Тұрақтылық – барша адамның арманы

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

ақылҚоғамдық, саяси, экономикалық тұрақтылық – бүгінгі адамдардың орындалмас қиял-арманы болып отыр. Биыл жыл басынан бері ғана ұлттық валютамыз – теңге әлденеше рет құнсызданып, тұрақтылық сақталады, бәрі дұрыс болады деген лауазым иелерінің айтқандарын түгел теріске шығарды. Қаржы-экономикалық тұрақсыздықты былай қойғанда, күн сайын заңдарымыз өзгеріп, толықтырылып жатады, министрлер мен әкімдердің жиі ауысатыны сонша, олардың аты-жөндерін халық біліп те үлгірмейді.

Тұрақтылық неге жоқ?

Өз басым осы өмірімде бірнеше реформаны бастан өткердім. Бала кезімізде Хрушевтың КСРО-ны түгел жүгерілендіріп, 1980-ші жылдары коммунизм орнатпақ болған реформасының шет жағасын көрдік. Жүгеріден жасалған сары нан жедік. Содан кейін Брежневтің реформалары басталды. Кемелденген социализм құру жолына түстік. Онан әрі Горбачевтың қайта құруы килікті. Содан кейін міне, Назарбаевтың реформалары жүргізіліп жатыр.

Осы реформалардың бәрі де енді аздаған жылдардан кейін халықтың тұрмысы жақсарып, қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтындай заман орнайды деген ұранмен жүргізілді. Хрушев 1980-ші жылдары коммунизмді орнатып тастамақ болды. Бірақ оның бәрі бос қиял болып шықты. Брежневтің кемелденген социализм идеясы да күйреп тынды. Горбачевтың қайта құрулары КСРО-ның шаңырағын ортасына түсірді.

1991 жылдардан басталған бүгінгі реформалардың қаншалықты жетістік әкелгені жұртшылықтың көз алдында. Қарапайым халық үшін коммунистер айтқан алтыннан әжетхана салатын заманның қажеті жоқ, ең бастысы, саяси, экономикалық тұрақтылықтың болуы. Иә, ТҰРАҚТЫЛЫҚ керек. Адамдар ертеңгі күнге сеніммен қарап, қорықпай, үрейленбей күн кешкісі келеді. Өкінішіке орай, бүгінгідей сәт сайын мың құбылып, өзгеріп тұратын қоғам адамдарды үнемі қорқыныш пен үрей құрсауында ұстайды.

Көктемдегі теңгенің құнсыздануынан кейін біреу біраз банктер банкрот болады екен деп лақап таратып еді, жұрт банктерге лап қойып, салған ақшаларын алу үшін сағаттап кезекте тұрды. Теңге еркін бағамға жіберілген кезде жұрт дүкендерге барып, қолдарына түскенді алып, қор жинауға жанталасты. Бұның бәрінің астарында ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ жоқтығы, ертеңгі күніміз қалай болады деген жұрттың қорқынышы жатқаны даусыз.

Тұрақсыздық – фәни дүниенің ажырамас табиғаты

Егер тарихқа зер салып қарайтын болсақ, адамзат өмірінде ешқашан тұрақты қоғамның болмағанын, әрдайым қоғам өзгеріп, жойылып, жаңадан пайда болып отырғанын бағамдаймыз. Құл иеленушілік, онан әрі феодалдық, сосын капиталистік қоғамдар бірін-бірі жойып, пайда болып отырды.
Өмір үнемі қозғалыс үстінде және әр сәт сайын өзгеріп, құбылып отырады. Бір мемлекеттер пайда болып, дамып, ақырсында құлап жойылады. Сол сияқты ұлттар да мәңгі емес. Осылардың бәрін ақыл таразысына сала келе, мына фәни дүниенің табиғатының өзі – тұрақсыздық екенін бағамдар едік.

Иә, материалистік дүниеде ТҰРАҚТЫЛЫҚ болуы мүмкін емес, оның табиғатының өзі тұрақсыздық.
Біздің жас кезімізде, 1980-ші жылдарда жастар кең балақ – калакала деп аталатын шалбар киетін. Жігіттер шаштарын ұзын етіп қоятын. Содан бері қаншама сән өзгерді. Қазір жастар шаштарын қысқа қырыққызады, тіпті тақырлатып алып тастайды. Тар шалбар киеді. Қыз-келіншектердің киім сәні әр жыл сайын өзгеріп отырады. Биыл алған киіміңіз келесі жылы сәннен қалады да, тозбаса да лақтырып тастауыңызға тура келеді.

Кеңес заманында коммунистік партияның түкірігі жерге түспей, бар билік соның қолында болатын. Қазір Нұр-Отан билік партиясы болып отыр. Енді он-жиырма жылдан кейін кімдердің билікке келерін, қандай киім киіп, қандай шаш үлгісіне көшерімізді Алла ғана біледі. Біз табиғаты сәт сайын құбылып тұратын тұрақсыз қоғамда, дүниеде өмір сүріп жатырмыз. Бірақ адамдар соған қарамастан, әрдайым ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ аңсайды. Егер бұл дүниенің табиғаты тұрақсыздық болса, онда тұрақтылықты қайдан табамыз?

Тұрақтылықтың негізі – рухани дамуда

Мына дүние сәт сайын өзгеріп, құбылып отырса, керісінше табиғаты рухани дүниелер еш өзгермей, тұрақтылығын сақтайды. Мәселен, осыдан 1,5 мың жыл бұрын пайда болған ислам дінінің қасиетті кітабы Құран өзгеріссіз сақталып келеді. Осыдан мың жарым бұрынғы мұсылман қалай намаз оқыса, қазіргі мұсылман да дәл солай намаз оқиды. Ораза ұстау, қайыр-садақа беру, қажыға бару шарттары да еш өзгермеген.

Дәстүрлі христиан, иудей, буддизм және индуизм дінінің қағидаттары мен шарттары да мыңдаған жылдардан бері өзгермей сақталып келеді. Материалистік дүниеге керісінше, рухани заңдылықтар мен ұстанымдар тұрақты және заман ағымына, уақыт талабына сай өзгертілмейді. Мұсылмандардың, христиандар мен индустардың неке қию салттары мыңдаған жылдардан бері еш өзгеріссіз сақталып келеді.

Жыл сайын киім сәнін өзгертіп отыратын фәни қоғамдай емес, діни ұстанымды ұастанатындардың киім үлгілері де өзгермей, тұрақты сақталған. Ислам дінін ұстанатын араб елдеріндегі киім үлгілері, дініне берік индустардың киім сәні мыңдаған жылдар бойы өзгермей келеді.
Сәт сайын құбылып, өзгеріп тұратын фәни қоғамның жетегінде кетпей, ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ қалайтын босаңыз, имандылықты серік етіңіз, діни шарттарды берік орындаңыз, сонда сырт бейнеңіз ғана емес, жан дүниеңіз де тұрақтылыққа бөленеді. Тұрақтылыққа қол жеткізудің жалғыз жолы – имандылық.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика