Шындықпен өмір сүру қиын, бірақ тиімді

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Құранда шындықтың қасында жалғандық түкке тұрмайды деген аят бар. Жалғандық алғашында адамға игілік әкелетін сияқты сезілгенмен, түптің түбінде залалын тигізеді. Керісінше шындық адамды қолайсыз жағдайларға қалдырып, залалын тигізетін сияқты сезілгенмен, соңында игілік әкеледі.

Жылтырағанның бәрі алтын емес.

Адамдардың басым көпшілігі жалғандықпен өмір кешеді. Олар шындықты тек сөз жүзінде ғана қабылдап, іс жүзінде өтірікті өздеріне серік етеді. Неге? Өйткені, өтірік айту арқылы сол сәтінде өзіне игілік әкелетіндей көрінеді. Расында да жалғандық алашқы кезде адамдарға біраз игіліктерге қол жеткізуіне көмектеседі.

Біз теледидардан әбден ашынған адамдардың әлеуметтік мәселелерді шешуге ақпарат құралдары арқылы жұрттың назарын аударып жататынын жиі көреміз. Жалақысын айлап, жылдап алмаған, әкім қаралардың өтірік уәделеріне тойып, күдер үзген қарапайым жандар БАҚ арқылы мұң-мұқтаждарын ашына айтып жатады.

Қызығы сол, ақпарат құралдары айта бастаған кезде әлгі мекеме, кәсіпорынның басшылары немесе мемеелкеттік қызметкерлер бәрін таяу арада шешеміз, бұл мәселе назарымызда тұр деген мазмұнда мәлімдеме жасайтыны бар.

Шындығында зер салып қарасаң, сонша уақыт алдап, жалған уәдемен тойдырып келген ондайлар ақпарат құралдары арқылы бұл келеңсіздіктің жалпақ жұртқа жария болуынан қорқып, тағы да кезекті жалғандыққа баратынын бағамдайсың.

Шындықтан адамдар неге қашады?

Бһагавад Гитада жалғандық шындықты ешқашан жеңе алмайды деп айтылған. Жалғандықтың түптің түбінде жеңілетіндігін жұрт іштей түйсінгенмен, оның бір сәттік игілік әкелетіндігі үшін өтірікке бой алдырып жатады.

Сондай-ақ, шындық адамдардың көбіне ұнамайды. Өйткені, шыншыл адам жағымпазданып, өтірік мақтамайды және көзге көрініп тұрған олқылықтарды жасырмайды. Ал адамдардың көбінде, әсіресе әкім-қаралардың бойында кемшілік пен білім-біліктіліктің жетіспеушілігі сияқты қырсыздықтар көп кездеседі. Оны бетке айту әлгілердің шымбайына батады.

Осыған орай, адамдардың көбі шындықтан жалтарып, өтірік мадақтауға, көрініп тұрған кемшілікті көрмеген түр танытуға бейім. Бұның залалы: заңсыздықтар белең алып, қоғам іштен шіриді, басшылыққа деген сенім азаяды, жемқорлық пен заңсыздық етек алады.

Шындық дегеніміз не?

Көзге көрініп тұрған немесе өзіміз түйсінген нәрсені қаз қалпында айту шындық болып табылмайды. Шындықтың астарында батылдық, қорқынышты жеңе білушілік жатады. Шыншыл адам өз көзқарасын өзіне тиімсіз болғанына қарамастан ұстанады және одан ешқашан бас тартпайды.

Мәселен, Парламентте депутаттар халықтың игілігі үшін қажетті кейбір ақпараттарды Үкімет назарына ұсынып, айтып жатады. Соған қарап, оларды шыншыл екен деп санауға болатындай. Бірақ шындығында, бұл нағыз шындық емес. Сол депутаттар биліктің ыңғайына қайшы келетін өзекті мәселелерге келгенде тілдерін тістеп үнсіз қалады.

Шындық – бұл өз көзқарасыңды, егер ол халыққа игілікті деп санасаң, өзіңе қолайсыздық, тіпті қатер әкелетін болса да бетке айту, одан бас тартпау.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика