1 035 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

Өмір жолы тақтайдай тегіс болады деп түсіну — аңғалдық. Кейде үш ұйықтасақ түсімізге кірмеген жайларға тап болып жатамыз. Яғни, өмір біз ойлағаннан гөрі, күрделі. Мақсат биігінен көрініп, ойға алғаны орындалып жататын жандарға бәріміз қызыға, шындығында қызғана қараймыз. Шын мәнінде, бізге өмір жолдары тақтайдай тегіс көрінетін «жолы болғыш» адамдар сәтсіздіктерінен сабақ алып, ойға алған мақсаттарында табандылық танытудың арқасында сондай биіктерге көтерілетінін көпшілік ескере бермейді.

Ертеңгі биіктерге шығаратын баспалдақ бүгін жасалады.

«Жолы болғыш» адамдардың өмір тәжірибесі көрсеткендей, олар өз болашақтарын өздері жасайды. Жұрт ойлайтындай кездейсоқ бақ құсының арқасында жеңіл табыстарға жету – бұл ертегіде ғана болатын ойдан шығарылған қиял. Шынайы өмірде бәрі өзіңіздің адал еңбек, маңдай теріңіздің нәтижесінде жасалады.
Егер сіз ертеңіңіз үшін бүгін пайдалы іс жасамасаңыз, онда ертеңгі күні кездейсоқ игілік күтіп тұрады деу жаңсақтық. Мәселен, сіз жұмысқа бармай бір ай үйіңізде жатып алдыңыз делік. Содан кейін сізге бастығыңыз сол күндер үшін жалақы төлей ме? Әрине, жоқ. Сол сияқты егер сіз болашағыңыз үшін пайдалы шаруалар жасамасаңыз, болашақта сізді ешқандай игілік күтпейді. Бұл – шындық.
Сондықтан ертеңгі болашағыңыз үшін пайдалы істер жасасаңыз, оны болашақта міндетті түрде табасыз. Мен жас шағымда жоғары білім алуды армандадым. Тоғыз рет жоғары оқу орнына құжат тапсырып, құлап қалдым. Оныншы рет әупіреммен оқуға түстім. Яғни, болашағым үшін біраз еңбектеніп, тер төгуге тура келді. Оның нәтижесі қандай? Мен жоғары оқу орнын бітіріп, жоғары білім алдым және маман болдым. Қазір соның зейнетін көріп отырмын.
Ал менімен бір сыныпта оқыған жігіт бір рет жоғары оқу орнына құжат тапсырып, құлаған соң сәтсіздіктен түңіліп, қара жұмысқа түсті. Қазір оның мамандығы жоқ. Ауылда тұрады және тұрақты жұмысы жоқ, тұрмыс жағдайы да мәз емес.

Құрметті оқырман! Ақиқат блогы бес жылдан бері жұмыс істеп келеді, түрлі тақырыпта мыңға жуық мақалалар жарияланған. Сайттан сіз көптеген пайдалы ақпараттар ала аласыз. Сізге өтініш: бірер минут уақытыңызды бөліп, сайттың оң жақ қанатындағы жарнамалық баннерлерді басып, ашылған сайтқа кірсеңіз. Осындай қарапайым әрекет арқылы сіз сайтты ұстауға үлкен көмегіңізді тигізер едіңіз. Алған пайдалы ақпаратыңыз үшін алғысыңызды осылай білдірсеңіз.

Сәтсіздіктен сабақ ал.

Осыдан бір жыл бұрын ашқан «Мен инвестормын» блогы украйндық хостингтің кесірінен жабылып қалды. Бірлігі жоқтың, берекесі жоқ дегендей, өзара қырқысып соғысып жатқан бұл елде қазір қылмыс пен берекесіздік әбден белең алған сияқты. Украйндық хостингтің қызметін пайдаланғаныма қатты өкінемін. Соның кесірінен бір жылғы еңбегім зая кетті.
Сәтсіздіктен алған сабағым: енді қайтып ешқашан Украинаның интернет қызметіне иек артпаймын. Сондай-ақ, берекесі кеткен бұл елдің ақпарат бизнесмендерімен де мәміле жасаудың қажеті жоқ. Дұрысы, қазақстандық немесе ресейлік сервистердің қызметін пайдалану. Олар сенімді.

Жамандықтың бір жақсылығы болады.

Менің бұл сәтсіздігімнің жағымды екінші жағы бар сияқты. Бұрынғы блогым бір саланы ғана қамтитын. Енді барлық саланы қамтитын еркін тақырыптағы блог ашып, жүргізуді қолға алдым. Сондай-ақ, бәрін қайтадан басынан бастау – өз күшім мен қарым-қабілетімнің қаншалықты екендігін дәлелдеуге жағдай жасайды деп ойлаймын.
Американдық инвестор Роберт Киосаки екі жылда бір миллион доллардан астам қаржы табады. Бірақ бар қаржысынан ол бір-ақ күнде айрылады. Осы соққыдан мен бір жылға дейін өзіме өзім келе алмай жүрдім деп есіне алады ол. Арада екі-үш жыл өткенде Киосаки тағы да бірнеше миллион доллар тауып, енді бизнесін аяғына қойдым дегенде, тағы сәтсіздікке ұшырап, жиған-тергенін түгел жоғалтады. Бұл жолы ол бір айдай ғана қиналады.
Сәтсіздік біздің өмірге деген көзқарасымызды өзгертіп, бар уақытта кездесетін қиындықтарға әзір болуға дайындайды. Сәтсіздіктің арқасында адам қиындықты жеңіп, қателіктен сабақ алуды және күш қуатын тез шоғырлап, жедел биіктерге көтерілуді үйренеді.

Артық салмақтан арылу, сұлу, сымбатты болып, өзіңізді әрдайым сергек сезіну, аурулардан аулақ болып, денсаулықты нығайту, халық емшілігі - осылардың бәрін сіз мына сайттан таба аласыз (сілтемені басып сайтқа кіріңіз): https://eatsdiet.ru/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика