1 250 көрілім

Жеке басты жетілдіру немесе ақыл-ойды биік өлшемге көтеру бүгінде өмірде жақсы нәтижеге жетіп, бақытты болғысы келетін әрбір адамды бей-жай қалдырмайтын ғылым болып табылады. Жеке басты жетілдіру уақыт өткен сайын кең таралып, онымен айналысатындар қатары еселеп өсуде.
Мұның өзі бұл саланың жәй қияли ойдан шығарылған нәрсе емес, өмірде жүзеге асыру арқылы нақты нәтижеге жеткізетін ғылым екендігін айғақтай түседі. Билл Геитс, Уоррен Баффет сияқты қайыршыдан ханзадаға айналғандардың қол жеткен нәтижесі басқа кездейсоқ қонатын бақ құсы туралы ертегіні жоққа шығарады.

Сәтсіздік алдындағы қорқыныш – болашағыңызға балта шабады.

Табысқа жетудің кілті – нық сенім. Ойына алған мақсатының орындаларына сенген адамның мақсаты міндетті түрде жүзеге асады. Арман,-мақсатына жете алмай жүрген жандардың ең үлкен қателігі – сенімнің аздығы немесе жоқтығы. Мақсатқа жетуге деген нық сенімнің болуына кедергі жасайтын нәрсе – қорқыныш.
Белгілі инфобизнесмен, жеке басты жетілдіру бағытында көптеген кітаптар жазған Джо Витале қорқыныш екі түрлі сипатта көрініс береді дейді. Біріншісі – сәтсіздікке ұрынып қаламын-ау деген қорқыныш болса, екіншісі табысқа жетуден қорқу.
Сәтсіздікті көп адамдар өлім үкіміндей көріп, одан өлердей қорқады. Егер сәтсіздікке ұшырап, ақшамнан немесе басқа да игіліктерімнен айрылсам, ол өліммен тең деп түсінетіндер көп. Мұндай ой сәтсіздіктің астарында біз үшін қандай игіліктер жататынын түйсінуге кедергісін келтіреді.

Сәтсіздік – біздің ұстазымыз.

Ең бастысы – сәтсіздік деген бұл біздің өміріміздің аяқталуы емес. Шындығында бұл Жаратқан тарапынан біздің жіберген қателіктерімізге орай жасаған ескертуі іспетті. Қателеспейтен адам жоқ. Сіз де мақсатыңызға жету жолында қателіктерге ұрындыңыз.
Бірақ сіз оның қандай қателік екендігін түйсінбейсіз. Жіберген қателігіңіздің салдары сәтсіздік түрінде алдыңыздан шығады. Зерделі адам мұндай жағдайда асып-саспайды, түңілмейді, керісінше неге бұлай болды деген сауалдың жауабын қарастырады.
Осылайша бәрін ақыл таразысына сала келе, сіз өз қателігіңізді ұғынасыз. Келесі жолы енді ондай қателікке жол бермейтін боласыз. Ал оның нәтижесі – сәттілік болып алдыңыздан шығады. Яғни, сіз сәтсіздігіңіз арқылы жіберген қателігіңізді түсініп, олқылықты жойдыңыз. Сөйтіп жақсы нәтижеге қол жеткіздіңіз.

Табысқа жетуден қорқу.

Бүгінде адамдардың ой-мақсаттарына қол жеткізуіне кедергі келтіретін себептердің бірі және бірегейі – табысқа жету алдындағы қорқыныш. Бір қарағанда бұл ақылға сиымсыз іс сияқты көрінері анық. Адам неге ойына алған шаруасының сәтті аяқталып, жақсы нәтижеге жетуінен қорқады?
Мұның астарында тағы да сол адамның бітіспес жауы – қорқыныш сезімі тұр. Бұндай жағдайда қорқыныш алдын ала жамандықты сезіну түрінде бой көрсетеді. Жолы болып, жақсы нәтижеге жетіп жүрген адамның санасында кенеттен күдік пайда болады. Күмән, күдік түрінде бой көтеріп, жамандықтың боларын сезіну кейпінде санасын билеген қорқыныш пендені қателік жасауға ұрындырады.
Оның ақыры сәтсіздікпен аяқталып жатады. Мұндайда адамдар «осылай боларын сезіп едім, жүрегім бір сұмдықты сезінгендей болып еді» деп іштей тағдырды айыптап өкінішті ойларға берілмек.

Болашақтан таңғажайып күтіңіз.

Санаңызды билеп, сәттілік пен сәтсіздіктің алдындағы қорқыныш пен күдіктен арылудың жолы – оған мән бермеу. Егер сіз ойыңызға алған шаруаны орындай алмасам не болады деген сияқты ойлардан аулақ болып, істің нәтижесіне байланбасаңыз, қорқыныштан да, күмән-күдіктен де аулақ боласыз.
Ойына алған мақсатына жету немесе жетпеуді ойлап, уайымдамайтын адам үнемі ертеңгі күннен жақсылық күтуді әдетке айналдырады. Санасында осындай сенім мен үміт ұялаған пенденің өмір жолы ашылып, шындығында таңғажайып игіліктерге кенеліп жатады.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика