1 148 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

23Саясаткер болсам деп армандайтын жастар бүгінде аз емес. Өкінішке орай, олардың көбі, тіпті бәрі дерлік саясат дегеннің өте лас кәсіп екендігін, онымен айналысқан адам міндетті түрде жан дүниесі ластанып, шынайлықтан, адалдықтан, басқа да адами қасиеттерден аулақтап кететіндігін түсінбейді. Бір ғұламаның айтқан «саясат – жексұрын адамның паналайтын ең соңғы орны» деген сөзінің астарында ащы шындық жатыр.

Саяси ойын

Күні кеше Парламент депутаттары Астанаға Назарбаев есімін береміз деп ел-жұртты дүрліктірді. Астана деген тәп-тәуір аты бар және сол атауы арқылы әлемге танылған Елордамыздың атын «Назарбаев» немесе «Нұрсұлтан» деп атау өзін сыйлайтын әрбір пенде үшін құлаққа  ұнамсыз естілері анық. Осыған орай, әлеуметтік желілерде бұл атауға қарсы шыққандар өте көп болды.

Бірақ саясатпен айналысатын өзін саясаткермін деп санайтын адамдардың  қарапайым пенделерден айырмашылғы сонда, олар қисынға сыя ма, жоқ па, ұнамды ма, ұнамсыз ба – оған қарамайды. Олар үшін ең бастысы – өзінің мүддесі үшін кез-келген, тіпті лас, жиіркенішті тәсілдерді де пайдалану болып табылады.

Астанаға «Нұрсұлтан» атауын берейік деу бүгін ғана айтылып отырған жоқ. Осыдан екі-үш жыл бұрын ел сыйлаған бір ғалым ағамыз үлкен мінберден дәл осындай ұсыныс айтқан болатын. Әрине, ғалым ағамыз бұны өз жүрек қалауымен емес, әлдекімнің нұсқауымен айтқаны белгілі. Ол жолы да, бұл жолы да бұндай ақылға сиымсыз ұсынысты Елбасы теріске шығарып, құптамады.

Астанаға Елбасының атын беруге саясаткерлер неге сонша құмар? Оның астарында не жатқанын көкірек көзі ашық әрбір адам жақсы түсінеді. Қазіргі жағдайды пайдаланып, қалталарын қалыңдатып алғандар, биік мансапқа қол жеткізгендер Мемлекет басшысы өзгерсе сол майшелпектен айрылып қаламыз деп қорқады. Сондықтан, олар 70-80, тіпті 100-ге келсе де бүгінгі басшының отыра бергенін жақсы көреді және осы жолда ештеңеден тайынбайды.

Әлемді саясат билейді

«Егер сен саясатпен айналыспасаң, онда саясат сенімен айналысады» деген сөз бар. Шындығында, мына дүниені билеп тұрған күш – саясат және саясаткерлер. Олар өз мүдделері үшін қандай әдіс-тәсілдерді де пайдаланады. Биылғы Рио де Жанейрода өткен Олимпиада ойындары осыны көзге шұқығандай көрсетіп берді.

Ең алдымен, Қазақстан құрамасының ең мықты деген спортшыларын дәл жарыс қарсаңында допинг қабылдады деген желеумен олимпиададан шеттетті. Жарыс кезінде де көре көзге әділетсіздік жасап, жеңіп тұрған спортшыларды жеңілдірді. Бұның бәрі қара халықтың наразылығын туғызды, тірақ көздерін шел қаптаған саясаткерлер қара халыққа пысқырған да жоқ.

Құрметті оқырман! Ақиқат блогы бес жылдан бері жұмыс істеп келеді, түрлі тақырыпта мыңға жуық мақалалар жарияланған. Сайттан сіз көптеген пайдалы ақпараттар ала аласыз. Сізге өтініш: бірер минут уақытыңызды бөліп, сайттың оң жақ қанатындағы жарнамалық баннерлерді басып, ашылған сайтқа кірсеңіз. Осындай қарапайым әрекет арқылы сіз сайтты ұстауға үлкен көмегіңізді тигізер едіңіз. Алған пайдалы ақпаратыңыз үшін алғысыңызды осылай білдірсеңіз.

Мынаған қараңыз: осыдан 8 жыл бұрын өткен Бежин, одан кейін 4 жыл бұрын өткен Лондон олимпиадасына  қатысып, алтыннан алқа таққан Илья Ильинді арада көп жылдар өткен соң допинг қабылдапты-мыс деп медалінен де, чемпиондығынан да, жасаған рекордтарынан да түгел айырды. Осыдан сегіз жыл бұрын олимпиада қарсаңында жасалған зертханалық зерттеулерде анықталмаған нәрсе сегіз жылдан кейін анықталыпты-мыс. Бұл енді «Айдың түсі қара, осыған сенсең де сенесің, сенбесең де сенесің, өйткені бұны мен айтып тұрмын» деген озбырлыққа ұқсайды.

Саясаткерлер қисынға да, әділдікке де пысқырмайды

Әлемді билеуге ұмтылып отырған алпауыттардың көшбасшысы Рокфеллердің баласымен дос болып, олар жайында ащы шындықты айтқан Авраам Руссо деген американдық өзінің басынан кешкен мынадай жайды әңгімелейді. Ол алтын саудасымен айналысып, тәп-тәуір табыс тауыпты. Осы үшін қажетті салықтардың бәрін төлеп, бәрін заң шеңберінде жасаған.

Арада төрт-бес жыл өткенде бір күні ол салық комитетінен қағаз алады. Онда бұның алтын саудасымен айналысқаны үшін 350 мың доллар көлемінде салық төлеуі қажеттігі айтылыпты. Содан бұл салық органдарына барып, кезінде салықты түгел төлегенін айтып, құжаттарын көрсетеді. Ал, ондағылар сол жылы шыққан заңдағы өзгерістерге байланысты салық көлемінің бұрынғы 10 пайыздан, 15 пайызға өскендігін алға тартады.

Содан Руссо салықшыларды сотқа береді. Қызығы сол, салықшылар сотта жеңіп шығады. Сөйтсе, әлгі бес жылдан кейін қабылданған заңның «кері күші» бар екен. Мысалы, сіз бес жыл бұрын бизнеспен айланысып, салықты түгел сол кездегі заңға сай төледіңіз делік. Ал бес жылдан кейін жаңа шыққан заң бойынша сізден салықты басқаша төлеуді талап етеді. Осы ақылға сиымды іс пе? Бұның мәнін қазақ «тоқпағы мықты болса, киіз қазық жерге кіреді» деп түсіндірген.

Арада пәленбай жыл өткен соң допинг тауып, спортшыларымыздың бар дәрежесінен айырған олимпиада комитетінің ісі де осында «киіз қазықтың»  көрінісі екені анық. Бұның астарында саяси лас және жиіркенішті  ойын жатқаны көзге шыққан сүйелдей көрініп тұр. Қазір батыс Ресейге қырын қарауда, ал Қазақстан Ресейдің сенімді әріптесі. Ресейді мұқату үшін Қазақстанға тиіссе жетіп жатыр. Міне, бұл нәжіс ойынның мәні – осы. Оның нәжіс иісін көкірегі ашық әрбір пенде сезініп, жиіркенуде, бірақ иісаламас саясаткерлер өз нәжістерінің иісін де, дәмін де сезінуден қалған.

Осыған қарап, САЯСАТ ДЕГЕННІҢ ЖИІРКЕНІШТІ нәрсе екендігін есі дұрыс әрбір пенде түсінеді. Сондықтан, егер сіз өзіңізді сыйлпайтын жан болсаңыз, ешқашан саясатқа жуымаңыз. Саяси қызмет дегеннен, мейлі ол үлкен бе, кіші ме қарамай, ат шақырым аулақ жүріңіз. Сонда екі дүниенің де игілігін табасыз. Ал саястпен айналысқан адам нәжіске былғанып, абыройдан жұрдай болады, жүйкесін жұқартып, өмірін айтыс-тартыспен өткізеді, өлген соң міндетті түрде жасаған жаман әрекеттері үшін ТОЗАҚҚА ТҮСЕДІ. Бұл – АҚИҚАТ.

 

Артық салмақтан арылу, сұлу, сымбатты болып, өзіңізді әрдайым сергек сезіну, аурулардан аулақ болып, денсаулықты нығайту, халық емшілігі - осылардың бәрін сіз мына сайттан таба аласыз (сілтемені басып сайтқа кіріңіз): https://eatsdiet.ru/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика