Сектанттар

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

сектантКеңестер Одағы қирғаннан кейін темір шымылдық алынып, шет елдерден алдымен түрлі ақпарат, сонан кейін шет елдік тауарлар ағылды. Босаған үлкен ақпарат алаңынан өз үлестерін қармап қалуға құлшынған түрлі діни ағымдардың уағызшылары да асқан белсенділікпен жұмыс істеуге кірісті. Коммунистердің тұщымсыз бірсарынды ақпараттарынан әбден мезі болған жұрт алғашында шет елдік ақпараттардың бәрін қомағайлана қабылдаған.

Жалған пайғамбарлар

Сол тұста шет елдердің өзінде жұмысына тиым салынған түрлі діни ағымдардың жетегіне ерушілер қатары көп болды. Тіпті, шет елдік жалған пайғамбарларға еліктеген ТМД елдерінің аумағынан шыққан «пайғамбарлар» мен «әулиелер» де жер-жерден шыға бастады. Украинада Киевтің орталығындағы үлкен мінәжатхананы басып алуға талпынған «Ақ бауырлар» сектасының бассыздығы күшпен басылып, оны ұйымдастырушылар заң шеңберінде жазасын алды. Ал

Қазақстанда да жалған пайғамбарлар мен әулиелер аз болған жоқ. «Аллаят» деп аталатын су жаңа дінді ойлап тапқан шоңшылық бұрынғы шопыр, Фархат ата деген біреу өзін құдаймын деп айды аспанға бір-ақ шығарды. «Жығылсаң нардан жығыл» деген осы шығар. Жұрт пайғамбармын, әулиемін деп жатқанда Фархат ата өзін құдаймын деп жариялап, осыдан 4 миллиард жыл бұрын алғашқы адамды жаратқанын, оның ұйғыр тілінде сөйлегенін айтып, қасиетті Құранды да, Інжіл мен Тәуратты да түгел теріске шығарды. Қызығы сол, жалған құдайдың соңынан ерушілер аз болған жоқ.

Қатерлі діни ағымдар

Діннің атын жамылып, ақша тапқысы келетіндер, дінді алға тартып, саяси мақсаттарын жүзеге асыруға тырысатындар жыл өткен сайын көбейіп бара жатқандай. Саентология шіркеуінің негізін салушы Рональд Хаббардтың «байығың келсе, жаңа дін ойлап тап» деген өсиетін ұстанушылар қатары жыл санап өспесе, кемитін түрі жоқ. Жаңа діндердің арасында кімдер жоқ дейсің. Тіпті, ақылға сиымсыз сандырақтарға негізделген секталар да аз емес. Мәселен, Ресейдің бір провинциялық қаласында бұрын милицияда істеген біреу жаңа дін ойлап табады. Діннің идеясы мынадай: адамның санасындағы түрлі тежеушіліктер оның бақытты өмір сүруіне кедергі келтіреді-міс. Сондықтан ол ізбасарларын санасын тежейтін нәрселерден түгел арылуға шақырады.

Ол үшін тырдай жалаңаш шешініп алып, қышқырып айқайлау, еденге жата қалып аунау, өзін өзі тоқпақтап, аузына түскенді айту, болмаса бар даусымен барқырап өлең айту сияқты ақылға сиымсыз істерді жасауың қажет көрінеді. Бұндай «жаттығулар» адамның бойындағы туа біткен ар-ұят, жағымсыз нәрселерден бой тарту, нәзіктік, ұяңдық сияқты ізгі қасиеттерінен жұрдай етуге бағытталған.

Айқайлап, қышқырып ойына келгенді жасаудан басталатын «жаттығулардың» соңы тырдай жалаңаш әйелдер мен ер адамдардың бірге шомылуымен, сонан кейін тамам жұрттың көзінше анайы жыныстық жақындыққа түсуімен аяқталады. Тұрмыс құрмаған жас қыздар мен жігіттерді былай қойғанда, бала-шағасы бар еркектер мен әйелдер де сектаға кіріп, үй-жайы мен туған туыстарын, ең сорақысы, ар-ұятын түгел ұмытып, аз ауақытта есалаңға айналып шыға келетін болған. Сектаның қармағына түскендердің туыстарының арыз-шағымымен жергілікті құқық қорғаушылар әупіріммен сектаның жұмысын әзер тоқтатқан.

Сектаның қармағына түспеудің амалы

Су жаңа секталардың ұйымдастырушылары өз құрбандықтарын қармаққа мықтап түсіру үшін бүгінгі психолгия ілімінің ең соңғы жетістіктерін тамаша пайдаланады екен. Олар гипноздау тәсілімен адамдардың ақыл-ойын тұмандандырып, нағыз мәңгүртке айналдырып алады. Содан болар сектаның қармағына бір түскен пенденің одан құтылуы қиын. Адамдарды ақыл-естен айыртын қатерлі діни ағымдардың қармағына түспеудің ең сенімді жолы ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігін айыратындай дін саласында толымды білім болу қажет.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика