286 көрілім

шәйтанҚазақ халқы КСРО құрамында болған жетпіс жылдан астам уақыт ішінде ашаршылықтан, 30-шы жылдардағы қуғын-сүргіннен  4 милионнан астам адамынан айрылыпты. Әлихан Бөкейхановтың мақаласындағы дерекке қарасақ, 31-33 жылдардағы аштықта қазақ  4,3 миллион адамынан, яғни, халықтың үштен екісінен айрылған. Оған қоса, ұлт зиялылары түгелге жуық  жойылды. Ол аз десеңіз, тіліміз бен дінімізден, салт-дәстүрімізден де қол үзіп қала жаздадық.

Коммунистік идеология тарихи бағасын алған жоқ

Әлемге екінші  жаһан соғысын таңып, миллиондарды қырған неміс фашистерінің идеологиясы, яғни фашизм идеологиясы тарихтан нақты бағасын алды. Нюрнбергте фашист көсемдері сотталып, бұл партияның адамзат баласына жат, қауіпті екендігі айқындалды.

Ал, кеңес одағының халықтарын аштықтан, саяси қуғын-сүргіннен миллиондап қырған коммунистер заң алдындағы жазаға да, тарих алдындағы жауапкершілікке де тартылған жоқ. Миллиондаған адамдардың өліміне кінәлі жекелеген коммунистердің солақай теріс саясатын деген сияқты желеумен партияға тарихи баға берілмеді.

Оны айтасыз, коммунистер әлі күнге дейін қызыл жалауларын желбіретіп Парламентте отыр. Олардың көсемі Косарев тіпті, Лениннің қатырылған мүрдесін Қазақстанға әкелейік деген ұсынысын да шімірікпестен айтып жатыр.

 Коммунистер орнатқан қаратүнек

Кеңес үкіметінің алғашқы күнінен бастап дін қызметкерлері қуғындалды. Атеистік, яғни құдайсыздықты баста қағидат етіп ұстанған коммунистер шіркеулер мен мешіттерді қиратып, дін қызметкерлерін құдайға сенгендері үшін ғана қуғынға ұшыратты.

30-шы жылдардың соңындағы саяси қуғын-сүргін кезінде қазақ тілінен басқа бір тіл білмейтін және өмірі ауылдан алысқа ұзап шықпаған қазақтар «жапонның, «германияның» шпионы деген айып тағылып, итжеккенге жер аударылды немсе атылды. Күні кеше бірге жүрген, ауылдан ұзап шықпаған адамның «жапонның шпионы» еместігін аылдастары білсе де, коммунистерге қарсы бір ауыз сөз айта алмады.

Намазды жұрттан тығылып, жасырын оқитын, арақ ішіп, темкі тарту заманауи озық әдет деп түсінетін, дінсіздік білімдарлық деп бағаланатын заман туды.

Павлик Морозов, Болатбек Омаров сияқты туған әкелерін үкіметке ұстап беретін «батыр пионерлер» шықты. Ата-ана балаға, туған туыстар бір-біріне сенбейтін заман келді. Көрші отырып, «пәленше  үкіметке қарсы сөз айтты» деп жоғарыға арыз жазып, еш жазықсыз адамдар сотталып, жазаға ұшырады.

Коммунизм – сайтани жол

Бүгінгі күнге дейін көп адамдар «коммунистердің идеяларының бәрі дұрыс, тек жекелеген басшылардың қателігінен осындай жаман нәрселер орын алды» деп  айтып жатады. Бұл қаншалықты шындыққа жанасымды?

Егер зер салып қарасаң, Маркс пен Лениннің идеялары, ілімі бастан-аяқ «бостандық, теңдік, әділеттік» деген сияқты тамаша сөздермен көмкерілген. Оқып отырып, шынында да айтқандарының бәрі жөн-ау деген ойға қаласың. Адамды қанауға жол бермеу, кедей мен байды теңестіру, әркімнің еңбегіне қарай деген принцип – шынында бәрі тамаша емес пе.

Бірақ, бастан-аяқ осындай тамаша идеяларға құрылған сайтани ілім адамзатты құрдымға құлатып, қаратүнекке қамаудың амалын жалғыз ауыз сөзге сыйғызып қояды. Ол қандай сөз дейсіз ғой? Ол мынадай сөз: «бұндай игіліктердің бәрі өздігінен келмейді, оны революция жасап, қолға қару алып, буржауйлардан тартып алу  керек» дейді маркс-ленин және «пролетариаттың бұғаудан басқа жоғалтары жоқ» деп онсыз да миы айналып, сонша игілікке жетемін деп сілекейі шұбырғандарды онан әрі желіктіре түседі.

Осылайша, маркс-лениннің революция жасау қажет дегенін санасына сіңірген бейбақтар қолдарына қару алып, елді қызыл қанға бояды. Бірақ, коммунистер уәде еткен коммунизмді көре алмады. Оның орнына таусылмайтын қуғын-сүргін, аштық, кедейшілік тауқыметінен құтылмады. Міне, сайтани ілімнің жеткізген «ұшпағы» осындай болды.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика