880 көрілім

шәйтанДәстүрлі діндердің бәрінде адамзаттың қас жауы аталатын – сайтан түр-түсі қорқынышты құбыжық бейнелі тіршілік иесі бейнесінде сипатталады. Көзге көрінбегесін жұрт сайтанның бар-жоғына да мән бермейді. Шындығында, күнделікті өмірімізде біз сайтанмен үнемі кездесіп, қоян-қолтық араласып жүреміз. Сұмдығы сол, үнемі солардың арбауына түсіп қалып жатамыз. Бірақ, адамдардың көбі сайтанның бар-жоқтығына мән бермейтіні сияқты, олардың арбауына түсу дегенге де пысқырмайды.

Адамдар неге ақымақтық жасайды

Ақымақ болғысы келетін пенде бар ма? Жоқ. Бірақ адамдардың көбі күнделікті тірліктерінде жиі-жиі ақымақшылық жасап жатады. Біз оны жұмсартып «қателік» деп атаймыз. Шындығында ол – ақымақшылық. Ал ақымақтық сайтанның арбауы арқылы жасалады. Қалай дейсіз ғой?

Әлеуметтік желіге бір қазақтың ақыл-есі дұрыс, қол-аяғы түзу жас қызы өзінің бұтын жапқан тілдей матадан басқа түгі жоқ тұттай жалаңаш суретін салды. Ол бұл әрекетін қазақ қыздарының қымсынғыш, ұялшақтығын жою, батыс қыздары сияқты ашық, еркін болуға талпыну үшін жасадым деп түсіндірді. Ал сол қызды қолдап жалаңаш суреттерін өз парақшаларына салған қыздар мен жігіттер аз болмады. Олардың бұл әрекеттері есі дұрыс адамдар тарапынан қатты сыналды. Бірақ, мұндай ақымақшылық жасаған әлгілер оны ақымақтық деп санаған жоқ.

Маусым айында Ақтөбеде болған лаңкестікке қатысушылардың көбі атыс кезінде өлді, қолға тсүкендері қамауда жатыр. Енді олар осы әрекеттері үшін өмір бойы қапасқа қамалуы мүмкін. Олар қанын төккен жандардың туыстары әлгілерді ит терісін бастарына қаптап қарғауда. Міне, олардың  тапқанбар  «пайдасы». Осы ақылдылық па?

Ал енді сол түрмеге қамалған бейшараларға сіз ақымақтық жасадың деп түсіндіре аласыз ба? Жоқ. Олардың саналары уланғаны сонша, өздерінің әрекеттерін өте жақсы, тамаша деп санайды.  Жалаңаштанып суретке түскен қыз да, жазықсыз адамды атқан қауға сақалды да АҚЫЛДЫМЫЗ деп ойлайды. Неге? Өйткені, олардың санасын сайтан арбаған.

Адамның еті мен терісінің арасын мекен еткен сайтан ой арқылы әрдайым саанмызды арбауға тырысады. Сайтанның арбауына түскен пенде өзгелерге есуастық болып көрінетін әрекеттерді жасайды және өздерін АҚЫЛДЫМЫЗ деп ойлайды. Шындығында өздерінің АҚЫМАҚТЫҚТАРЫН ондайлар түйсінбейді және түсіне де алмайды.

Мәселен, жалаңаш суретін әлеуметтік желіге салған қызды есі дұрыс жігіт әйелдікке алмайды. Оны еркектердің бәрі жеңіл жүрісті, жалпақ тілмен айтқанда жезөкше деп бағалайды. Олардың әлгіге қатысты бар ой-арманы – бір рет құмарын қандырумен шектеледі. Өзін жезөкше етіп көрсету арқылы әлгі қыз не ұтты? Ештеңе. Керісінше ар-ұжданына дақ түсірді.

Ал жазықсыз жанды дін үшін атқан қауға сақалды сол қылығымен ИСЛАМ ДІНІНЕ ҚАРА КҮЙЕ ЖАҚТЫ. Яғни, басқаларға ислам дінін жеккөрінішті, құбыжық етіп көрсетті. Ол аз десеңіз, жазықсыз өлгендердің обалын мойындарына арқалады, олардың туыстарының ҚАРҒЫСЫНА ҰШЫРАДЫ. Ол аз десеңіз, енді ӨМІР БОЙЫ ҚАПАСҚА ҚАМАЛМАҚ. Осы ақылды адамның ісі ме?

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика