767 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

102Сектант терминін дінтанушы мамандар  дәстүрлі емес, конфессиядан тыс деген мағынада қолданып жүр. Яғни, сектанттар өз бастауын Жаратқаннан алатын пайғамбарлар арқылы қасиетті кітап берілген дәстүрлі діндерден бөлек, ет пен сүйектен жаратылған өзіміз сияқты пенделердің ойдан шығарған дін жолы. Сайтанның тіліне еріп, Жаратқаннан бастау алатын дәстүрлі діндерден жырылып, бөлектену жағдайлары сонау ерте заманда-ақ басталғандығы белгілі. Батыстың бір дінтанушысы жер бетінде қазіргі таңда 2636 христиандық бағыттағы діни ағымдар бар деп жазды. Ислам дінінің діни ағымдарының саны да қазір жүзге жетіп жығылады. Иудеизм, индуизм және буддизм сияқты дәстүрлі діндер де жырымдалып түрлі ағымдарға бөлшектеніп кетті. Бірақ, солай бола тұра дәстүрлі діндердің бәрінде де алғашқы Жаратқаннан берілген таза бастауды сақтап қалған негізгі ағымдар жұмыс істейді. Алланың мейір-шапағатымен сол алғашқы таза бастауды ұстанған жандардың бәрі  күнәдан арылып, екі дүниенің де игілігін татулары үшін дәл қазіргі заманда да мүмкіндік бар.

Байығың келсе дін ойлап тап

«Байығың келсе, жаңадан дін ойлап тап» деген саентология шіркеуінің негізін қалаушы Рональд Хаббардтың сөзін қасиетті кітапта «аса алдаушы» деп аталған адамзаттың жауы – сайтанның пенделерді алдап, азғындыққа салу үшін ойлап тапқан амал-айласының бір парасы десе болады. Мәселен, бүгінгі күні АҚШ-та әр ай сайын бір жаңа діни ағым пайда болады екен. Олардың арасында кімдер жоқ дейсіз. Жылтыр сөзбен адамдарды арбап, құлдыққа түсіретін «бейкүнә» секталардан бастап, ашықтан-ашық сайтанға табынуды уағыздайтын, азғындықты басты бағдары етіп алған анайы секталар да жетіп артылады.

Мәселен, «Цикламен періштелері» деген сектаның негізін қалаушы Роберт Штерн деген біреу өзін Цикламен деген планетадан Алланың арнайы тапсырмасымен келген пайғамбармын деп жариялаған. Оның ізбасарлары сенбі сайын бас қосып, көздерін жұмып отырып, өздерін Цикламен атты планетада гүлден гүлге ұшып-қонып жүрген көбелек бейнесінде көз алдарына елестетеді екен. Осындай медитациямен айналысқан олар тәндерін тастаған соң аталмыш планетаға барып, көбелекке айналады-мыс. «Кіндікке табынушылар» сектасының өкілдері бір үйге жиналып алып, ақыл-ойларын кіндікке шоғырлаумен айналысады. Осылай еткенде күнәларынан тазарады-мыс. «Отқа табынушылар», «Ақ крестің серілері», «Садаққа табынушылар» сияқты Алланы мүлде естен шығарып, көңілі қалаған нәрсеге құлдық ұратын сектанттық ағымдар жетіп артылады бүгінде және уақыт өткен сайын жаңадан пайда болған ағымдардың саны көбейіп, қатарлары молыға түсуде.

Негізінен өткен ғасырда пайда болған жаңа діндерді үш топқа бөлуге болады. Біріншісі, өздерін жаңа бағытты ұстанушы христианбыз дейтіндер, екіншісі шығыстық ағымдар, үшіншісі рухани жаттығулар, психотренингтер мен сеанстар өткізуді дәстүрге айналдырған адамдарды алдап, тәуелділікке түсіру жолымен қалталарын қампайтып жүрген алаяқтық топтар. Соңғысына саентология шіркеуі, түрлі спиритуализм, парапсихологияны насихаттап жүрген топтар жатады. Бұлардың қай-қайсысы да адамзат үшін аса қауіпті. Қауіпті болатын себебі, адамның ақыл-санасын билеп, тәуелділікке түсіреді, ерік-жігерден айырады, өздерінің қолдарындағы жансыз қуыршаққа айналдырады.

Құрметті оқырман! Ақиқат блогы бес жылдан бері жұмыс істеп келеді, түрлі тақырыпта мыңға жуық мақалалар жарияланған. Сайттан сіз көптеген пайдалы ақпараттар ала аласыз. Сізге өтініш: бірер минут уақытыңызды бөліп, сайттың оң жақ қанатындағы жарнамалық баннерлерді басып, ашылған сайтқа кірсеңіз. Осындай қарапайым әрекет арқылы сіз сайтты ұстауға үлкен көмегіңізді тигізер едіңіз. Алған пайдалы ақпаратыңыз үшін алғысыңызды осылай білдірсеңіз.

 Жалған пайғамбарлар

Өткен ғасырдың 50-ші жылдарынан бастап, бүгінгі күнге дейін жер шарының әр түкпірінен, әртүрлі ұлт өкілдерінің арасынан 20 «Иса мәсих» шығыпты. 1950 жылы Францияның Монвафэ қаласының тұрғыны Жорж Ру өзін «Иса мәсихпін» деп жариялайды. Оның Құдайдың ұлы екендігіне иланып, соңынан ерушілер де табылады. Ол беті-аузы бүлк етпестен: «Мен Құдаймын, ауа, су, нұр деген мына менмін» дейді. Жорж Ру өзінің «Месса-дор» деген газетін де шығарып тұрады. Алғашқы «мессиядан» кейін іле-шала өздерін «Иса мәсихпін» деушілер жер-жерден көптеп бой көрсете бастайды. Олардың қатарында француз Эрнест Труэн, Эмиль Дофин, неміс Оскар Берхзрдт, Иозеф Вайзенберг, швейцарлық Эмиль Зендер дегендер бар. Тіпті, жапон Онисобро Дегуци де өзін-өзі «Иса мәсихпін» деп жариялап жібереді. Жапондық жалған пайғамбар өзін мен «Иисус Саваоф-Иеговамын» деп атайды. Нью-Йорктен шыққан жалған пайғамбар театрдың қоюшысы О.Бовард дүниеден өткен өзінің бір ізбасарын қайта тірілтпек болып (өлгенді тірілткен Иса мәсихтен кеммін бе деп ойлаған болуы керек) үш ай бойы дұға оқиды. Өлік иістеніп, айналасындағы көршілері шу шығарған кезде ғана полиция келіп мүрдені еріксіз жерлетеді.

Бүгінде жалған пайғамбарлар да, жалған құдайлар да баршылық. Өкінішке орай, естерінен адасқан осындай «пайғамбарлар мен құдайларға» құдайдай сеніп, соңдарынан еретін фанатиктер де жер-жерден көптеп кездесуде. Жұртшылық «есуас Фархат» деп атап кеткен шонжылық бір ұйғыр шопыр өзін «құдаймын» деп айды аспанға бір-ақ шығарғандығын қазақстандық БАҚ айтып, жазды. Жалған құдайдың соңынан еруші ізбасарлары да жер-жерден көптеп табылды. «Алла-аят» деген секта құрып, 2007 жылы ақырзаман болады, тек маған ергендер ғана аман қалады, мен ізбасарларымды Икар деген жұлдызға алып кетемін деп соққан жалған құдай 2007 жылдың күзінде фәни дүниеден бақи дүниеге озды. Оның Икар атты жұлдызға барған-бармағаны белгісіз, бірақ соңынан ерген күнге көздерін сүзе қарап, табынушылары еліміздің әр аймықтарында әлі де аз емес.

Сектанттардың құрығына түсіп, ақыл-естен айырылған, туған туыстары мен дос-жолдастарынан безіп, жалған пайғамбарлардың қолындағы жансыз қуыршаққа айналып жүрген жастар қатары жыл өткен сайын көбеймесе, азаяр түрі көрінбейді. Бұған еліміздің заңдарының жетімсіздігі, шетелдік миссионерлер мен сектанттардың саналары толық қалыптаспаған жастарды азғыру үшін неше түрлі айла-тәсілдерді қолданулары, ақыр соңында сектанттардың қазіргі заманғы ең қуатты қару  ақша мен гипнозды пайдалану арқылы жұртшылықты алдап-арбаулары себеп болуда. Сектанттардың қармағына түскен жандардың аянышты тағдырлары жайлы баспасөздерде анда-санда жазылып қояды. Зорлық-зомбылық пен анайы жыныс жақындығын насихаттауға арналған картиналар мен хабарларды күндіз-түні көрсететін телеарналар неге екені белгісіз сектанттар жайлы ләм деп ауыз ашпайды. Ақпараттың аздығынан да болар, сектанттар тарапынан келер қауіп-қатерді елеп-ескермейтін адамдардың олардың құрығына оңай ілігіп, айдың күннің аманында қорлық-зорлыққа ұшырап жататындығы.

 

Артық салмақтан арылу, сұлу, сымбатты болып, өзіңізді әрдайым сергек сезіну, аурулардан аулақ болып, денсаулықты нығайту, халық емшілігі - осылардың бәрін сіз мына сайттан таба аласыз (сілтемені басып сайтқа кіріңіз): https://eatsdiet.ru/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика