Шын бақытты қайдан табуға болады?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

ажалАдамдар өмір бойы қайғы-қасіреті жоқ, қуаныш пен шаттыққа кенелдіретін шынайы бақытты іздеумен күндерін өткізеді. Ондай бақытты біз кітаптардың, ертегі мен жырлардың, кинолардың кейіпкерлерінен тапқандай боламыз. Бірақ ол да алдамшы болып, сол кітаппен, не киномен бірге көз алдымыздан алыстап кете барады.

Мына дүние қайғы мен қасіретке толы

Буддизм дінінің негізін салушы Будда Шакьямунидің діннің төрт діңгегі саналатын төрт ақиқатының басында – мына дүние қайғы мен қасіретке толы – деген ақиқат тұр. Біз қанша жалтарсақ та бұл ақиқатты ешқашан теріске шығара алмаймыз. Егер өмірге байыппен, сана өлшешімен қарайтын болсақ – шындығында өмірдің бастан-аяқ қайғы мен қасіреттен тұратынын байқар едік.

Дүние есігін ашқан сәби жылап келеді. Неге? Жарық дүниеге келгені үшін қуанудың орнына, бар даусымен бақыра жылайтыны неден? Өйткені, дүние есігін ашқан кезден басталған тауқымет, ақырғы деміміз біткенге дейін созылады. Өмірдің есігін ашу жас сәбиге де өте үлкен ауыртпалық пен азап әкелетінін бүгінгі ғылым да растайды. Құрсақта жатқан сәбидің ана толғағы арқылы тар тесіктен жарық дүниеге шыққанға дейінгі көретін тауқыметін айтып жеткізу қиын.

Сәбидің басы басқа денесіне қарағанда әлдеқайда үлкен болады. Міне, сол бас жатырдан шығарда сопайып майыса ұзарады. Дене сығылып қысылады. Тунел сияқты тесіктен сығылысып алға итерген толғақ күшімен еріксіз жылжыған сәбидің көретін тауқыметі жарық дүниеге шыққанда ғана бітеді. Осындай азаппен шыққан сәби бақырып жыламғанда қайтсін.

Міне, сөйтіп, жарық дүниеге келген сәттен басталған азап пен тауқымет өлгенге дейін созылады. Ал, жан беру туғаннан да ауыр болмақ. Тәнді қинаған ауру әбден шегіне жеткен кезде ғана жан тәннен шығады дейді қасиетті кітапта. Содан болар, өлген кезде адамның аузы-басы қисайып, өңі бұзылып кетеді. Бұл бір жағынан ажал алдындағы қорқыныштан болса, екінші жағынан жан азабынан екендігі түсінікті.

Ақылдың азабы

Бхагавад Гитада адамға тауқымет әкелетін үш түрлі азап айтылады. Олар: ақыл арқылы келетін азап, өзге тіршілік иелері келтіретін азап және табиғат апаттары арқылы келетін азап. Ауру-сырқау да өзге тіршілік иелері келтіретін азапқа жатады, өйткені тән ауруына себеп болатын көзге көрінбейтін микробтар мен вирустар, яғни өзге тіршілік иелері екендігін бүгінгі ғылым теріске шығармайды.

Дегенмен, ең ауыр азапты адамға өз ақылы әкеледі. Өткенді еске алып, болашақты ойлап үнемі қорқыныш пен үрейде жүретін пенденің  шын мәнінде жаны ешқашан жай таппайды. Өмірі таусылмайтын шаруалар, тұрмысқа, отбасына, ақшаға байланысты туындап жататын қиындықтар – бәрі адамның өмірін нағыз тозаққа айналдырмақ.

Қазақ «ой да көп уайым да көп, ойлай берсең, ой да жоқ, уайым да жоқ, ойнай берсең» деп текке айтпаған болса керек. Өмір алдымызға тартатын түрлі қиындықтарды ойлаумен уайым теңізіне батып, үнемі жабырқап жүретін біздер шын бақытты ешқашан түйсіне алмай өтеміз.

Адам неге өмірді қимайды?

Таяуда «Нұр Отан» партиясында Астанадан келген бір Мәжіліс депутатына бір кісі шағым айтып келді. Осы қабылдауға журналист ретінде мен де қатысқан едім. Әлгі қария айтады: жасым 75-те. Ауырамын. Астанаға барып емделуге квота алуға көмектесіңдер, -дейді. Айуына қарағанда, ана жері де, мына жері де ауырады. Балалары бар. Біраз ақшасын жұмсаған. Енді ота жасау үшін Астананың емханасына баруы қажет екен. «Жасым 75-те, өлгім келмейді» дейді ол.

75 жасқа келген шалдың өмірге ұстай қатып, тістей жабысып айрылғысы келмей, айналасындағылардың апшысын қуырып, жәрдемдесіңдер, сендер сол үшін ақша алып отырсыңдар деп дупатат пен басшы қызметкерлерді айыптауы жасы келсе де өлгісі келмейтінін анық көрсеткендей.

Адамдардың мына өмірден көріп жатқан рахаттары шын мәнінде өте аз, азап пен тауқыметтері бастан асады. Соған қарамастан, неге пенделер өмірге тастай жабысып, айрылғылары келмейді?  Бұның астарында – білімсіздік, мына фәни жалғанның өткінші екендігін түйсінбеу жатқандығы анық.

Балықшының отбасында туып өсіп, кейін балықшыға тұрмысқа шыққан келіншек қырдағы малды ауылға қыдырып барады. Таза ауа, көкорай шалғын дала, бетті өбетін жылы жел. Бірақ соның бәріне қарамастан, балықшының әйелі түнде ұйықтай алмай аунақшып азапқа түседі. Содан есіне үйінен кепкен балық салып әкелген қап түсіп, соған суды бүркіп, балықтың сасық иісін иіскеген соң ғана жаны жай тауып ұйықтап кетіпті.

Мына фәни жалғанда да адамдар азап пен тауқыметке толы өмірге әбден үйреніп алғандары сондай, одан басқа шынайы бақыт әкелетін: ауру-сырқау, кәрілік және өлім жоқ, мәңгі жан рахатына бөлейтін өмір болады дегенге еш сенбейді, тіпті сондай өмірге апарғанның өзінде, өткінші және азап пен тауқыметке толы мына фәниді аңсап, балықшының әйеліндей аласұрады.

Бұның астарында – надандық арқылы байлану деген  кесел жатқандығы анық. Адам кез-келген нәрсеге байланып, содан айрылса өліп қалатындай көретін жайлары болады. Бұның бәрі надандықтан туады.

Шынайы бақытқа қалдай жетуге болады? Азап пен тауқыметтен биік, өткінші өмірдің жалған қызықтарына алданбай, мәңгілік бақыт нысанын қалай табамыз? Блогымызда алдағы уақытта осы мазмұнда сериалды мақалаларды назарларыңызға ұсынамыз. Блогымыздағы жаңалықтарды жіберіп алмаңыз.

 

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика