79 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

Атеистік түсінікті санасына сіңірген адамдардың тіршілік кездейсоқ жаратылды, саналы адам эволюциялық дамудың жемісі және өлім деген мәңгілік ұйқы деген ұстанымы – әлемнің шексіздік өлшеміне қарама-қайшы келеді. Мәселен, сіз мынадай түсінікті қабылдайсыз ба: аспанның белгілі бір шегі немесе ары қарай өткізбейтін қабырғасы бар. Бүгінгі ғылым да бұндай ұғымды қабылдамайды. Астрономия ғылымы аспан деген шексіз кеңістік, онда сансыз көп ғарыш денелері қалқып жүреді деп түсіндіреді. Біздің өмір сүріп жатқан Құс жолы деп аталатын галактикамызда 3 миллиардтан астам жұлдыздар мен планеталар, басқа да аспан денелері бар екен. Ал қазір ғылым осындай мыңдаған галактиканы ашты. Ол галактикалардың бәрі бізге біршама жақын орналасқан, ал оның арғы жағындағыларды көріп, сезінуге біздің ғылымымыз әзірге қауқарсыз болып отыр. Осыдан ұғарымыз: аспан деген шексіздікке созылып жатқан кеңістік, ал ондағы тіршілікке мекен болған аспан денелері де шексіз көп, оны санауға біздің мүмкіндігіміз жетіспейді.

Тіршіліктің шексіздігінің тағы бір айқын дәлелі: математикалық ұғымдар. +1-ден бесталатын оң сандар шексіздікке көбейе берсе, -1-ден басталатын теріс сандар шексіздікке кеми береді. Ортасында 0 тұр. Тағы бір мысал келтіре кетейік: күнтізбеміз бойынша 24 сағаттан тұратын тәулікті 1 күн деп есептейміз. 1 жылда 365 күн бар.

Осылайша күндер бір бірімен жалғасып өтіп жатады. Ешбір пенде «күн санау осыдан пәлен мың немесе миллион жыл басталған еді, оған дейін күн де, тәулік те, уақыт та болған жоқ, енді мынанша уақыттан кейін күн, тәулік, жыл деген мүлдем болмайды, яғни уақыт тоқталады» -деп айта ала ма? Жоқ.

Міне, осындай тіршіліктің шексіздік өлшемі туралы мысалды одан әрі де көптеп келтіре беруге болады. Бұл ақыл-есі дұрыс әрбір адам қабылдайтын ақиқат. Ендеше, тіршіліктің осындай шексіздікке негізделген өлшемдеріне қарама-қайшы келетін адам өмірінің шектеулілігі туралы түсінік қайдан шықты? Бұның астарында адамның табиғаттың шексіздігі ұғымын қабылдауға, зерделеуге ақыл-ойының жетпейтіндігі жатқаны анық. Ғылым дамыған сайын табиғаттың бұрын бізге беймәлім болып келген жұмбақтары ашылып, адамның таным көкжиегі кеңи түсуде. Бұның өзі бүгінгі ғылымның ақырындап діни түсінікке, табиғаттан тыс саналы бір құдыреттің барылғын мойындауға әкеле жатқандай.

Атеистердің түсінігі осындай болса, христиан, ислам, иудеизм сияқты дәстүрлі діндер де реинкарнация, яғни өлген соң қайта туылу, өмірдің бір ретпен шектелмей шексіз жалғасатындығы туралы ұғымды теріске шығаратынын жоғарыда айтып кеттік. Бұл дәстүрлі діндердің түсінігі бойынша дүниеге келген адам ажал жеткенде өледі де, одан қайтып ешқашан тірілмейді. Ислам дініндегі қабірдегі өмір, ақырет сотынан кейін күнакардың мәңгі тозаққа құлатылып, иманды адамға жұмақ нәсіп етілуі туралы ұғым – адам өмірінің бір-ақ реттік өлшемін айқындап тұр.  Яғни, адам мына фәни дүниеде бір рет қана өмір сүреді де, өлген соң қайта тіріліп, тірлікте жасаған жақсы-жаман істеріне сай не тозаққа, не жұмаққа енеді. Адам өмірі сонымен мәңгіге аяқталады.

Ислам және христиан діндерінің бұл түсінігі Жаратушы Алланың шексіздік сыйпатына қарама-қайшы келіп тұр. Мұсылманнан немесе христианнан «Құдай шектеулі ме, әлде шексіз бе?» деп сұрап көріңіз, олар бірден «Жаратқан шектеусіз» деп жауап береді. Мұсылмандар да, христиандар да Алланың шексіздігін мойындайды, бірақ сөйте тұра, Ол жаратқан адамды шектеулі деп түсінеді.

Мынаған ақыл өлшемімен қарап көріңізші: Алла саналы адамды осыдан мыңдаған жылдар бұрын жаратты да, оған жерді мекен етіп берді. Жердегі адамның өмірі шектеулі, яғни белгілі бір мерзім ғана өмір сүреді және адамға Алла нәпсі берді. Ал нәпсі адамды еріксіз күнакарлыққа итермелейді. Осылайша нәпсінің темір құрсауына түскен пенде өлшеулі аз ғұмырында біліп немесе білмей көптеген күналар жасап жатады. Ал ажалы жетіп өлген соң жақсы-жаман әрекеттеріне орай не мәңгі тозақ, не мәңгі жұмақ нәсіп етіледі. Ақырзаман келгенде адамзат баласы түгел жойылып, қиямет сотына тартылады. Күнакарлар мәңгі тозақ отына салынса, имандылар мәңгі жұмаққа еніп, рахатқа кенеледі. Осы арада мынадай сұрақ туындайды: Алла адамды сонда не үшін жаратты? Қысқа ғұмырында жасаған күналары үшін мәңгі тозақта өртеу үшін бе, әлде түрлі себептермен имандылық жолына түскен пенделерін мәңгі жұмаққа енгізіп рахаттандыру үшін бе? Адамға бір-ақ рет ғұмыр беру, Алланың мәңгілік сыйпатына қайшы келіп тұрған жоқ па?

Тіпті, Алла жаратқан екі аяқты пенде – адамның өзінде түрлі себептермен  ауыр қылмыс жасаған жанды кешіру, оған түзу жолға қайта түсу үшін мүмкіндік беру түріндегі қайрымдылық бар ғой. Ал, Алла болса адамға бір-ақ рет өмір береді де, сол қысқа ғұмырында әртүрлі себептермен жасаған теріс әрекеттері үшін мәңгі тозақ отына тастай салады, оған күнасынан тазарып, тәубесіне келіп қайта түзу жолға түсуге ешқашан, ешқандай  мүмкіндік бермейді. Бұның өзі Құрандағы Алланың 99 сыйпатының бірі – Ар Рахим, яғни Рахымды немесе мейрімді деген қасиетін теріске шығарып тұр ғой.

Қалай десек те, ислам және христиан діндеріндегі Жаратқанның адамға бір-ақ рет өмір беретіндігі туралы түсінігі Алланың шексіз сыйпатына қайшы келіп, Жаратқанның рахымды, қайрымды қасиеттерін теріске шығарады. Шынын айтқанда, нәпсі билеген мына қысқа жалған дүниеде адамдардың көбі нәпсінің құрығына түсіп, түрлі күнакар әрекеттер жасауға мәжбүр болады. Ешқашан нәпсіге ермей, бүкіл өмірін шариғат жолымен жүруге арнаған періштедей пәк жанды өзім әзірге ұшыратқан емеспін. Ондай болу мүмкін де емес. Тірі пенде қысқа өмірінде түрлі қателіктерге бой алдырады, сүрініп, құлап жатады, бірақ ең бастысы, тәубесіне келіп, түзу жолға түсуге талпыну. Бұны біреу жасай алса, ал адамдардың көбі тәубесіне келе алмай, өмірден өтіп кетеді. Ондай жандар Құранда айтылғандай қиямет сотына тартылған кезде ғана қателіктерін ұғынып, бармақтарын тістеп, қатты өкініште қалмақ. Ал ислам және христиан діндерінің түсінігі бойынша, қиямет сотына тартылып, өз қателігін сол кезде ғана ұғынған пендеге өкінішке орай, Алла одан кейін ешқашан да қателігін түзеуге мүмкіндік бермейді. Ол мәңгі тозақ отына өртенетін болады. Бұл түсініктің өзі шынын айтқанда Алланы сонша қатыгез, кешірімсіз етіп көрсетіп тұрған жоқ па?

Егер ислам және христиан діндері реинкарнация түсінігін мойындайтын болса, онда Алланың шексіз сыйпаты да, шексіз қайрымдылығы мен кешірімділігі де анық көрініп, бұл Жаратқанның бейнесін толықанды ете түсер еді. Өйткені реинкарнация арқылы адам өте көп күналары үшін тозаққа түсіп, мыңдаған, тіпті миллиондаған жылдар азап шеккеннен кейін де, мына дүниеге қайта келіп, тірлігін одан әрі жалғастыруға, сөйтіп, өткен өмірінде жасаған қателіктерінен сабақ алып, түзу жолға түсуіне мүмкіндік беріледі. Реикарнация заңы бойынша бұндай мүмкіндік пенделерге шексіз көп рет беріледі, яғни қателігінен сабақ алып, ақиқат жолына түсіп, Аллаға жүзін толық бұрғанша сансыз көп мүмкіндік берілетін болады. Бұл – Алланың шексіз ҚАЙРЫМДЫЛЫҒЫН, КЕШІРІМДІЛІГІН анық көрсетіп тұрған жоқ па.

Қазақ тілінде кез-келген тақырыпта мақала жазуға, мәтінді орыс тілінен қазақшаға аударуға, өз атынан кез-келген тақырыпта кітап жаздыруға тапсырыс беруге болады. Ақысы келісімді. 8-701-3001474 телефонына немесе вадсапқа хабарласыңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика