184 көрілім
Жылына валютамен 22-25 пайыз өсім беретін шет елдік депозит. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алуға болады:  http://kalkoz.bget.ru/?p=30#more-30

Интернетте орыс тілінде сайт жасауды үйрететін курстар жетіп артылады. Қазақ тілінде ондай курстарды әлі кездестірген емеспін. Әрине, кәсіби жоғары деңгейде сайт жасау үшін һтмл кодты түсініп, тек түсініп қана қоймай оны жазуды меңгеру қажет. Бұл өте күрделі және біраз уақытты қажет ететін шаруа. Дегенмен, қазір интернетте дайын движоктар аз емес, солардың көмегімен оп-оңай сайт жасауға болады.

Сайтқа деген қажеттілік барған сайын артып келеді

Қазіргі күні мемлекеттік органдарды былай қойып, кез-келген мекеменің өз сайты бар. Бала бақшаның, мектептің, тіпті коммуналдық қызмет көрсететін кәсіпорындардың сайттары жұмыс істейді. Сайт не үшін қажет? Сайт – бұл интернеттегі мекеменің, не жеке адамның мінбері. Мінберің болмаса сөйлей алмайсың, ешкімге дауысыңды естірте алмайсың. Яғни, өзіңнің қызметіңді, сататын тауарыңды, атқарып жатқан жұмыстарыңды халыққа көрсету үшін интернеттегі өз мінберің, яғни сайтың болуы шарт.

Қазақ тіліндегі сайттар саны да уақыт өткен сайын көбейіп келеді. Осыған орай, сайт жасаушыларға, оны жүргізушілерге деген сұраныс та арта түсуде. Алдағы уақытта бұл сұраныс көбеймесе, азаймайтыны анық. Бұдан сайт қызметінің болашағының зор екенін сезінуге болады.

Сайт арқылы ақша табуға бола ма?

Кәсіби деңгейде өз сайтыңызды жасап, жүргізетін болсаңыз, одан жақсы табыс табуға болады. Бірақ, сайтты жүргізген саң бірер айдан кейін табыс сізге ағылып келе салмайды. Алдымен сайттың рейтингін көтеріп, оқырмандар санын арттыру қажет. Күніне 1000, одан да көп оқырман кіретін деңгейге жеткен кезде сайтыңыз сізге ақырындап ақша түсіре бастайды.

Сайт арқылы ақша таблудың ең кең тараған түрі – жарнамалық баннерлер мен мәтіндер беру. Сіздің сайтыңызға күніне 1000-нан астам оқырман кіреді делік. Осыны көрген бір кәсіпкер сізден өз жарнамасын жарнамалауды сұрайды. Ақысына келісіп алған соң, сіз сайтыңызға әлгі кәсіпкердің жарнамалық баннерін орнатып қоясыз. Келген оқырмандар күн сайын кәсіпкер ұсынған тауарлар мен қызметі туралы жазылған жарнамалық баннерді көреді. Олардың арасынан қызметті, не тауарды сатып алғысы келетіндер табылып қалатыны анық.

Сайт арқылы табыс табудың екінші түрі – ақылы мақалаларды жариялау. Бір кәсіпкер өзінің жарнамалық сипатта жазылған мақаласын сайтыңызға жариялауды сұрайды. Әрине, тегін емес. Бағасына келісіп, ақысы төленген соң сіз дайын мәтінді сайтыңызда жариялайсыз.

Сайт арқылы табыс табудың тағы бір түрі – интернетте көп кездесетін түрлі әріптестік сервистерге қатысып, олардың тауарлары мен қызметтерін өз сайтыңызда жарнамалау. Ақырсында, сіз өз ақпарат тауарыңызды, яғни электронды кітаптарыңыз бен видео-аудиосабақтарыңызды сайтқа келген оқырмандарыңызға сатуға ұсынасыз. Бұдан да жақсы табыс табуға болады.

Ал, қазақстандық сайттардың біразы мемлекеттік ақпарат жөніндегі тендерлерге қатысып, сол арқылы да ақша тауып жатады. Бұндай жағдайда сайтыңыздың мазмұны конкурс шарттарына жауап беретіндей мазмұнда болуы тиіс.

Сайт жасап үйренгіңіз келсе

Өз басым сайт жасау жөніндегі бірқатар тегін және ақылы курстарда оқып, біршама білім алдым. Ол білімді тәжірибеде қолданып, өз сайтымды ашып, біраз жылдардан бері жүргізіп келемін. Сайтпен жұмыс менің негізгі шаруам болмаса да, жұмысымның арасында  сайтты жүргізуге үнемі көңіл бөліп тұрамын. Қазіргі күні «Ақиқат» деп аталатын жеке блогым (блог деген белгілі бір тақырып бойынша жүргізілетін сайт) қазақстандық сайттардың рейтингін жасаумен айналысатын зеро.кз сайтындағы 10 мыңнан астам сайттардың арасында ең үздік 300-дің санатында. Күн сайын сайтыма 500-ден 1000-ға дейін оқырман кіріп отырады. Сайтым арқылы көп болмаса да, біршама табыс табамын. Негізгі табыс өзім қатысатын МЛМ компания өнімдерін жарнамалаудан түседі.  

Менің өз оқырмандарыма арнап сайт жасау, оны жүргізуді үйреніп, меңгеруге байланысты қадамдап түсіндіретін қазақ тіліндегі видеокурсты жүргізсем деген жоспарым бар. Әрине, тегін емес. Бағасы – 20 мың теңге. Белгілі бір мөлшерде ынталы адамдар жиналған кезден бастап, курсты жүргізсем деген ойым бар. Сіз аптасына бірнеше видеосабақ және үй тапсырмасын аласыз. Видеосабақтан көргеніңізді тәжірибе жүзінде қолдана отырып, қысқа уақыт ішінде сайт жасаудың, оны жүргізудің қыр-сырын толық меңгеріп шығасыз.

Бұл біліміңізді сіз екі түрлі мақсатта пайдалануыңызға болады: 1-шіден, мекемелер мен ұйымдарға сайт жасап, оны жүргізуге көмектесуге, 2-шіден, сайтыңыздың рейтингін көтеріп алып, тендерлерге қатысу, жарнамалар беру арқылы табыс табуыңызға болады. Жалпы, небары 20 мың теңге арқылы оқып, үйренген курс сіздің болашақта сайтпен жұмыс істеуді меңгеріп, интернет мамандық алуыңызға жағдай жасайды.

Егер бұл ұсыныс сізді қызықтыратын болса, онда kalkoz25@mail.ru электронды поштасына, немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

Қазақ тілінде кез-келген тақырыпта мақала жазуға, кітап шығаруға тапсырыс беруге болады. Ақысы келісімді. 8-701-3001474 телефонына немесе вадсапқа хабарласыңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика