947 көрілім

гей1«Қазақстан – 2030», «Қазақстан – 2050» деген ұзақ жылдарға арналған стратегиялық бағдарламалар бар. Оған қоса, жыл сайынғы жолдауларында Елбасы халыққа жағдай жасаймыз, жұмыссыздықты азайтып, тұрмысты көтереміз, өндірісті өрге бастырамыз деп уәде беріп, атқарушы билікке тапсырмаларды үйіп-төгіп жатады. Десе де, Асан қайғы бабамыз іздеп өткен «қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын» жерұйық заман келетін емес және таяудағы жүз, тіпті мың жылда да ондай қоғамның орнайтын түрі байқалмайды. Сонда бүгінгі пенделер болашақтан не үміт күте алмақ?

Біз қандай қоғамда өмір сүріп жатырмыз?

Әлеуметтік желілерді дүр сілкіндіріп, түрлі телеканалдардан көрсетілген павлодарлық кішкентай сәбиін сабаған келіншек туралы видео адамдардың арасында үлкен пікір туғызды. Біреулер сәбиді сабаған келіншекті қатыгез деп жерден алып, жерге салса, енді біреулер бұның бәрі тұрмыстың ауырлығынан туған жай деп, жас әйелдің жағдайына түсіністікпен қарағылары келеді.

Павлодарлық келіншектің жайын бір ғана мысал ретінде қарауға болады. Шындығында, мұндай жағдайлар әр өңірде, күн сайын дерлік болып жатады. Өзін өзі өлтірушілер, тұрмыс тауқыметіне шыдамай жүйке ауруына немесе жүрек қантамыр дертіне шалдығып, жас бастарынан бақилық болып жатқандар қаншама?

Биыл еліміз тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өткелі дайындалып жатыр. Сырт қарағанда біраз жетістіктеріміз бар сияқты. Астана салынды, қалаларда сәулетті үйлер көбеюде, екінің бірі шет елдік машина мінеді, қымбат киім киеді. Бірақ мұның бәрі сырт көрініс қана. Ал, адамдардың жан дүниесіндегі жайларға назар аударсаңыз, жылдан жылға құлдырап, құрдымға құлап бара жатқанымызды бағамдайсыз.

Биыл АХАЖ деп аталатын мекеменің мәліметін алып көрген едік. Қазір ажырасушылар саны үйленіп, отбасы құрғандардың жартсынан асыпты. Осылай жалғаса берсе енді төрт-бес жылда ажырасушылар қатары үйленгендермен теңесетін түрі бар. Бұл – қоғамдағы келеңсіздіктің бір парасы ғана.

Арақ-шарап ішетіндер, темекі шегетіндер, қылмыс жасайтындар қатары да көбеймесе, азаяр емес және сорақысы сол, осындай жаман әдетке баратындардың арасында әйелдер мен кәмелетке толмаған балалар бар және сорақысы, олардың қатары жыл санап көбейіп барады.

Адамдар неге азғындауда?

Биыл жазда алты жастағы қыз баланы зорлаған педофил ұсталды. Сәби есін жинай алмай әлі күнге дейін ауруханада жатыр. Алты жастағы бүлдіршінді зорлаған адам әйелі, баласы бар отбасылы азамат екен.

Ал, өткен жылы 14 жастағы қызын зорлап жүкті қылған әке сотталды. Өз қызын өзі әлгі адам жарты жыл бойы зорлап келіпті. Өкінішке орай, мұндай естір құлаққа ерсі сұмдық жайлар жылдан жылға көбейіп барады. Осыған қарап, адамдардың азғындық құрдымына құлап бара жатқанын бағамдайсыз.

Ал, енді «адамдар неге азғындауда?» деген сауалға қалай жауап беруге болады. Егер сіз нәжіс төгілген орында болсаңыз, үстіңізді былғамай таза күйіңізде қала алмасыңыз анық. Қазіргі қоғам да сол нәжіс толтырылған шұңқыр секілді. Біз үлгі аламыз деп жүрген Батыс елдерін қараңыз. Еркек пен еркектердің жақындаусы, үйленіп отбасы құруы, жезөкшелік, нашақорлық, масүнемдік, ауыр және топтасқан қылмыстар дейсіз бе – бәрі соларда.

АҚШ-тың бір штатында балалар қандай әжетханаға баратынын өздері таңдауға рұқсат беріпті. Неге десеңіз, трансгендер деп аталатын бүгінде белең алып бара жатқан жыныс өкілдері көбейіп кеткен. Тәні еркек, бірақ бала өзін қыз сияқты сезінеді. Сондықтан ол балалар әжетханасына баруға қымсынады.

Таяуда «Қазақстан» телеарнасында еркек болып туылып, кейін әйелге айналған трансгендер дегенді  экранға шығарып, әспеттеп көрсетті. Яғни, мұндай арсыздықтар біздің елімізге де ақырындап еніп жатыр деген сөз. Ал, 91 деген сырға тағып, шаштарын бояп алған түрлері әйел, өздері еркек әншілер тобының концертіне қарсылық білдіріп жатқандар көп. Иә, қоғам азып барады және ол біздің елімізде ғана емес, барша жер шарын қамтуда.

Адамзат қоғамының болашағы қандай?

Сіз «Қазақстан-2030», «Қазақстан-2050» деген бағдарламаларға сенесіз бе? Сенетін болсаңыз, онда сізбен әңгімеміз осы арадан үзіледі. Өйткені, сіз өмірге шынайы қарай алмайтын, сағым қуған адамсыз.

АҚШ-та қазір президенттікке талас жүріп жатыр. Егер назар салып қарайтын болсаңыз, бұл жәй көз алдау үшін жасалған спектакльден басқа түк емес екенін бағамдайсыз. Мейлі Клинтон келе ме, болмаса Дональдтің бағы жана ма, бәрібір АҚШ-тың ішкі, сыртқы саясаты еш өзгермейді, сол баяғы жартас бір жартас қалпында қалады. Бұл – екіні екіге көбейткенде төрт болады дегендей ақиқат. Мұндай спектакльдер жүздеген жылдар бойы жалғасып келеді. Бірақ, содан сабақ алатындар оншалықты көп емес. Адамдардың біразы әлі де саясаткерлерге сенеді.

Ал, шет елден өз елімізге ауысайық. Жыл сайын Елбасының жолдаулары болады, ұзақ мерзімге арналған стратегиялық бағдарлар бар, шенеуніктер «өйтіп жатырмыз, бүйтіп жатырмыз» дейді. Ал енді шынайы жағдай қалай? Соған назар аударайық.

Шынайы жағдай мынадай: жұмыссыздық көп, күнін әзер көретін кедейлер көп және пәтер жалдап тұрып жатқан баспанасыздар көп. Бұл – енді ешкім теріске шығара алмайтын АҚИҚАТ. Баспана кезегінде тұрғандар саны жыл сайын көбеймесе, азаяр түрі байқалмайды. Кедейшіліктің жайы да сондай.

Өткен жылы 1 доллар 150 теңге еді, қазір 1 доллар 335 теңге болды. Теңгенің бір жылда екі есе құнсыздануынан адамдардың тұрмысы да күрт төмендеді. Бұны енді билік қанша жылмыңдатса да теріске шығара алмайды. Жеке меншік кәсіпорындардың көбі жабылып, не қысқаруда. Осының салдарынан жұмыссыздар қатары көбейіп барады. Ал жұмыссыз адамның табысы жоқ, табысы болмаса күнкөріс қиын, күнкөріс қиындаса жүйкеге салмақ түседі. Әлгі павлодарлық келіншектің өз баласын сабауының астарында дәл осындай тұрмыс тауқыметі жатқаны анық.

Жағдай әне түзеледі, міне түзеледі деген биліктің уәдесі ащы ішектей жалғасып созылып келеді. АҚШ билігі 250 жылдай осы «әлеуләйлімді» айтуда, Батыс «халауләйлімді» шырқап жатыр. Біз де соларға еліктеп, әләулей, халаулей деп жүрміз. Қарапайым адамдар әлеуләйлімнің таусылар күні болар деп үміттенеді. Бірақ олар Алдар көсе айтқандай әлеуләлім таусылса, халауләйлімнің боларын түйсінбейді.

Тарихи жағдайларды таразылап, болашаққа бағдар жасауға тырысқан әрбір адам өзіміз өмір кешіп жатқан қоғамның адамзатты ЕШҚАШАН ҰШПАҚҚА ЖЕТКІЗЕ АЛМАЙТЫНЫН ҰҒАР ЕДІ. Бұл – АҚИҚАТ.

Адамдарды ұдайы қорқыныш пен үрейде, жоқшылықта, кедейшілікте ұстау, азғындық құрдымына құлату — кімге керек, оны жасап жатқан кімдер? Бұл жөнінде толық және жан-жақты білгіңіз келсе Ақиқат блогының жаңалықтарын жіберіп алмаңыз.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика