98 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

Реинкарнация туралы кең және толымды түсінік беретін буддизм дінінде шағын және үлкен шеңбер туралы ұғымдар бар. Реинкарнация дегеннің не екендігін толық ұғыну үшін де осы екі ұғымды жан-жақты түсініп алуымыз қажет болады.

Қасиетті Құранда «Ол Алла сендерді жаратып, сосын ризық береді, одан кейін өлтіреді, соңыра тірілтеді» (Рұм сүресі, 40 аят) делінген. Материалистік түсінік бойынша өлген адам ешқашанда қайта тірілмейді, тәнімен бірге санасы да мәңгі өшіп жоғалады. Ал ислам, христиан сияқты дәстүрлі діндердің бәрі реинкарнацияны мойындамаса да, өлген соң адамның қайта тірілетінін растайды. Құранның жоғарыда келтірілген аяты осыған анық дәлел.

Сонымен адам дүниеге келіп, біраз жылдар ғұмыр кешіп, қартайғасын ажалы жеткен сәтте өледі. Бірақ адам өмірі осымен бітпейді. Құранның жоғарыда келтірілген аятында айтылғандай, ол Алланың пәрменімен қайта тіріледі, яғни қайта дүниеге келеді. Бірақ бұл мұсылмандар мен христиандардың ұғымындағыдай бір ғана рет қайталанатын құбылыс емес, туу мен өлу және қайта тірілу, яғни қайтадан дүниеге келу сансыз көп қайталанатын заңдылық.

Бұның өзін тұйық шеңбермен салыстыруға болады, яки адам туады, өсіп ержетеді, соңыра ажалы жеткенде өледі. Содан кейін бұл үдеріс қайта жалғасады, яғни адам қайта туады, белгілі мерзім өмір кешіп, қартайып өледі. Осылайша пенде туу мен өлімнің арасындағы тұйық шеңберде мыңдаған, миллиондаған, миллиардтаған жылдар айналумен болады.

Сіздің шеңбер бойымен зыр жүгірген тиінді көргеніңіз бар ма? Тиін қандай шапшаңдықпен, қанша жүгірсе де тұйық шеңберден ешқашан шығып кете алмайды және жол да ешқашан таусылмайды. Өйткені, тұйықталған шеңбер жолы ешқашан бітпейді. Адамның өмірі мен өлімі де сондай ешқашан бітпейтін тұйық шеңбер іспетті.

Дегенмен де, бұл тұйық шеңбердің көлемі бірдей емес. Реинкарнация ғылымын жан-жақты түсіндіретін және оған кең көлемде көңіл бөлетін буддуизм дінінің ұғымынша, үлкен және кіші шеңбер бар. Енді осыған кеңірек тоқтала кетелік.

Буддизм дінінде жоғарыда айтып кеткеніміздей өлген адам «бардо» деп аталатын 49 күнде жүріп өтетін жолмен жүріп өтеді де, қайта туылып, басқа тән алады. Ал егер ол пенде тіршілігінде жасаған жаман күнәлі әрекеттеріне сай 49 күнде өтетін жолдан өте алмаса, күнадан тазартуға арналған дәстүрлі діндерде «тамұқ немесе тозақ» аталған тазартқыш мекенге түссе, ол күнәсінен тазарғанша біраз жылдар сол орында болына тура келеді.

49 күндік жолдан өтіп қайта тән алу – бұл кіші шеңбер аумағында болу деген сөз. Қайтыс болдың, көп ұзамай қайта туылып, басқа тәнге ие боласың да, өміріңді одан әрі жалғастырасың. Әрине, бұндай жағдайда адам жоғарыда баяндап кеткеніміздей, өткен өмірін есінде сақтамайды. Өзін дүниеге алғаш рет келгендей сезініп, бәрін де басынан қайта бастауына тура келеді. Бірақ та, карма заңына сай бойында ұялаған түрлі қасиеттері мен өткен өмірінде алған рухани ілім-білімі сақталады.

Ютуб каналында шетелдік «Клюк» деп аталатын кино бар. Оның басты кейіпкері бизнесмен жігіт автокөлік апатынан қаза табады да, бірден сол сәтінде иттің тәніне ие болады. Қайта туудың жылдам болғаны сонша, ол тіпті, өзін ит сезініп те үлгірмейді. Жады сақталған ол бұрынғы өзі тұрған үйді тауып алып, соны айналшықтап шықпайды. Құдайдың құдыретімен өткен өмірін есінде сақтаған әлгі өзін адам сияқты сезініп, осы үйдің иесіндей әрекет етпек болғанда, бұнысы бұрынғы әйеліне ұнамай итті қуып шығады. Өз үйінен таяқ жеп қуылған ит байғұс көше кезіп, қаңғыбас тірлікке салынады.

Кіші шеңбердің ықпалынадғы пенделер туу мен өлім аумағын жиі қайталап, шыр айналумен болады. Адам тәнін ғана емес, тіршілігінде жасаған әрекеттеріне және ақыл-ой деңгейіне байланысты басқа хайуандардың тәнін алуы, тіпті өсімдікке айналуы да мүмкін. Күнәсі ауыр адамдар ағашқа айналса, ондаған, тіпті жүздеген жыл бойы қыстың қақаған аязында, жаздың қапырық ыстығында орнынан қозғала алмай сіресіп тұруға мәжбүр болады, ал құстар келіп төбесіне ұя салып, тышып-сиіп ластайды, кейбір адамдар бұтағын кесіп отын етеді. Ал қаңқиып тұрған ағаш соның бәрін сезсе де, еш сөз айта алмайды, қарсылық танытуға да қауқары жоқ. Бәріне үнсыз төзуге тура келеді.

Жоғарыда тілге тиек етілген қайта тірілген жігіттің әңгімесін есімізге түсірейік. Өлгеннен кейін қайтыс болған атасымен бірге тұрған жігіт атасынан о дүние туралы көп жайды естіп біледі және өз көзімен де біраз жайды көреді. Атасының айтуынша, өлген адам неғұрлым таза, жақсы өмір сүрсе, жоғары қабатта өмір сүреді. Ал жоғарыда жарық мол, шуақты және ұзақ бақытты тірлік кешуге болады. Керісінше, күнәлі әрекеттерді көп жасаған адам төменгі қабатқа түсіп, қараңғы, қапаста, суықта азапты тірлік кешеді және төмендегі орында ол көп тұрақтамай, одан әрі төмендеп немесе қайта тууға мәжбүр болады. Бұдан ұғарымыз: өлген адамның өмір сүретін ортасы тірлігінде жасаған жақсы-жаман әрекеттеріне байланысты болады екен және о дүниеде ұзақ, не қысқа мерзім өмір кешуі де соған байланысты болатын секілді.  

Ислам дінінде «қабір өмірі» деген түсінік бар. Мұсылмандардың ұғымынша, өлген адамды қабірде Мүңкір-Нәңкір атты екі періште сұраққа алады. Күнакар пендені ұрып-соғып, азаптайды. Одан қалды жер мүрдені сығып, қысып азапқа салады. Ал иманды жанның қабірі кең сарайдай болып кеңейеді және бір жағынан жұмақтың көз тартар көрікті бейнесі де көрініп тұрады. Осылайша Алла тақуа пендесіне болашақта жұмаққа енетінін хабардар етіп, көңілін демдейді. Қабірдегі өмір қиямет қайымға дейін созылмақ. Содан кейін қиямет сотына тартылып, күнасы аздар мәңгі жұмаққа, күнасы көптер мәңгі тозаққа түседі.

Қасиетті Құранда «Олар тозақта көктер мен жердің тұруынша мәңгі қалады» (Һүд сүресі, 107 аят) делінген. Құранда сондай-ақ, көк пен жердің уақытша екендігі, мерзімі келгенде олардың да жойылатыны айтылады. Яғни, күнәсі үшін тозаққа барған немесе имандылығы үшін жұмаққа енген пенде онда мәңгі қалмайды.

Веда ілімінің қайнары саналалатын Бһагавад Гитада Брахма күні біткенде жер мен көктің жойылатыны, ал Брахма күні қайта басталғанда жер мен көктің қайта жаратылатыны айтылады. Брахма күні мен түні адамзат жыл санауында миллиардтаған жылдарға созылатын өте ұзақ мерзім. Брахма күні біткенде барша тіршілік иелері қиямет сотына тартылып, күнәсінің аз-көптігіне қарай не тозаққа, не болмаса жұмаққа жіберіледі. Ал милиардтаған жылдарға созылатын Брахма түнінде адам баласы тозақта күнәсі үшін азап шегіп, болмаса жұмақта жан рахатына кенеліп уақыт өткізеді. Брахма күні қайта басталғанда тіршілік иелері қайтадан жер сияқты орта деңгейлі ғаламшарларда дүниеге келіп, кармалық тіршілігін одан әрі жаластырады.

Ислам, христиан сияқты дәстүрлі діндерді ұстанатын адамдардың көбісі осылайша өлген соң қабірдегі өмірді бастан өткеріп, қиямет қайымға дейін қайта тумайды. Осыған орай, олар үлкен шеңбердің ықпалында болады. Адам үлкен шеңбермен айнала ма немесе кіші шеңбермен туу мен өлім жолында бола ма – бұл оның жасаған әрекеттеріне және ақыл-ой деңгейіне байланысты болмақ. 

Үлкен шеңберді құмар ойынындағы «ва банк» деп аталатын әдіспен салыстурға болады. Адамдар 70, болмаса 80 жыл ғұмыр сүрді, осы өмірінде жасаған жақсы-жаман әрекеттеріне байланысты қиямет сотына тартылады да, күнәсі аз болса миллиардтаған жылдарға созылатын Брахма түнінде жұмаққа еніп, жан рахатына кенеледі, ал күнәсі көп болса, онда миллиардтаған жылдар тауқымет тартқызатын тозақ нәсіп етіледі. Құмар ойынын ойнаған адам бар ақшасын салып, ва-банкке барып не түгел ұтып олжаға қарық болады, болмаса барынан айрылып, тақырға отырады.

Ал кіші шеңбермен айналғандар сансыз көп туу мен өлімді бастан кешіп, имандылыққа бой ұрып, мол сауап алу мүмкіндігіне көбірек ие болады. Дегенмен, кіші шеңбердің де қауіп-қатері аз емес. Күнәға батқан пенде адам емес, хайуанның тәнін алып, қараңғылық құрдымына құлауы мүмкін. Одан тек эволюциялық даму жолымен көп уақыт өткенде ғана шығуға болады.

Қазақ тілінде кез-келген тақырыпта мақала жазуға, мәтінді орыс тілінен қазақшаға аударуға, өз атынан кез-келген тақырыпта кітап жаздыруға тапсырыс беруге болады. Ақысы келісімді. 8-701-3001474 телефонына немесе вадсапқа хабарласыңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика