534 көрілім

жарнамаАмерикандық әлемге танымал өзін-өзі жетілдіру курстарының авторы Брайан Трейсидің пайымынша, 2020 жылдан кейін әрбір 72 сағатта әлемдеге ақпарат көлемі екі еселеніп отырады. Яғни, қазіргі ақпарат көлемі енді 72 сағаттан соң екі есеге көбейеді. Міне, сонша ақпараттар тасқынының астында қалған біздер ағылған ақпараттың қайсысын таңдап, қандайын тұтынуымыз қажет? Шын мәнінде, өмірде бақытты, не бақытсыз, жолы болғыш, болмаса қырсықтан көз ашпайтын, қайрымды немесе қатыгез болуымыздың себебі де қандай ақпарат тұтынуымызға байланысты болады екен.

Ақпараттың санаға әсері

Кеңес заманында жарнама деген жоқтың қасы болатын. КСРО қираған  соң, нарыққа көшумен бірге жарнама деген ағыл-тегіл келе бастады. Ақпарат құралдарын былай қойып, көшеде ілінген үлкен бибордтар мен плакаттардан көз сүрінеді. Қызығы сол, жарнамалардың көбі жұртты тарту үшін жалаңаш әйелдерді пайдаланады.

Міне, сөйтіп, еркек байғұстың назары қайда түссе де алдынан жартылай жалаңаш сұлу, сымбатты қыз-келіншектер шығады. Мен автобуспен өтетін көше бойында орналасқан машина дөңгелегін жөндейтін шеберхана төбесінде жалаңаш әйелдің дөңгелек үстінде отырған бейнсі салынған үлкен плакат тұрады. Соған қарап, шеберхана мен жалаңаш әйелдің қандай байланысы бар дейсің.

Ал, енді осы қаптаған жалаңаш әйелдер түріндегі жарнамалардың әсері қандай? -дейсіз ғой. Жыл санап көбейіп бара жатқан ер адамдардың арасында кездесетін арсыздықтар – осы жарнамалардың «жемісі» десе артық айтқандық болмас. Мәселен, туған қызын екі жыл бойы зорлап, жүкті қылып қойған қырықтан асқан азамат, алты жастағы қызды зорлаған еркек, 70-тен асқан әжесіндей кейуананы зорлаған бозбала…. Бұндай арсыздықтарды осылай тізбелеп, жалғастыра беруге болады.

Кеңес заманында өмірі естіп көрмеген бүгінде жыл санап белең алып бара жатқан осындай арсыздықтардың бәрі де адам санасының лас ақпараттармен улануының көрінісі десек, шындықтан алыс кетпейміз. Теледидардан күндіз-түні көрсетіліп жататын арсыздықтар мен  қатыгездіктерге толы фильмдер адам санасын улап жатыр.

Жақсы апқапарт алатын адам мен жаман ақпарат алатын адам тең емес

Біреудің жақсылығын айтатын, қайрымды жандар туралы, болмаса дәстүрлі діндердің жағымды жақстарын көрсететін таза ақпараттар алатын адам мен зорлық-зомбылық, қылмыс, зинақорлық, қорқыныш-үрей шақыратын фильмдер мен ақпараттар алуға құмар адамдардың арасында ат пен түйедей айырмашылық болады.

Бұл айырмашылықты нақтырақ түсіндіру үшін ара мен шыбын жайлы мысалға назар аударыңыз. Ара да, шыбын да сырт қарағанда түрлері ұқсас. Екеуінің де қанаты бар, екеуі де ұгшады. Ара тек гүлдерге қонып, шырын жинайды және бал береді, ал шыбын нәжіс пен қоқыстарға қонып, соларды жинайды және өзі сияқты нәжіс құрттарын шығарады.

Міне, сол сияқты жақсы ақпарат алатын адам жаманға жуымайды және жан дүниесі де таза болады. Керісінше, жаман ақпаратқа үйір пенденің санасы әбден ластанып, тек жамандық жайлы ойлайды, сол туралы айтады және сондай теріс әрекетке бейім тұрады.

Жақсы, жаман болу алатын ақпаратқа байланысты

Сіз өзіңіздің қай топқа жататыныңызды анықтағыңыз келсе, оның ең оңай, қолжетімді жолы мынау: егер үнемі қылмыс, зорлық-зомбылық, түрлі арсыздықтар, ұрыс-керіс, соғыс жайындағы ақпараттарды алуға құмар болсаңыз, өзіңізді «жаман» деп аталатын топтанмын деп 100 пайыз сеніммен айтуыңызға болады. Керісінше, жақсы істер мен жағымды жаңалықтар, адамдардың өзара сыйластығы, тазалық, тақуалық, жақсы адамдар мен әулиелер жайындағы ақпараттарды жаныңыз жақсы көрсе, онда «жақсы» деген топтанмын деуіңізге болады.

Сұрақ: сіз қай топтансыз?

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика