212 көрілім

кілтАдамдардың көпшілігі бар өмірлерін, күш-қуаттарын ақша табуға арнап, ақшаға қызмет етуге жұмсайды. Тіпті, сіз көңіліңіз қалаған мамандық бойынша жұмыс істеп, сол жұмыстан рахат алғанның өзінде оның астарында ақшаға жұмыс істеу жатады. Өйткені, қанша көңіліңіз қалаған мамандық болса да, егер ақша төлемесе, онда сіздің жұмыс істемесіңіз анық. Ал өмірде ақшаны өзіне жұмысі стететін адамдар да кездеседі. Олар – инвесторлар.

Ақшаның көбейгіштік қасиеті бар

АҚШ-тың конституциясының авторы қоғам қайраткері Вениамин Франклиннің «Мынаны есіңе тұт: ақшаның көбейгіштік қасиеті бар» деген сөзі адамзат тарихында аталы сөз ретінде сақталып қалды. Осы сөздің ақиқаттығын ұғынып,  жәй ұғынып қоймай соны өмірде қолданып жүретін жандар бар өмірін ақшаға қызмет етуге арнағандардан өзгеше, ақшаны өзіне қызмет еткізіп қояды.

Мәселен, сіздің  бірнеше  қойыңыз бар дейік. Ол жылда төлдеп,  егер дұрыс бағып күтсеңіз жылдан жылға көбейе береді. Сол сияқты ақшаның да көбейгіштік қасиеті бар. Егер жөнін тауып осы қасиетін пайдалана алсаңыз, онда сіздің бүгінгі бір теңгеңіз біраз уақыттан кейін он, жүз, тіпті миллион теңгеге айналатын болады.

Ақшаны өзіне жұмыс істетіп, сол арқылы байлыққа қол жеткізетін жандарды инвестор деп атайды. Бүгінгі күнгі инвестиция арқылы аса мол байлыққа жеткендердің ішінен американдық Уоррен Баффетті ерекше атап өтуге  болады. Кедей отбасынан шыққан ол бала кезінен-ақ құнды қағаздар сатып алып, ақшадан ақша жасау өнеріне ден қояды. Қазір оның 70 миллиард доллар капиталы бар, әлемдегі байлығы жағынан үшінші сатыда тұрған алпауыт.

Уоррен Баффеттің зауыт, фабрикасы жоқ, мал да өсірмейді, жерге егін де сеппейді. Оның бар айналысатын шаруасы бір теңгені екі теңгеге айналдыру. Ол жыл сайын капиталын 10-15 пайызға өсіріп отырады екен. Осының  салдарынан оның байлығы артқан үстіне артуда.

Ақшаны қалай көбейтуге болады?

Ең алдымен бұл арада жұртшылық арасында кең таралған және қолжетімді саналатын екінші деңгейлі банктерден ашатын қарапайым депозит ауызға оралады. Оның жылдық өсімі онша жоғары болмаса да, қолжетімділігі мен сенімділігі жағынан бірінші орында тұрады.

Содан кейінгі тәсіл: құнды қағаздар сатып алу. Акция, облигация, басқа да займдарды сатып алу арқылы ақшаңызды көбейтуіңізге мүмкіндік бар. Дегенмен, оның бір олқылығы: бұл  банк депозитіне қарағанда тәуекелі көптеу тәсіл. Егер жөнін білмесеңіз, сатып алған құнды қағаздарыңыздың бағасы күрт төмендеп, ақша табудың орнына барыңыздан айрылып қалуыңыз әбден мүмкін. Ал артықшылығы —  құнды қағаздардың өсімі банк депозитіне қарағанда әлдеқайда жоғары.

Инвестицияның үшінші тәсілі – ақшаңызды жылжымайтын мүліктерге салу. Ақша жинап жылжымайтын мүлік сатып алсаңыз, оның бағасы уақыт өткен сайын өспесе кемімейді. Оған қоса, үйді бос қоймай жалға бересіз. Ол да ай сайын қомақты табыс түсіріп тұрады.

Ақшадан ақша жасаудың тағы бір тәсілі – үлескер ретінде түрлі кәсіпорындарға ақшаңыз арқылы кіру. Салған ақшаңыздың мөлшеріне қарай алдын ала жасалған келісім-шарт бойынша сіз түскен пайданың бір бөлігін алып отырасыз. Дегенмен, бұның да тәуекелі аз емес.

Кез-келген адам инвестор бола алады

Ертеректе инвестиция тек қалталы адамдардың ғана айналысатын шаруасы болған еді. Өйткені, банк депозиттерінен бастап, құнды қағаз нарығына дейін жақсы табыс табу үшін мол қаражат салуды қажет ететін. Дегенмен, қазіргі күні кез-келген адам инвестор бола алады. Бұл  әсіресе, интернеттің дамуы арқылы барша жанға қолжетімді болды.

Банк депозиттерінің төменгі салым мөлшері кез-келген адам үшін қолжетімді. Интернет арқылы құнды қағаз рыногына да қатысып, акциялар сатып алуға болады. Бұл арада ақшаны өзіңізге қызмет еткізіп, тұрақты табыс табуға қол жеткізу үшін мына екі шарттың бірін таңдауыңыз қажет: тез жетістікке жеткіңіз келсе, онда бірден көп қаражатты инвестициялауыңыз керек болады, сонда оның табысы да мол болмақ; екінші шарт: салатын ақша мөлшеріңіз аз болса, онда уақытыңызды инвестициялау керек, яғни, біраз жылдар күтуге тура келеді.

Инвестициялауды ең алдымен банк депозитін ашудан бастаған жөн. Сенімді банк ретінде: Халық банкі, Хоум кредит банк, Казкоммерцбанкті атауға болар еді.

Егер сізді ақшадан ақша жасау ғылымы қызықтыратын  және инвестициямен айналысу ниетіңіз болса, онда  мына сілтеме арқылы  толымды ақпарат алуыңызға болады:

http://kalkoz.bget.ru/?p=30#more-30

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика