277 көрілім

скрин7Интернеттің жұрттың бәріне қолжетімді болуына орай, сайт қызметінің ауқымы жыл санап кеңейіп келеді. Бүгінде мекемелер мен ұйымдар ғана емес, жеке адамдар да өздерініңс айттарын, жеке блогтарын ашып, жұмыс жасап жатыр. Сайт арқылы әр адам өз ой-пікірлерін халыққа жариялап, пікірлестерін жинауға мүмкіндік алады. Одан қалды, сайт арқылы жақсы табыс табуға да болады. Бәлкім сіз де, алдағы уақытта өз сайтыңызды ашқыңыз келетін шығар. Бұндай жағдайда сайтқа мақаланы қалай жариялайтыны жөніндегі суреттерімен қадамдап түсіндірілетін мақала сіз үшін таптырмас әдістемелік құрал болады.

Сайтқа мақаланы жариялау

Сайт түрлі дайын бағдарламалар арқылы жасалады немесе қолынан келетін бағдарламашы болса, оның бастан-аяқ штмл немесе сс деп аталатын сайт құрылымы арқылы жасап шығаруына болады. Өз басым вордпресс бағдарламасын пайдаланып, сайт жасаймын. Ол қолжетімді және қарапайым. Бұл бағдарламаны пайдаланып кез-келген адам өз сайтын жасауына болады.

Енді мен сізге өз сайтымда жаңа мақаланы қалай салып, жариялайтындығын нақтырақ айтып берейін. Ең алдымен сіз сайтыңыздың атауы және оған жалғанған wp-admin сілтемесі арқылы бетке кіресіз. Онда екі терезе болады. Үсіңгісіне сайтыңызды тіркегенде өзіңіз қойған логинді, ал астыңғы терезеге кілтсөзді (пароль) енгізіп, «ок» кнопкасын бассаңыз админге, яғни өзіңіздің сайтыңызды басқару парақшасына кіресіз.

Оның сол жақ қанатында бірінің астына бірі жазылған жазбалар болады. Жоғарыда «Записи» деген жазу тұрады. Соны басқанда мынадай жазбалар шығады:

скрин-1

 

 

 

Жоғары жағындағы «Добавить новую» деген жазуды басу арқылы мынадай бетке кіресіз:

скрин-2

 

 

 

 

 

 

Ең алдымен сол жақ қанаттағы рубрикалардың арасынан өзіңіз жариялайтын жазбаның мазмұнына сай рубриканы таңдап, оған белгі қоясыз (менің сайтымда ол «Білім» рубрикасында тұр).

Осы беттің жоғары жағындағы терезеде «Введите заголовок» деген жазуға мақаланың тақырыбын көшіріп әкеп орнатасыз немесе қолмен жазып шығуға да болады. Ал төменгі жағындағы үлкен ақ терезеге мақаланың толық мәтінін көшіріп әкеп саласыз. Егер сіз мақаланың жоғары жағын бөліп тастап, басты бетке сол бөлікті ғана ышғарғыңыз келсе, сол бөлетін жерге курсивті қойып, осы беттегі жоғарыда тұрған таңбаларыдң арасынан арасы теремен бөлінген екі қара сызықты басасыз. Сонда мақала бөлінеді.

скрин-3

 

 

 

 

Одан әрі мақаланың жоғарғы жағына тақырыпқа сай сурет салғыңыз келсе, жоғарыда тұрған мына кнопканы басыңыз:

скрин4

 

Одан әрі ашылған беттің жоғары жағындағы «Загрузить файл» және «Библиотека файлов» деген жазудың бірін басуыңыз қажет. Егер сіз папкаңызда сақталған суретті салғыңыз келсе, онда «загрузить» дегенді басып, папкаңыздағы суретті жүктейсіз. Ал бұрын жарияланған мақалалардағы библиотекада сақталған суреттің бірін қайта пайдаланғыңыз келсе онда «Библиотека файлов» деген кнопканы басуыңыз керек болады.

скрин5

 

Рубриканы анықтап, тақырыбын қойып, мәтінді салдыңыз, қалаған суретіңізді жүктеп орнаттыңыз, енді қалғаны – жариялау, яғни мақаланы жариялауыңыз қажет. Ол үшін оң жақ қанаттағы көкпен жазылған «Опубликовать» деген мына кнопканы бассасыз.

скрин6

 

Міне, осыдан кейін шаруа бітті деп санауға болады. Сайтыңыздың басты бетіне шығып қарағанда, жаңа ғана салған мақалаңыздың тұрғанын көресіз. Оны сіз ғана емес, енді барша жұрт оқи алатын болады.

Сайтпен жұмыс істеу бір қарағанда соншалықты күрделі сияқты көрінгенмен, бірер рет қолыңызбен атқарған соң жақсы меңгеріп кетесіз. Кейін келе мақаланы жариялау ғана емес, ондағы кейбір сөздерді сілтемеге айналдыру, мәтін арасына видео салу сияқты шаруаларды да жеңіл атқаратын боласыз. Жалпы, сайтпен жұмыс істеу шығармашылық еңбек саналады және ол адамға қанағат сезімін әкеледі. Өйткені, сіз өзіңізді әрі редактор, әрі тілші, әрі дизайнер сияқты сезінесіз және еңбегіңіздің нәтижесін де бірден көресіз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика