360 көрілім

адам мүмкіндігіСенім дегеніміз не және ол адамға қандай игілік, не пайда әкеледі? Өкініштісі сол, бір кезде ұлы грек ойшылы Платонның «сеніммен тау қопаруға болады» деген даналығын бүгінде елеп-ескеріп жатқан пенде жоқ. Сенім дегеніміздің өзі қазір жәй көз алдау үшін айтыла салатын еш салмағы, қадір-қасиеті жоқ түсініккке айналды. Адамдар осындай теріс көзқарастары арқылы қаншалықты мүмкіндіктен айрылып жатқанын сезбейтін сияқты.

Сенімнің астарындағы тылсым қуат

Ресейлік  теолог Александр Хакимов өзінің бір лекциясында ертеректе танысының басында болған бір жағдайды мысал ретінде келтіреді. Оның айтуынша, танысының әкесі электрик болып бір кәсіпорында жұмыс жасапты. Содан бір күні ол ішіне мұздатқыш құрылғы орнатылған вагонда жұмысі стейді.  Оның вагон ішінде екенін білмеген күзетші кешкілік вагон есігін сыртынан жауып кетеді. Содан мұздатқыш құрылғысы бар вагонда қамалып қалған  электрик небары алты сағаттық өмірі қалғанын түсінеді. Оның вагон есігін соққылағаны, айқайы ешкімге естілмейді.

Ертеңіне жоғалып кеткен электрикті адамдар жабық вагоннан табады. Оның денесі мұз болып қатып қалыпты. Таңғаларлығы сол, вагонның мұздатқыш құрылғысы электр желісіне қосылмаған екен. Яғни, мұздатқыш жұмыс істемеген. Қыркүйек айының басы болғандықтан, күн онша суық та болмапты. Яғни, тірідей тас болып қатып қалатын суық температура болмаған. Электриктің денесінің соған қарамастан мұз болып қатып қалуына оның өз ақылы мен ішкі сенімі себеп болған көрінеді. Ол өзін өзі алты сағаттың ішінде тас болып қатып қаламын деп сендірген. Міне, сенімнің күші.

Сеніммен аурудан айығуға болады

«Секрет» фильмінің бір кейіпкері қатерлі ісік (рак) дертіне шалдығып, дәрігерлер көп ұзамай өлесің деген үкім шығарады. Дегенмен ол, ауруға қарсы тұратын амал ойлайды. Содан ештеңе ойламай, тек көңіл көтеретін бағдарламаларды қарап, кинокомедиялар көреді. Осылайша көңілін жасанды тәсілмен көтеріп,  күлкімен уақыт өтізеді. Арада екі-үш ай өткенде ол дәрігерге қайта барып көрінеді. Таңғаларлығы сол, оның тәніндегі қатерлі ісік жоғалып кетіпті.

Сенім күшін мақсатқа жетуге пайдалануға болады

Сенімнің бізге беймәлім тылсым құдіретті күшін біз өзімізді құртуға да, керісінше арман-мақсатымызға жетуге де пайдалана аламыз. Напалеон Хилдің «Олан да байы» атты кітабын аудару барысында қайыршыдан хан болып, байлыққа жеткендердің бәрі негізінен осы сенім күшін пайдаланатындығына көзім жетті. Кітапта бұл жалаң сөзбен емес, нақты мысалдар арқылы тамаша айтылған.

Брайан Трейсидің айтуынша, ойыңа алған мақсатыңа жетудің құпиясы: күнде таңертең сол мақсатыңды қағазға жазып отыру. Күн сайын осындай қарапайым жаттығуды жасау арқылы сен сенім күшін түйсігіңе ақырындап сіңіресің. Ал түйсік өз кезегінде сенің қатысуыңсыз ойыңа алған мақсаттарыңның орындалуына қажетті жағдайларды жасап, жолыңды ашады. Осылайша сенім құдіреті арқылы ойыңа алған мақсаттарыңды жүзеге асыруға мүмкіндік ашылады.

Иә, әр адам өз өмір жолын жасап, сенім қуатын игілігіне пайдалануына мүмкіндігі бар. Жаратқан берген сондай құдіретті қаруды пайдалана алмасақ, ол біздің өз кінәмізден туындағын олқылық болып табылады.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика