Тәңіршілдік дін бе?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Әлеуметтік желілерде тәңіршілдік туралы түрлі кереғар пікірлер айтылып жатады. Қазақ халқының ертедегі діні деп танып, бүгінде оны тірілтіп қайта жаңғыртқысы келіп жүргендердің арасында елге танымал адамдар да бар және тәңіршілдікті дін ретінде жұртқа түсіндіріп, ұлттық дәстүрлермен байланыстыра айтып жүргендерді қолдаушылар да табылуда.

Дәстүрлі  діндер

Дін дегенді айтқанда алдымен ауызға дәстүрлі діндер түседі. Бүгінде әлем халықтарының басым көпшілігі ұстанатын 5 дәстүрлі дін бар, олар: индуизм, буддизм, иудаизм, ислам және христиан діндері. Дәстүрлі діндердің шығу тарихы тым тереңге кетеді. Мәселен, ең көне дін индуизм осыдан 5 мың жыл бұрын пайда болған екен. Иудаизм дініне – 3 мың жыл, буддизмге – 2,5 мың жыл, христиан дініне – 2 мың, ал ислам дініне – 1,5 мың жыл болған.

Дәстүрлі діндердің тағы бір ерекшелігі – ол діндердің бастауында Жаратқанның елшілері тұрады. Иудаизм дінін Мұса пайғамбар таратса, христиан дінінің басында Иса пайғамбар тұр, ал ислам діні Мұхаммед пайғамбар арқылы таралған. Буддизм діні – Сидхартха Гаутама Буддадан бастау алады.

Дәстүрлі діндердің бәрінің дерлік – негізгі қағидаларын түсіндіретін қасиетті кітаптары бар. Иудаизм дінінің қасиетті кітабы – Тәурат болса, христиан діні Інжілге сүйенеді, ислам дінінің кітабы – Құран. Индуизм немесе оны көбіне веда ілімі деп атайды,  дінінің қасиетті кітаптары саналатын Бһагавад Гита, Шримад Бһагаватам кітаптарында жаратылыс туралы толыққанды түсінік берілген. Тек буддизм діні ғана кітапсыз таралған. Тәңірі Будда өз ілімін ауызша шәкірттеріне таратқан деседі.

Осылайша дәстүрлі діндер өз бастауын Жаратқан Алладан алады және оның қағидаларын таратқан Алланың елшілері түріндегі пайғамбарлар мен әулиелер болып саналады. Дәстүрлі діндердің бәрінде дерлік  қарапайым халық ұстанатын жалпыға арналған діни қағидалар бар да, таңдаулы адамдар немесе дін ғұламалары ұстанатын арнайы діни жолдар бар. Иудаизм дінінде ол – каббала атанса, христиандар – исихазм, мұсылмандар – суфизм немесе сопылық деп атайды. Индуизм дінінде ол жол иога болып табылады.  

Дәстүрлі емес діндер

Дәстүрлі емес діндердің санын ешкім дәл басып айта алмайды. Мәселен, АҚШ-та ай сайын бірнеше жаңа дін пайда болып жатады екен. Бұл діндердің дәстүрлі діндерден ерекшелігі сол – оның бастауы Алланың елшісі саналатын пайғамбар немесе әулиелер емес, қарапайым адамдар.

Бүгінде әлемге кең таралған дәстүрлі емес діндердің бірі – саентология шіркеуінің басында Хаббард деген кісі тұр. Бұл діннің ешқандай қасиетті кітабы  жоқ. Сондай-ақ, христиан дінінің тармақталып кеткен ағымдары саналатын баптистер, иегов куәгерлері, адвентистер сияқты қаптаған ағымдар да дәстүрлі емес діндер санатында. Мұндай ағымдар ислам дінінде де жетерлік. Сәлафизм, уаххабизм деп аталатын ағымдардың залалын қазір сол ағымды ұстаантын адамдар мен олардың отбастары ғана емес, барша адамзат тартуда. Осы ағымды ұстанатын жанкештілердің лаңкестік әрекеттерінен әлемнің әр түкпірінде тұратын жазықсыз жандар жапа шегуде.

Қазақтың ескі діні деп аталып жүрген тәңіршілдік те сондай дәстүрлі емес ағымдардың санатында.  Бұл ағымның басында ешқандай Алланың елшісі – пайғамбары тұрған жоқ. Бұл ағымның өз қасиетті кітабы да жоқ. Оның діни шарттарын сол ағымды ұстанатындар өздері ақылдасып, кеңесіп жасайды екен.

Енді мынаған көңіл бөліңіз: Алладан бастау алатын дәстүрлі діндердің бәрі Аллаға жеткізеді және беделді, толымды діни ілім болып табылады. Ал бастауын ет пен сүйектен жаратылған қарапайым пенделерден алатын дәстүрлі емес діни ағымдар ешқашан Аллаға жеткізбейді. Бұл жолды ұстанатындардың табатыны екі дүниеде де өкініш және адасу болмақ. Сондықтан, ақылыңыз болса, дәстүрлі емес діндерден әрдайым ат шаптырым аулақ жүріңіз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика