842 көрілім

шәйтанЖалған пайғамбарлар мен әулиелер ойлап тапқан діни ағымдарды ұстанып, адасып жүргендердің өздеріне де, айналасындағы жақын таныс-туыстарына да залалдарын тигізетіні айдан анық. Бірақ та, сайтанның жолына ашық түсіп, онымен тікелей байналысатын пенделердің тартатын азабы онан да күшті болмақ. Олар кімдер?

Сайтанның қақпаны

Соңғы кезде ақ магия, қара магия туралы жазылған түрлі кітаптар көбейіп кетті және осы жолды ұстанып, сиқыршы болуды армандайтын жандар да аз емес. Бір қарағанда табиғаттан тыс керемет күшке ие болу тартымды сияқты көрінгенімен, оның астарында сайтанның құрып қойған қақпаны барын кеңестік атеистік тәрбиені саналарына сіңірген бүгінгі ұрпақ онша біле қоймайды.

Бала кезімізде кемпірлерден ақыл-есінен ауысқан адамдар туралы әлдекім дуалап тастапты дегенді жиі естуші едік. Атеистік түсінікті санамызға сіңірген біздер оған онша мән бере қоймайтынбыз. Осыдан бірнеше жыл бұрын ислам дінін ұстанатын және Құранның аяттарымен емдейтін емшінің ақылынан ауысқан адамды емдегенін көргенде дұғалау дегеннің мәнін ұғынғандай болдым.

Жәй уақытта ешкімге залалы жоқ тыныш жүріп, кейде құтырынып кететін орта жастағы кісіні қол-аяғын байлап көтеріп кіргізді. Аузынан көбігі ағып, айғайға басқан әлгінің түрі ақыл-есінен ауысқан адам екендігін айтпай-ақ танытып тұрғандай. Емші оның басына қолын қойып дұға оқыған кезде құтырынып айғайлап жатқан әлгі кісі тыныштала қалды. Содан кейін ол бейне гипноздалған адамдай ұйқылы-ояу күйге түсті. Емшінің «сен кімсің?» деген сұрағына ауысқан адам мүлдем басқа дауыспен жын екендігін және христиан дінін ұстанатындығын айтып салды.

Содан кейін де емші көптеген сауалдар қойып, әлгі сауалдарға  олай-бұлай жалтарғанымен, біршама дұрыс жауап берді. Құранның аяттарын оқи бастағанда әлгінің жан дауысы шығып, тоқтат деп зарлағаны оның қасиетті кітаптан қаншалықты қорқатынын аңғартқандай болды. Оның сөздерінен ұққанымыз бір әйел дұға істетіп, әлгі кісінің денесіне сол дұғаның күшімен енген екен. Не керек, емші осындай біраз текетірестен кейін адамның денесіне орнығып алған жынды қуып шықты. Содан кейін ұйқыдан оянғандай болған ақыл-есі ауысқан кісі момақан кейіпке түсіп, қолө-аяғын шешкен соң туыстарына еріп үйіне қайтты. Кейін естігенім, ол ақыл-есі дұрысталып, қайта қатарға қосылыпты.

Сыйқырдың зардабы

Мұндай жайлар бүгінде көбейіп кетті. Өйткені, қара-ақ магия деп, сиқыршылықты уағыздайтын кітаптарды оқыған, сиқыршылыққа ден қойған пенделер қатары уақыт өткен сайын көбейіп барады. Діннен мүлдем аулақ, сайтанның көмегіне сүйеніп, адамдарға залал келтіруге бағытталған мұндай сиқыршылық оны жасаушыға да, айналасындағыларға да тек залалын ғана тигізеді.

Атбасар қаласында газетте жұмыс істеп жүргенімде бір таныс жігіттің інісі келіп өзін мешітке апаруды сұрады. Менің мешітке жақындау жүретінімді естісе керек ол «мені имаммен таныстырып, намазға жығылуыма көмектесіңіз» деп сұрады. Дінге мойын бұрушылар қатарының жыл санап көбейіп бара жатқан сол тұста жас жігіттің неге мұндай қадамға барғысы келетіні маған таңғаларлық жай болып көрінбеді. Дегенмен, ол мұның себебін өзі айтып берді.

-Мен осыдан бірнеше жыл бұрын әскерден келген соң бұрыннан сөз байласқан қызға үйлендім, — деп бастады ол әңгімесін. -Содан арада бірнеше жыл өтті, екі баламыз болды. Ел қатарлы отбасы болып тұрып жаттық. Бір күні кешкісін құрылыста жұмыс істейтін мен үйге аздап арақ ішіп келдім. Сол күні ақша алған едік. Жұмыстан соң жігіттермен бірге арақ іштік. Бірақ мас болатындай  онша көп ішкен жоқпыз.

Содан үйге келген соң төсекке қисайып, аздап демалып алмақ болғанмын. Жатқаным сол екен, әлдекімнің өзіме тесірейе қарап тұрғанын сездім. Үрейім ұшқаны сонша, орнымнан қозғала алмай қимылдауға шамам болмай біраз жаттым. Кенет бөлмеге кірген әйелім «қараңғыда неғып жатсың» деп жарық жақты. Сол кезде ғана денеме жан кіргендей қозғала алдым. Бұрышта өзіме тесірейе қарап тұрған құбыжықтың жарық жанған кезде ізім-қайым жоғалып кеткеніне қуандым.

Содан орнымнан тұрып, ауладағы әжетханаға барып келмек болдым. Әжетханаға кіріп, дәрет алып тұрғанымда арт жағымнан келген белгісіз біреудің екі иығымнан тас қылып ұстап жібермей тұрып алғанын сезіндім. Қыбыр етуге шамам жоқ, осылай біраз тұрдым. Бір кезде есіме намаз оқитын әжемнің айтқан сөздері түсіп, «лә иләха, илалла» деп қалдым. Сонда ғана бойыма күш құйылып, денеме жан біткендей қозғала алдым. Осы кезден бастап әлдене еңсемді үнемі езіп тұратындай, өзімді көңілсіз сезінетін болдым. Бойымды әлсіздік билеп, түнде ұйықтап жатқанда қорқынышты жаман түстер көретінді шығардым.

Бір күні көрші ауылдағы емші кемпірге барып көрініп едім, ол маған біреудің дұға жасатқанын, оны өзге діннің өкілі жасағандықтан, емдеуге шамасының жетпейтіндігін айтты. Кейін әйелім екі баламды алып кетіп қалды. Өзім араққа салындым. Намаз оқысам, бәлкім еңсемді езген сол ауыртпалықтан, денеме сіңген дұғаның зардабынан құтылармын деп үміттенемін, дейді ол.

Мен оны мешітке апарып, имаммен таныстырдым. Ол намазға жығылып, біраз уақыт жақсы болып жүрді де, содан кейін қайта араққа салынды. Қазір жер-жерде осындай сиқыршылардың дұғасына ұшырап, не ақыл-есінен ауысып, болмаса басқа да дертпен ауыратындар қатары көбейіп барады. Мұның бәрінің астарында адамзаттың қас жауы Ібілістің ұрпақтарының тұрғаны айдан анық.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика