879 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

Әрнәрсенің өз мөлшері болады, ал мөлшерден асып кетсе, оның пайдасы емес, залалы тимек. Адам сезім нысаны арқылы фәни дүниенің игіліктеріне байланады. Бұл – табиғи және заңды құбылыс. Дегенмен, сезім нысанына шектен тыс байлану – адамға үлкен залалын тигізеді.

Рухани азаттық дегеннің мәні қандай?

Эзотерикалық шығармаларды оқи қалсаңыз, азаттық деген сөзді жиі ұшыратасыз. Рухани азаттықтың мәні – фәни жалғанның игіліктеріне байланбай, бәрінен бос болу. Әрине, бұл екінің бірінің шамасы жетпейтін биік мақсат. Дегенмен, барлық фәни игілікті тәркі етуге шамаңыз жетпегенмен, тым болмағанда сезім нысандарына шектен тыс байланбауыңыз шарт.
Қожа Ахмет Яссауи бабамыз 63 жасқа келгенде дүниені тәркі етіп жер астына өз еркімен түсті. Сөйтіп ол қалған ғұмырын жарық дүниені көрмей, қара су мен кепкен жемісті қорек етіп, күндіз-түні Аллаға құлшылық етумен өткізді. Дәл осындай тәркі етушілікті бүгінгі пенде жасай ала ма? 63-ке келген кез-келген кісіден жер астына түсіп, дүниені тәркі етесіз бе деп сұрасаңыз, сізді ақыл-есінен айрылған есуасқа балайтыны анық.
Мың жылдан астам ғұмыр кешкен Қожа Ахмет Яссауидің есімінің әлі күнге ел сақталуы, оған барша мұсылман жұртының зор құрмет көсретуі – ұлы бабамыздың осындай тәркі етушілігінің астарында үлкен тылсым сырдың барлығын көрсетеді. Тек тәркі етушілік арқылы ғана адам рухани азаттыққа қол жеткізбек.

Құрметті оқырман! Ақиқат блогы бес жылдан бері жұмыс істеп келеді, түрлі тақырыпта мыңға жуық мақалалар жарияланған. Сайттан сіз көптеген пайдалы ақпараттар ала аласыз. Сізге өтініш: бірер минут уақытыңызды бөліп, сайттың оң жақ қанатындағы жарнамалық баннерлерді басып, ашылған сайтқа кірсеңіз. Осындай қарапайым әрекет арқылы сіз сайтты ұстауға үлкен көмегіңізді тигізер едіңіз. Алған пайдалы ақпаратыңыз үшін алғысыңызды осылай білдірсеңіз.

Сізге бақыт болып көрінген нәрсенің астарында бақытсыздық жатқанын білесіз бе?

Бала-шаға, байлық, атақ-мансап, арақ-шарап, ойнап-күлу – бәрі де фәни жалғанның қызықтары. Оның бәрі адамдарға сезім рахатын сыйлап, бақыттың шыңына көтереді. Бірақ, мына дүниеде барлық нәрсенің екі жағы болады. Бүгін сізге бақыт әкелген нәрсе, ертең қайғы мен қасыретке ұшыратуы мүмкін.
Осыдан біраз жыл бұрын Астанада жұмыс істеп жүрген кезімде елулер шамасындағы бір кісімен кезедстім. Ол қала маңындағы бір ауылда тұрады екен. Жалғыз ұлы бақытсыз жағдайдан қайтыс болыпты. Ұлының қайтыс болғанына бес-алты жыл өтсе де, әлгі кісі баласын зарлап есіне алып айтады да отырады. «Егер ұлым тірі болғанда, мен бүйтіп қалада жұмыс істеп қаңғып жүрмес едім» -дейді ол. Бір кезде көз қуанышы болған ұлы енді оның жазылмас жан жарасына айналған сияқты.
Ауылда тұратын жалғыз баласынан айрылған жесір әйел ақылынан ауысып, жынданып кетті. Ал бір аудандық белді мекемеде бастық болып істейтін кісі қызметінен алынғанда инфаркт алып, ауруханаға түсті. Байлығынан айрылып қалған бір бизнесмен соған шыдамай ауырып, қайтыс болды.
Мұндай мысалдарды көптеп келтіре беруге болады. Яғни, мансапқа, байлыққа, бала-шағаға, басқа да сезім нысандарына шктен тыс байлану – адамды соған тәуелді етеді және сол сезім нысанынан айрылып қалармын-ау деген үрей мен қорқынышта ұстайды. Ал одан шынында айрылып қалған жағдайда, қатты қайғырады.

Сезім нысанына шектен тыс байланбаңыз.

Сезім нысанына шектен тыс байланбау адамға не береді? Ең алдымен сіз еш уайым-қайғысыз өмір кешесіз және үрей мен қорқыныштан аулақ боласыз. Бұған көз жеткізу үшін мына мысалға назар аударып көрелік.
Дүкенге басып кірген қарақшылар бағалы заттар мен көп ақшаны алып кетті. Бұл жағдайда қарақшылардың шабуылына ұшырағанына қарамастан, дүкенші жаны қалғанына қуанады, ал үйінде жайлы төсекте жанын бағып жатқан дүкен иесі керісінше осы хабарды естігенде ақыл-есінен айрыла жаздап, қатты қайғыға ұшырайды. Неге? Өйткені, жалданып жұмыс жасайтын сатушыға дүкен мүлкі мен ақшаның тоналуы еш әсерін тигізбейді, ал керісінше бұл дүкен иесіне қатты соққы болып тиеді. Бұның астарында байлану жатқандығы белгілі.
Сезім нысанына байлану табиғи құбылыс болғанымен, сіз оған шектен тыс байланбаңыз. Бала-шаға, дүние-мүлік, мансап, атақ-даңқ, туған туыс, бауыр, жастық шақ – бәрі де өткінші және уақыты келгенде оларды міндетті түрде жоғалтасыз. Сондықтан ондай сезім нысандарына қатты байланбай, оны кез-келген сәтте жоғалтып алуға дайын болуыңыз шарт. Міне, сондай жағдайда сіз үрей-қорқынышсыз, уайым-қайғысыз тірлік кешесіз және басыңызға бақытсыздық түскенде омырылып сынардай қатты қайғырмайсыз. Шынайы азаттық дегеніміз де осы.

Артық салмақтан арылу, сұлу, сымбатты болып, өзіңізді әрдайым сергек сезіну, аурулардан аулақ болып, денсаулықты нығайту, халық емшілігі - осылардың бәрін сіз мына сайттан таба аласыз (сілтемені басып сайтқа кіріңіз): https://eatsdiet.ru/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика