Сөз құдіреті

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

ашуБір ауыз сөзбен адамды бақытты етуге де, көңілін қалдырып, мәңгі жау етуге де болады. Ұлы Абай «тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады» деп текке айтпаған. Өкінішке орай, адамдардың басым көпшілігі сөздің осы құдіретін жете түсінбей, өздеріне де, өзгелерге де залалын тигізіп жатады.

Аз сөз алтын

Қазақта «аз сөз алтын, көп сөз көмір» деген сөз бар. Көп сөйлеген адамның ішінде сыр қалмайды. Ол ішек-қарнына дейін өзгелерге көрініп тұратын рентген аппаратына түсірілген адам сияқты. Бақа күн ұзақ бақылдайды. Оның даусын естіген жылан жақын келіп, бақылдаған бейшараны жұта салады. Сөйтіп бақа бақылдау арқылы өзіне ажал шақырады.

Сол сияқты адамдардың көбі ауыз жаппай көп сөйлейді және сөздерінің мәні жоқ не болса, соны айтады. Сөйлеуге де адам қуат жұмсайды. Яғни, көп сөйлеген пенде қуатының көбін бостекі сөзге жұмсап, ысырап қылады. Ал көп сөзінің жеке басына еш пайдасы жоқтығы өз алдына, өтірік-өсек айтамын деп әлдекімдерге жеккөрінішті болып жатады.

Ер адамдарға қарағанда әйелдер көп сөйлеуге әуес. Дегенмен, соңғы кездерде әйел мінезді, яғни өте көп сөйлейтін еркектер қатары көбейді. Ертеректе қазақта «ер аз сөйлеп, көп тындырады» деген нақыл болған. Қазір керісінше, өте көп сөйлеп, ештеңе тындырмайтын еркектер көп.
Мен бір кісіні білемін. Қолында тәп-тәуір билігі бар әлгі өте көп сөйлейді. Таңертеңнен кешке дейін жағы талмай тақылдайды да отырады. Қызығы сол, оны танитындардың көбі әлгіні иттің етінен жек көреді. Неге десеңіз, оның сөзінің көбі өсек-аяң, біреулерді қаралау, жамандау, өзін өзі көкке көтеріп мақтау болып келеді.

Сөз адамға қалай әсер етеді?

Екі көзі соқыр бір кісі адамдар жиі жүретін орында таңертеңнен кешке дейін отырып, қайыр сұрайтын. Оның жанында картон қорап тұрады. Онда жұрт салған ұсақ тиындар жатады. Әлгі кісі мойнына «мен соқырмын, құдай үшін көмектесіңдер» деп жазылған қатырма қағаз ілінген.
Олай-бұлай өтетін адамдардың арасында соқырды аяп, тиын-тебен тастайтындар сирек. Содан болар, ол ерте келіп, кеш қарайғанша отыратын. Бәлкім біреулер мейірі түсіп, бірдеңе беріп қалар деген үміт оны осылай қысы-жазы күнұзақ отыруға итермелейтін болса керек.

Бірде әлгі кісінің жанына келіп тоқтаған қыз оның мойнына ілген қатырма қағазын сұрады. Бұл неге керек деген оймен таңданса да, соқыр оған қағазды берді. Әлгі қағаздағы жазуды басқа жазумен өзгерткен қыз қатырма тақтаны өзіне қайтып берді де жөніне кетті.

Сол-ақ екен жанындағы картон қорапқа тиындар қарша жауды. Өткен-кеткендердің бәрі дерлік тоқтап, тиын тастайды. Осылайша кешке дейін оның картон қорабы тиынға толды. Мұның себебін түсіне алмаған соқыр аң-таң. Кешкісін жұмыстан қайтқан бағанағы қыз оның қасына келіп тоқтады. Содан кейін «міне, көрдіңіз бе, енді бәрі басқаша» деді.

Оның даусынан таныған соқыр «сен не істеп қойдың, маған осы арадан өткен жұрттың бәрі тиын тастап жатыр» деді таңырқап. Қыз оған «мен бар болғаны мойныңызға ілінген тақтатағы сөзді басқа сөзге ауыстырып жаздым» деп жауап берді. Ол бұрынғы сөздің орнына «мына дүние қандай тамаша, бірақ мен оны көре алмаймын» деп жазған еді.

Оның мына сөзі өткен-кеткендердің бәрінің жүрегін елжіретіп, қатты әсер етті. Аяушылық сезіміне бөленген адамдар күнде көз салып қарамайтын әлгі кемтар жанға аяушылық танытып, картон қорабына тиын салды.

Жақсы сөз жан семіртеді

«Жылы-жылы сөйлесең, жылан іннен шығады, қатты-қатты сөйлесең, мұсылман діннен шығады» деген сөз бар. Жылы сөз кез-келген адамға жағымды әсер етеді. Керісінше, қатты сөзді ұнатпай қабылдайтыны өз алдына, оған қатты жауап айтып, сол сөзді айтқан адамның өзіне тіл тигізетіндер көп.

Егер айналаңыздағы жандармен жылы қарым-қатынаста болып, өмірім тыныш, бейбіт болсын десеңіз, әрдайым жылы сөйлеп үйреніңіз. Қатты сөзбен сіз ешкімді түзу жолға сала алмайсыз, керісінше өзіңізге өзгелерді жау етіп аласыз. Жоғарыда айтқан менің танысым сияқты ол кезде жұрт сізді жеккөретін болады.

Айтылған сөз бізге бағынбайды, ол еркімізден шығып кетті. Ал айтылмаған сөзге біз қожайынбыз. Оны айтамыз ба немесе айтпай қоямыз ба, болмаса жаман сөзді жақсы сөзге ауыстыра айтамыз ба – бәрін өзіміз шешеміз.  Әр сөзіңізді ойланып, ақылмен айтуға тырысыңыз, аз және саз сөйлеңіз, сонда досыңыз көп, дұшпаныңыз жоқ болады және тыныш, бейбіт тірлік кешесіз.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика