Сенімі жоқ адам жапырағы жоқ қураған ағаш сияқты

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Кеңес заманында атеистік көзқарас мемлекеттік басты идеология болып саналды. Сондықтан болар, жас та, кәрі де құдайсыздықты мақтаныш етіп, иманды адамдарға артта қалған надан деп шекеден қарайтын. Қазір бұл көзқарас біраз өзгергенімен, кеңестік атеистік түсінікті саналарына сіңірген жандар әлі де баршылық.

 Құдайға сенбеймін деу наданмын, ақымақпын дегенмен бірдей.

Таяуда әлеуметтік желілердің бірінде республиғаға танымал бір қалталы кәсіпкер атеис екендігін, құдайға мүлдем сенбейтіндігін зор мақтанышпен жазыпты. Осылайша ол өзінің құдайға сенетін иманды адамдардан артықшылығын, білімділігін көрсеткісі келген сыңайлы. Шындығында ол осы әрекетімен өзінің надандығын, ақымақтығын дәлелдегендей.

Құдайдың немесе жаратылыстың сыртында үлкен бір саналы күштің барлығын дәлелдейтін жайлар жетіп артылады. Оны түсінбеу немесе мойындамау қарапайым сөзбен айтқанда ақымақтық, ал жалпақ тілмен айтар болсақ топастық.

Жан-жағыңызға зер салып қараңызшы, барша тіршілік, жанды-жансыз табиғат түгел белгілі бір заңдылыққа бағынып, қатаң реттілік бойынша тірлік кешеді. Мұның бәрі өздігінен еш себепсіз пайда бола салды деу ақылға сиымсыз. Жер өз осінен белгілі жылдамдықпен айналады, күн, жұлдыздар да белгілі орбита бойымен, белгілі шапшаңдықта қозғалады. Жер бетіндегі тіршіліктің өмірі үшін мыңдаған, миллиондаған қажетті шарттар жасалған.

Белгілі бір температура, қысым, ауа, күн мен түннің жыл мезгілдерінің ауысуы, қажетті қоректің болуы, т.б. Адамның миы 3 миллиардтан астам клетакадан тұрады екен. Адам тәнінде 20 триллионға жуық клетка бар. Осындай күрделі тіршілік иелерінің өздігінен кездейсоқтың күшімен жаратыла салды деу және олардың өміріне қажетті қолайлы жағдайлар да кездейсоқ болды деу ақылдылыққа жата ма?

Атеитстік көзқарас екі дүниеде де азап пен өкініш әкеледі.

Кеңес заманында югославиялық «Пришло время любить» деген бір картина болды. Жыныстық жақындықты біршама ашықтау көрсететін сол киноға жұрт қырылып барды. Ол кез жас күніміз, бір топ қыз-жігіт әлгі фильмге бардық. Біздің жанымызда бір мосқал кісі отырды. Киноға елігіп, қарқ-қарқ күліп мәз болып отырған жұртқа керісінше әлгі қайта-қайта күрсініп, бір кезде кино бітпестен шығып кетті. Кейін түсіндім, атейстік көзқарасты санасына сіңірген әлгі бейбақ өтіп кеткен, қайта айналып келмейтін жастығын ойлап қамықса керек.

Атейс қартайғанда міндетті түрде күн санап жақындап келе жатқан ажалдан қорқып, үрей мен қорқынышқа бой алдырады. Ол үшін ажалдың арғы жағында ештеңе жоқ, мәңгілік қара түнек. Ал керісінше құдайға сенетін адам о дүниеден де жақсылық күтіп, жақындап қалған ажалдан да, кәріліктен де қорықпайды.

Егер сіз әлі күнге дейін құдайдың бар, жоқтығы жөніндегі көзқарасыңызды анықтамаған болсаңыз, тезірек айқындап алыңыз. Өйткені болашағыңыздың жарқын және үмтке толы болуы немесе үмітсіз, сенімсіз қорқыныш құрсауында күн кешуіңіз – дәл осыған байланысты болмақ.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика