Сайтан адамды неге азғырады?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

нәпсіАдамдардың көбі еркінен тыс өзіне де, өзгелерге де залал келтіретін теріс әрекеттер жасап жатады. Ондайға етіміз өліп кеткені сонша, ақылға сыйымсыз мұндай әрекетті ол не үшін жасады деп те ойланбаймыз. Мұндай әрекеттердің астарында сайтанның азғыруы жататынын білгіміз келмейтіні өкінішті.

Сайтан бар және оны бүгінгі ғылым да жанама түрде растайды

Қасиетті Құранда, Інжілде аса алдаушы деп аталған адамдарды жамандыққа азғыратын тіршілк иесінің барлығы анық жазылған. Десе де, материалистік ғылым ұзақ жылдар бойы сайтан деген адамдардың ойдан шығарылған нәрсесі деп санап келді. Бірақ, уақыт өткен сайын ғылым дәлелдей алмайтын адамдарыд еріксіз есуастыққа итермелейтін күштің барлығын дәлелдейтін оқиғалар жер-жерде көбейе түсті.

Сонау 90-шы жылдардың ортасында «Жас алаш» газетіне бір мақала жарияланған еді. Онда арақ ішіп алып кешкілік үйіне келген орта жастағы азамат асүйде тамақ ішкелі отырған кезінде пышақпен өзінің еркектік мүшесін кесіп алғаны, ауруханаға дер кезінде жеткізудің арқасында аман қалғаны жазылған. Мұндай есуастыққа не үшін барғандығын сұрағанда әлгінің жауабы былай болады: столға отыра бергенімде асүйге қара маска киген жалақтаған үш жігіт кіріп келді. Олар маған өз денеңді ауыртатын әрекет жасамасаң, азаптап өлтіреміз деді. Қолдарында жалаңдаған пышақтары бар үшеуден қорыққанымнан өз мүшемді кесуге мәжбүр болдым».

Енді АҚШ-та бір күнде бес адамды атып өлтірген таксистің уәжіне құлақ түріңіз: «Таксиге орнатылған диспечермен байланыстыратын компьютердің моиторында түрі қорқынышты құбыжық пайда болды. Ол маған зәрлі үнмен дереу қаруланып, көшеде кетіп бара жатқан жолаушыға оқ атуымды бұйырды. Оның даусы гипноздап алғандай еріксіз айтқанын істедім». Осылайша, өмірі тышқан мұрнын қанатпаған таксист бір күнде көзіне түскен танымайтын бес адамды атып өлтіреді.

Ресейде әйелін, алты жастағы қызы мен екіге толмаған ұлын өлтірген, өмір бойы бас бостандығынан айрылған еркектің айтқанын тыңдап көріңіз: «Кешкілік жұмыстан шаршаңқырап келдім. Жұмыстан соң жігіттермен аздап сыра ішкен едім. Ақыл-есім түзу. Әйелім айқайлап әлденелер айтып жатты. Содан кейін кішкентай бала жылады. Әрі қарай не болғаны шала-шарпы есімде». Ол сол кеште әйелін бірнеше жерден пышақ салып өлтіріп, алты жастағы қызын зорлайды және содан кейін буындырып өлтіреді. Ал екі жастағы ұлын басынан балғамен ұрып мылжалап өлтірген. Әлгі бейбақ не үшін солай жасағанын өзі де білмейтінін айтады.

Сайтанға адамның қуаты керек

Сайтан деген біздің көзімізге көрінбейтін нәзік тәнді тіршілік иесі. Адамда да нәзік тән болады, ол ет пен терінің арасында орналасқан және өлген кезде адамның ақыл-санасы сақталған нәзік тән денеден шығады. Кейбір жағдайларда тірі кезінде де адам нәзік тәнімен денесінен шығып кететін жайлары болады.

Адам тәні сегіз түрлі элементтен: жер, ауа, су, от және эфир түріндегі бес дөрекі элементтен және ақыл, зерде, жалған эго түріндегі үш нәзік элементтен тұрады дейді қасиетті кітапта. Сайтанның тәні тек үш элементтен, яғни ақыл, зерде және жалған эгодан ғана тұрады. Оның бойында дөрекі элементтер болмағандықтан, ол өз бетінше қуат ала алмайды.

Адам үшін тамақ қандай қажет болса, сайтанға қуат та сондай өмірлік қажеттілік. Адам тамақ арқылы қуат өндіреді, сөйтіп, оны пайдаланады. Ал дөрекі тәні жоқ сайтан қуат өндіре алмайды. Сондықтан, ол қуатты дөрекі тәні бар адамнан және жан-жануарлардан алады.

Сайтан қуатты қалай алады?

Сайтанға қажетті өмірлік нәр: төменгі деңгейдегі лас қуаттар. Ол: ашу-ыза, реніш, қызғаныш, нәпсіқұмарлық, дөрекілік, тәкаппарлық, мақтаншақтық сияқты сезімдер арқылы берілетін лас эмоциялар. Сайтан сондай лас эмоциялық қуатпен қоректенетіндіктен, адамды азғырып, үнемі жаман істерге итермелеп отырады. Жаман әрекет жасаған адамның сол әрекетінің салдары да жаман болады, яғни лас эмоциялық қуатты бойынан бөліп шығарады. Адамның бойынан бөлінген сондай лас қуатты сайтан сиясорғыш сияқты бойына сіңіріп алады.

Бұл жайында американдық эзотерик Дэвид Айк өзінің ютубте жарияланған сериалдық видеолекцияларында жан-жақты түсіндіреді. Шындығында, бұл ойдан шығарылған ертегі емес, жоғарыда айтып кеткеніміздей, адамдарды есуастық әрекеттерге еріксіз итермелейтін тәршілік иелерінің барлығы бүгінде адамдарға, тіпті ғылымға да құпия болудан қалған.

Құрметті оқырман, сайтанның адамды қалай азғырып, теріс әрекеттерге итермелейтіні, олардың ықпалынан қалай құтылуға болатыны жайындағы сериалдық мақалаларды блогымыздан алдағы уақытта оқитын боласыз. Ол үшін блогымыздағы жаңалықтарды әрдайым қарап, оқып жүріңіз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика