SMM менеджер деген кім және бұл мамандықты қалай игеруге болады

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

32Әлемді жайлаған экономикалық дағдарыс біздің елімізге де теріс әсерін тигізіп тұр. Бұрын табыспен жұмыс істеп келген ірі кәсіпорындар жабылып, жұмыссыздық белең алып барады. Оны айтасыз, бюджеттен қаржыландырылатын мекемелерде де қысқартулар көбейіп, екі қолға бір күрек таппай жүргендер қатары молая түсуде. Осындай жағдайда жалақысы жоғары еңбек нарығында сұранысқа ие мамандық иесі болу екінің бірінің арманы екені түсінікті. Сондай мамандықтың бірі — SMM менеджер.

SMM менеджер немен айналысады?

Таяуда бір алқалы жиында Ақмола облысы әкімінің орынбасары құзырлы орган басшыларына жергілікті жерлерде SMM менеджер штатын ашып, маман алуларын қадап тапсырды. Өкініштісі сол, аудандардың бәрінде дерлік мұндай мамандар жоқ екен және ондай маманды табу да оңай көрінбейді.

SMM менеджер деген мамандық жаңадан пайда болған және оны оқытатын арнайы оқу орындары жоқ. Яғни, осы саланы білетін кез келген адам маман бола алады. Оған, тіпті жоғары білімнің де оншалықты қажеті жоқ.  Енді SMM менеджер деген кім және ол немен айналысады деген мәселеге толығырақ тоқталайық.

SMM менеджер ағылшын тіліндегі  Social Media Marketing деген сөздің бас әріптерінен құралған қысқарған атау. Аты айтып тұрғандай, ол әлеуметтік желілермен жұмыс істейтін маман. SEO және SMO маркетинг дегендерден ерекшелігі, бұл саланың мамандары тікелей сайтпен жұмыс жасамайды, олар сыртқы алаңдарда, яғни әлеуметтік желілерде жұмыс істеп, компанияның немесе өзі  қызмет ететін мекеменің тауарларын, не қызметін жарнамалайды, клиенттер тартады, жақсы имиджін қалыптастырады.

SMM менеджер компанияның немесе мекеменің қызметін жарнамалаумен тікелей айналыспайды, яғни ол хабарландырулар беріп, клиенттерді тартпайды. Оның міндеті әлеуметтік желілерде отырып, өзі қызмет ететін компания немесе мекеменің жұмыс бағдарына сай мақсатты аудиторияны тарту болып табылады.

SMM менеджердің басты міндеті әлеуметтік желілерде мақсатты аудиторияға арнап топтар ашып, тартымды мақалалар жазып отыру, теріс пікірлер болса, ушықтырмай дұрыс жауап беріп, өзі қызмет ететін мекеменің атына кір келтірмейтін жағдайлар жасау, мақсатты оқырмандарды мекеме сайтына бағыттап, клиентке айналдыру, бір сөзбен айтқанда мекеме немесе компанияның жақсы атын қалыптастырып, беделін көтеруге, адамдарды көптеп тартуға ықпал жасау.

Кім SMM менеджер бола алады?

Бүгінде еңбек нарығында үлкен сұраныс туғызып отырған бұл мамандықпен кім айналыса алады? Әлеуметтік желімен  жұмыс істеген тәжірибесі бар, тартымды мақалалар жазып, пікірлерге жауап беріп отыратын кез келген адам SMM менеджер бола алады. Десе де, әлеуметтік желімен жұмыс істеуді ғана білу жеткіліксіз, түрлі сала бойынша мақсатты аудиториямен жұмыс істей білу қажет және адамдармен дұрыс қарым-қатынаста бола білгені жөн. Яғни, ол әлгі аудиторияның «өз адамы» бола білуі тиіс.

Сонымен бірге, техникалық жағынан да білікті , яғни қазіргі сайт құрылымын тым болмағанда базалық деңгейде білетін, әлеуметтік желілерден топтар ашу, оны жүргізу, аккаунтқа тартымды мақалалар жазу, оны орналастыру, суреттер мен бейнероликтер салу, материалдарға дұрыс талдау жасау сияқты міндеттерді орындай алатын адам болуы шарт.

Бүгінде екінің бірі әлеуметтік желілерге тіркеліп, жәй уақыт өткізу немесе қызық үшін түрлі топтарға кіріп, ой-пікірлерін білдіріп, ұнаған мақалаларға лайк басып жатады. Әлеуметтік желіде сағаттап отыратын жандар бар. Егер сіз SMM менеджер болсаңыз, жәй уақыт өткізбей, пайдалы іспен айналысып, жақсы жалақы алар едіңіз.

Қазіргі кезде жеке компанияларды былай қойып, мемлекеттік мекемелер, жергілікті атқарушы билік құрылымдары SMM менеджер штатын ашып, мамандар алуда. Яғни, бұл мамандыққа деген сұраныс бар. Әрине, мемлекеттік мекемелерде штатта қызмет ететіндердің жалақысы кесімді болатыны белгілі. Ал, жеке компанияларда істейтін мұндай мамандардың табысы қомақты. Мәселен, Ресейде SMM менеджерлердің жалақы деңгейі 100 мың рубльден бастап жоғарылай береді екен. Бұл теңгеге шаққанда 500 мың теңге. Жаман табыс емес.

Егер сіз әлеуметтік желімен жұмыс істеген тәжірибеңіз болса, SMM менеджер болып бақ сынауыңызға болады.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика