1 061 көрілім

өзін жетілдіруЕртедегі бір ғұламаның айтқан бұл сөзін көп адамдар балама түрде ғана түсінеді. Шындығында оны қалай түсінсең де бәрібір. Ең бастысы, сенім арқылы мүмкін емес нәрсені мүмкін етуге болатындығында. Напалеон Хиллдің кітабын оқи отырып, осыған анық көз жеткізуге болады.

Дауылды тоқтатар күш бар ма?

Бүгінде өткен жайларды ақылға салып таразылай келе ұлымның жетістігіне оның маған кіршіксіз сенуі ықпалын тигізгенін түйсінгендей боламын. Ол мен айтқан жайлардың ешқайсына күмән келтірмей сол күйінде қабылдады. Мен оған он екі мүшесі сау үлкен ағасымен салыстырғанда көптеген артықшылықтары барлығын сендіруге тырыстым.

Мәселен, мұғалім оның құлақ қалқандарының жоқтығын көргенде оған ерекше назар аударып, жанына тимеуге тырысады. Ол шынында да жағдайдың солай болғандығын көрді. Немесе ол ержеткен кезде ағасы сияқты көшеде газет сатқан кезінде он екі мүшесі сау балалармен салыстырғанда оның көп артықшылығы болады. Оны көрген адамдар кемтарлығына қарамай, пысықтығына разы болып, көбірек ақше бермек.

Оның жасы жетілерге келгенде біз санасына сіңірген нәрселердің жеміс бере бастағаны сезілді. Ол бірнеше ай бойы бізден газет сатуға қажетті ұсақ сұрап мазаны алды. Дегенмен, анасы оған рұқсат етпеді.

Ақырсында балақан бәрін өзі шешіпті. Бірде оны үйде қызметшінің бақылауында қалдырғанымызда, терезе желдеткішінен білдірмей шыққан ол көрші дүңгіршекте істейтін таныстан 6 цент қарыз алып, соған газет алып сатады. Ол сатқан ақшасына тағы газет алып, кешке дейін 42 цент тауыпты. Кешке жұмыстан келгенімізде ол төсекте тәтті ұйқы құшағында екен. Бір қолын қатты қысып алыпты. Алақанын ашқанымызда одан 42 цент түсті. Соны көрген анасы жылап жіберді.

Ұлымыздың алғашқы жетістігіне анасы жыласа, мен шын жүрегімнен қуана күлдім. Өйткені, менің табандылығым мен қайтпас ерік күшім өз нәтижесін берді. Сәбидің санасына өз мақсат-тілектерімді сіңіру ақырсында нәтижеге жеткізді.
Ұлымыздың алғашқы көшеге шығып ақша тапқан әректінен анасы қаршадай баланың тәуекелге бел байлап жасаған өлермендігін көрсе, мен өзіне сенімді іскер бизнесменді көрдім. Бұл мені қуанышқа бөледі. Ұлымның бойындағы бұлқынған күш пен болашаққа деген нық сенім көңілімді көкке шалқытты.

Саңыраулық

Кәшкентпай саңырау бала мектепте, онан кейін колледжде оқыды. Оның құлағына тақалып айқайламаса естімейтін. Бірақ ол соған қарамастан, саңырауларға арналған мектепке барудан бас тартты. Біз оған ымдау арқылы түсінісуге рұқсат етпедік. Баламыз түптің түбінде толыққанды өмір сүретін болады деп кәміл сендік және бұл мектеп басшыларымен біраз кикілжіңдер тудырғанына қарамастан.

Ұлымыз колледжде оқып жүрген кезінде бір дыбыс зорайтқыш құрылғыны пайдаланып көрген еді. Дегенмен, оның еш нәтижесі болмады. Содан арада бір жетідей өткенде оның қолына тағы бір құрылғы түседі. Бұл жолы ол құрылғыны пайдалануға асықпайды. Өйткені, тағы да сәтсіздікке ұшырармын деп қорыққан еді.

Ақырсында ол құрылғыны киіп, тәуекел деп оны қосып көреді. Құдайым-ай десеңші, міне ғажап, ол айналасындағыларды еш қалтқысыз ести бастады. Қуанышы қойнына симаған ол бірден телефонға жүгіріп, жақсы хабарды анасына айтады. Ол бірінші рет аудиторияда оқытушының лекциясын анық естді. Ол бірінші рет айналасындағылармен еркін әңгімелесе алды. Осылайша, оның өмірі түбегейлі өзгерді.

Сөйтіп, ұзақ жылғы баланың арман-тілегі іске аса бастады. Дегенмен, түбегейлі табысқа жеттім деп санауға әлі ерте еді.

О, сүйкімді дыбыстар!

Күтпеген жерден тап болған қуанышқа кенелген бозбала өз ахуалын толық түйсінбестен, дыбыс зорайтқыш құрылғы жасайтын кәсіпкерге хат жазады. Компания басшылығын қуанышқа кенелген жасөспірімді шақыруға әлдене түрткі болған сияқты. Нью-Иорктегі фабриканың бас инженерімен кездесіп, цехтарды аралап жүрген кезінде санасында белгісіз бір идея (оны қалай атасаңыз да бәрібір) жарқ еткендей болады. Дәл осы жарқ етіп көрінген ой-арман оның бойындағы кемтарлықты мол ақшаға және адамдарға жақсылық жасайтын қайрымды шаруаға айналдырғандай еді.

Оның санасында өзі сияқты миллиондаған саңырау адамдардың дыбыс әлемінен тыс өмір сүріп жатқандығы, мына құрылғы соларға бақыт силайтындығы жарқ етіп көрінген.
Бір ай бойы ол дыбыс зорайтқыш құрылғыларды сату, саңырау адамдармен байланысып, оларға өзінің бастан кешкен ғажайып жайлары туралы жеткізу жайын ойлады. Содан кейін ол екі жылдық жоспар жасады. Ол бұл жоспарын компания басшылығына білдіргенде, оны жүзеге асыру үшін ұлымды бірден штатқа қызметке алды.

Бұл қызметке алғаш кіріскен сәтте ол дыбыс әлемінен тысқары өмір сүретін миллиондаған кемтар адамдардың өмірін жақсартуға ықпал етемін деп ойлады ма, жоқ па білмеймін.
Мен анасы екеуміз ұлымыз Блэейердің санасына еститін болып, кемтарлығынан айығатындығына деген сенімді сіңірмесек, ол өмір бойы қаратүнекте қалатындығына еш күмәнсізбін.

Мен барлық жан жүрегіммен айналаны естуге, сөйлеуге, барша адамдар сияқты толыққанды өмір сүруге деген құштарлықты оған сіңіру арқылы ұлымның тылсым тыныштыққа бөленген өлі әлеміне белгісіз тербеліс жіберіп, сол арқылы мына дүниеге шығар көпір орнатқан сияқтымын.

Шындығында бәрі заттанған құштарлық идеясының жемісі болса керек. Блэйер естігісі келді және ол еститін болды. Ол алдына кішігірім ғана мақсат қоя алатын жағдайдағы кемтар болып туды.

Ұлымды сауықтыру үшін оның санасына сіңірген жалған ой-ниетім шын мәнінде шындыққа айналды. Шындығында, құштарлықпен ұштасқан нық сенімнің алмайтын асуы жоқ мына дүниеде. Ең бастысы, бұл адамдардың бәрі үшін қолжетімді.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика