1 221 көрілім

21«Шаш адамның көркі» дейді халық даналығы. Шынында шаш адамға көрік беріп, келбетін аша түседі. Әрине, дұрыс қойылған, бет пішінімен үндесетін шаш үлгісі болса. Дегенмен де, шашымыз көбіне өзіміз ойлағандай бола бермейді. Сондай-ақ, әсіресе ер адамдарда жасына жетпей шаш түсіп, қасқабастанып жататын жайлар кездеседі.

Қазір жастар арасында шашты тықырлатып алдырып тастау сән болып саналғанымен, егер зер сала қарасаңыз тақырбастан гөрі, талғаммен қойылған шаш үлгісі адамның бет пішінін ашып, көріктендіретінін, оған салиқалық сипат беретінін бағамдаймыз. «Қарамаса әйел, бақпаса мал кетеді» дегендей-ақ, шаш та күтуді қажет етеді.

Толқындаған қою шашты кім армандамайды?

Шаш күтімі тек сусабынмен күнде жуып отырумен шектелмейді. Шаштың түсуіне, оның құрғақ, майысқақ болына, қайызғақтың пайда болуына – бәріне адам ағзасындағы белгілі бір витаминдердің жетіспеушілігі әсер етеді екен. Шаш күтімі дәл сондай витаминдермен ағзамызды қамтамасыз етуге бағытталғанда ғана игі нәтиже береді дейді мамандар.

Ағазымызға, әсіресе бас құйқасына қажетті витаминдер неғұрлым көп барса, шашымыз соғұрлым жарқыраған қою және толқынды бола түспек. Сондай витаминдердің қатарында А витамині бар. Ресейдің ғылыми-зерттеу институты жүргізген дерек бойынша, ел халқының 30 пайызында А витамині жетіспейді екен. Бұндай витаминді қайдан аламыз?

А витамині мынадай өнімдерде болады: сары май, қаймақ, сүт, балық, уылдырықта. Адамға тәулігіне 1 мг. мөлшерінде аталмыш витамин керек. А витамині табиғи қалыпта тек жануарлардың өнімінде болады. Сонымен бірге, сәбіз, қызылша, қызыл бұрыш, қырыққабат, томатта да аталмыш витамин кездеседі.

Қасқабас болғыңыз келмесе В витьаминін пайдаланыңыз.

Шаштың түсуі тек ер адамдарда ғана емес, әйелдерде де кездеседі. Сондықтан, шаштың түсуін тоқтату, қою толқынды шашты сақтау үшін шаш күтіміне көңіл бөлу қажет. Оның ең сенімді жолы жоғарыда айтып кеткеніміздей, ағзамызды қажетті витаминдермен қамтамасыз ету.

Шаштың түсуі, құрғақ немесе майлы болуы, қайызғақ басуы – бәрі бас құйқамыздың В витаминін толық көлемде алмауынан туындайды екен. Осыған орай, В витаминімен ағзамызды қамтамасыз етсек, бұл мәселе шешімін табатын болады.

Ресей ғалымдарының дерегінше, ел халқының 60 пайызында В витаминінің жетіспеушілігі байқалып отырған көрінеді. Арнайы зерттеу жүргізілмесе де, біздің елімізде де көрсеткіш деңгейі осы шамалас деп санауға болады.

В витаминінің түрі көп. Ұйқысыздық пен бас ауруына себеп болатын В1 витамині нанда, сұлы мен күріш, бұршақ өнімдерінде, жаңғақ пен жүзімде болады. В2 витамині қарақұмық (гречка), көкөністерде, нанда, балықта, сүт өнімдерінде кездеседі. Бұл витаминнің жетіспеушілігі шаштың ұшының құрғақ, ал тамырының керісінше майлы болуын туғызады.

В3 витамині жетіспеген жағдайда шаш түсіп, оның өсуі баяулайды. Аталмыш витамин қызанақта, сәбізде, ірімшікте, жұмыртқа мен картопта, бидай өнімдерінде болады. В5 витаминін ағзамыз қалыпты мөлшерде алған кезде шашымыз жұмсақ, қалың болып, жалтырап тұрады. Бұл витаминді бұршақтан, сұлы мен қарақұмықтан, жапырақты көкөністен, сүт өнімдерінен ала аламыз.

Егер сіз шашыңыздың ұзақ жылдар сақталып, көрік беруін қалайтын болсаңыз, ағзаңызды жоғарыда аталған витаминдермен қамтамасыз етуге көңіл бөліңіз. Оның жалғыз жолы – сол витаминдері бар өнімдерді тұтыныңыз. Бұл онша қиын шаруа емес және ол өнімдерді азық-түлік дүкендері мен базардан оңай табуға болады.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика