535 көрілім

ақшаТумысынан қолы ашық, жомарт болып жаратылатындар сирек. Сараңдық – әр адамның бойынан табылып жататын қасиет.  Десе де, ол біреулерде көбірек болса, екінші біреулерде азырақ кездеседі. Мәселе сараңдықтың аз-көптігінде емес, мәселе – сол сараңдықтың адамға, жалпы адамзатқа тигізетін орасан зор зардабында.

Тойымы жоқ – сараңдық

Сараң адамда тойым деген болмайды. Оған қанша берсең де ол ешқашан «болды, жетті» деп айтпайды. Оның ақыл-санасы «ала берсем, жей берсем» деген оймен уланған. Сараң адам өзінде барды емес, өзгенікін көргіш келеді. Халық арасында айтылып қалатын «көршінің әйелі қыздай, тауығы қаздай» деген сөз де сараңдарға қарап айтылса керек.

Махатма Гандидің «Жер барша адамзаттың қажеттігін қанағаттандыра алады, бірақ сараң адамның ашкөздігін тойдыра алмайды» деген сөзі бар екен. Осыған қарап, сараң адамды қанағаттандырудың еш мүмкін еемстігін анық көреміз.

Сараңдықтың зардабы

Біздің ауылда бір кемпір болды. Өте сараң еді. Әлгі баласы мен келінінің тапқан-таянғандарын түгел қолында ұстап, ақшаны ешкімге бермей өзі  басқарады екен. Күндердің күнінде ол кенет ауырып, аяғы сал болып жатып қалды. Содан жазылып кетермін деген үмітпен талай емшілерге көрінді, бірақ ем қонбады.

Күндердің күнінде ажал жақындағанын сезген ол баласын шақырып алып, үйлерінің артына бар жиған ақшаны теріге орап көмгенін айтады. Ол кісінің өлгені де өте ауыр болды. Ажал келді деп молданы шақырады, бірақ ол өле алмай қатты қиналып көп жатады. Содан молда оның баласы мен келініне үйдегі барлық мүлікті сыртқа шығарыңдар дейді. Тек кемпірдің астындағы көрпеше ғана қалады. Осыдан кейін ғана кемпірдің жаны шығыпты. Сөйтсе, ол үйдегі мүлікті қимай жатыр екен.

Кейін оның баласы үйлерінің артқы жағын қанша іздеп қазса да, ақшаны таба алмады. Осылайша, сараң кемпірдің кесірінен олардың  тізтірнақтап жиған бар ақшасы далада қалды. Өкінішке орай, осындай не өздері пайдаланбай, не өзгелерге қимай сараңдықтарының салдарынан өзіне де, өзгеге де залал тигізетін жандар  қазір де жетерлік.

Кедейлік – сараңдықтың жемісі

Қазір жер бетінде 7 миллиардқа жуық адам тұрады екен. Жердің байлығы сонша адамды еш ашықтырмай, тарықтырмай өмір сүруіне толық жетеді. Ендеше, баспанасыз, ашқұрсақ жүретін кедейлер қайдан шығады?

Оның себебі – сараңдықтан. Таяуда Қазақстанның 50 бақуатты адамдарының тізімі  интернетте жарияланды. Олардың алдының миллиардтаған, соңының миллиондаған доллар ақшалары  бар екен. Ал, енді осы адамдар байлықтарының бір бөлігін баспанасыздар мен кедейлерге жәрдем беруге жұмсаса, онда елімізде баспанасыздық пен кедейлік деген атымен ЖОҒАЛАР ЕДІ.

Өкінішке орай, миллиардтарды иеленетіндер сонша ақшаларын тұрмыс тауқыметін тартып жүргендерге қимайды. Олар Шық бермес Шығайбай сияқты бар жиғандарының қызығын өздері ғана көреді. Сәулетті биік үйлерінің сыртын биік қоршаумен қоршап, күзет қояды. Өздерін де, балаларын да оққағарлар қорғап жүреді. Сонда кімнен, не үшін қорғайды дейсіз ғой? Кедей, қарапайым көпшіліктен.

Егер байлар кедейлерге көмектессе, онда кедейлік толайым жойылады. Бұл – 2х2=4 дегендей АҚИҚАТ. Осындай қарапайым ақиқатты түсінуге АДАМ деп аталатын екі аяқты саналы тіршілік иелерінің МИЫ ЖЕТПЕЙДІ. Әлемдегі барлық соғыстар мен қарулы қақтығыстар, лаңкестіктер – бәрі ақша үшін, яғни байлық үшін жасалуда. Егер байлық барша адамзатқа қызмет етсе, онда соғыс та, лаңкестік те болмайды.

Байлықтың барша адамзатқа қызмет етуіне кедергі келтіріп отырған жалғыз нәрсе – САРАҢДЫҚ. Әр пенде қарақан басын ғана ойлайды. Өзгелердің кедейлігі, аштығы оларды еш толғандырмайды. Бірақ, осындай көзқарастың салдарынан үнемі қатерге ұшырау қаупін бастан кешетінін, ал өлген соң сараңдықтары үшін тозаққа түсіп өртенетінін ол байғұстар мүлдем сезбейді. Көрініп тұрған АҚИҚАТТЫ көрмеу – надандық. Шындық – осы.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика