364 көрілім

шәйтанҚасиетті кітапта «аса алдаушы» аталған сайтанды көбіміз мүйізі, құйрығы бар түрі қорқынышты құбыжық санаймыз және бұл мақұлық көзге көрінбей әрекет етеді деп ойлаймыз. Шындығында сайтан өз ішімізде, тіпті адам бейнесінде жүре береді екен. Сайтан-адамдарды біз күнделікті өмірде көріп, қоян-қолтық араласып жүреміз. Бірақ оларды адам деп санағандықтан, іштеріндегі бұғып жатқан арамзалықты сезбейміз.

Жан дүниесі қаратүнек пенделер

Американдық теолог Дэвид Аик сайтан-адаммен алғаш кездесуі жайында былай деп есіне алады. Ол кезде Аик АҚШ-тың бір саяси партиясының  белсендісі болыпты. Саясатпен айналысқан ол бірде Англияның сол тұстағы премьер-министрінің қабылдауында болады. Бұл ресми қабылдау емес, саясаткердің жеке басына байланысты кездесуі болыпты.

-Мен кіргенде үлкен кабинеттің төріндегі креслода шалқалап жатқан премьер-министр менімен амандасқан да жоқ. Мен столға жақындап орындыққа отырдым. Кенет ол маған жүзін бұрды. Көздерін көзіме қадап, қақшиып отыр. Қызығы сол, оның көзінің қарашығы үлкейе-үлкейе көзін түгел жауып кетті. Көздері қап-қара түнек сияқты. Менің іші-бауырымды, жан дүниемді түгел тінткілеп, өмір қуатымды сорып алып жатқандай сезіндім. Тұла бойым қорқыныштан түршігіп кетті.

Кейінірек бір-ақ күнде санасы ашылып, дүниеге басқаша көзқараспен қарай бастаған Дэвид Аик саясатты тастап, дін іліміне ден қояды. Бүгінде ол әлемді аралап, халықпен кездесіп, барша жер шарын билеуге талпынып жүрген сайтан-адамдар жайында айтып, олардан келер қауіпті ескертуде. Дегенмен, оның айтқандарына ден қоятындар бар да, теологты ақылынан адасқан санап, сайтанға да, олар тарапынан туындап жатқан қатерге де сенбей, қаперсіз тірлік кешіп жатқандар бар.

Сайтан-адамдар жанымызда жүр

Мен ол кезде Астанада облыстық газетте қызмет ететін едім. Жатақхананың бір бөлмесін жалға алып үш адам тұрамыз. Бір күні кешкісін бөлмемізге келген көрші тұратын жігіт бізбен тұратын алпыстарға келіп қалған арақ ішетін егде кісіге тиісті. Әлгі арақ қоймаған ба, әкесіндей адамды боқтап, балағаттап жағасынан алып сілкілеп итсілікпесін шығарды. Әрі-бері шыдап жатқан мен бір кезде «әкеңдей адамға сонша тиісіп, ол не бүлдіріп қойыпты» деп ара түспек болдым.

Сол-ақ екен әлгі жігіт менің жаныма келіп, «бұны қорғамақпысың, сен кімсің» деді жеп жіберердей ежірейе қарап. Екеуміздің көзіміз түйісіп тұр. Оның көзінің қарашығы үлкейіп барады, сәлден соң ағы жоғалып, көзі қап-қара түнекке айналды. Ақыл-ойдың ұшқыны да жоқ, ашу-ызадан басқа ештеңе білінбейді. Қаратүнек көздеріне қарап зәрем ұшты. Ол қадала қарап тұрып, бұрылып кетіп қалды. Аман-есен құтылғаныма қуандым.

Сол қаратүнек ойсыз көздер есіме түссе осы кезге дейін бойым түршігеді. Кейін естідім, әлгі денесіне түгел шимайлаған сурет салып тастаған жігіт үш рет сотталыпты. Жұмыс істемейтін, арақ ішіп, қыз-келіншектермен қыдыруды ұнататын және қит етсе жұдырық ала жүгіретін бұзақы жігіт көп ұзамай тағы да сотталды.

Жан дүниесі қаратүнек мұндай пенделердің адам сияқты өмір кешуі мүмкін емес. Ондайларды қазақ «қаны бұзылған» дейді. Шындығында, олар адам емес, сайтан-адамдар, яғни табиғаты сайтани пенделер. Олардың жүрегінде қайрымдылық, сабырлылық, мейірбандық сияқты адами қасиет атымен жоқ. Олар өздеріне де, айналасындағыларға да үнемі тек залалын тигізіп жүреді және жаман әдет олардың қанына сіңген. Олар ешқашан жақсы бола алмайды, өйткені табиғаттары – сайтани.

Сәлафилер – сайтандар

Құрбан айты мейрамының қарсаңында ютубтен Сирияда соғысып жүрген сәлафилердің біраз адамдарды (бәрі де мұсылмандар) құрбанға шалған мал сияқты баыздаған бейнефильмі көрсетілді. Қап-қара қауға сақалы бар сәлафи өзі сияқты ет пен сүйектен жаратылған адамды канализация суы ағатын темір торға басын тақап тамағынан үлкен селебе пышақпен бауыздады. Оның жүзінен аяушылық та, абыржушылық та сезілмейді. Қатып қалған көн немесе маска киіп алғандай.

Адамды бауыздаған ол әлгіні аяғынан малша ілгекке іліп қойды. Қаны тамшылап канализация суы ағатын темір торға құйылуда. Ақыл-есі дұрыс әрбір пенденің жүрегін ауыртатын өте жаман көрініс. Ал, әлгі сайтан-адам үшін бұл қалыпты, тіпті рахат әкелетін тартымды шаруа сияқты.

Күлекбаев деген он адамды атып өлтірген сәлафиге арналған сот болды. Әлгі сотқа да, жақындарынан айрылғандардың жылап-еңірегендеріне де пысқырмай бетіне маска кигендей бедірейіп отырды. Оны өлім жазасына кесті. Бірақ бұған да қыңқ еткен жоқ. Мұндай адамда адами қасиет атымен жоқ, өйткені ол – САЙТАН-АДАМ. Шындығында адам бейнесіндегі САЙТАН.

Түйін: Айналаңызға зер салып байыппен қараңыз, сайтан-адамдар өріп жүр. Олар көп. Олардың сөзінен, әрекетінен, бедірейген жүздерінен, үнемі салбырап жүретін қабақтарынан, үнемі өтірік айтып, жалған сөйлетіндіктеріне, арсыздықтарынан, ә десең мә деп жағаңнан ала кеткісі келіп тұратын ашуға толы қаратүнек көздерінен – айтпай танисың. Сайтан-адамдардан сақ болғайсыз.

Дэвид Аик — сенсационная правда о человечестве (Видео): https://www.youtube.com/watch?v=f3DJIgOkPl8

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика