Тәні – еркек, мінез-құлқы әйел адамдар

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

гей1Құранда төбелерінен күйдірілген тас жауып, опат болған Лұт пайғамбардың жұрты туралы аяттар бар. Олар Алланың қаһарына әйелді қойып, еркекпен жақындықты жақсы көргендіктері үшін барғандығы айтылады.
Бүгінде ғылыми тілмен гомосексаулист атап кеткен тәні – еркек, өздерін әйел сияқты сезінетін пенделер сонау атам заманда да болғандығын осыдан аңғарамыз және бұл Жаратқанның қаһарына ұшырататын азғындық, яғни ауыр күнә болып саналатынын түйсінеміз.

Қай жыныстың өкілі екендігін білмейтін дүбәралар.

Бүгінде Лұт пайғамбардың жұрты сияқты азғындыққа белшеден батқан пенделер қатары көбейгені соншалық, олар Батыс елдерінде азшылық болудан әлдеқашан қалған. Экономикасы шарықтап дамыған, біз үлгі тұтатын біраз елдер еркек пен еркектің кәдімгідей некелесіп, бірге отбасы құруына жағдай жасайтын заңдар қабылдап алған.

Осыған орай, мұндай елдерде еркек пен еркек, әйел мен әйел үйленіп жатса, оған ешкім таң қалмайды. Мұның өзін, керісінше заман ағымынан туған «сән» деп түйсінетіндер көп. Олар өздерінің осындай азғындық әрекеттерін жұрт алдында жарияға жар сала көрсетуді мақтаныш санайды.
Мәселен, Парижде еркектердің 25 пайызы, яғни әрбір төртінші еркек гомосексуалист екен. Париждың мэрі өзінің жаңа ашынасы жас келбетті жігітті қасына алып, үлкен шараға қатысқаны туралы белгілі басылымдар жарыса жазған.

Гомосексуалист деген кімдер және олар қайдан шығады?

Бүгінде белең алып кеткен және жыл өткен сайын қатары көбейіп бара жатқан гомосексуалист деген шындығында ауру, ауру болғанда тән ауруы емес, психикалық ауру. Мұндай аурудың шығу себебі — адамдардың діни шарттарды сақтамай, бейберекет жыныс жақындығына баруында.
Ежелгі индустарда «горбдхана самскара» деген діни рәсім болған. Әрбір өзін сыйлайтын адам отбасы құрғаннан кейін міндетті түрде осындай рәсімнен өтуі тиіс болған. Оның мәні: әйелі мен күйеуі біраз күн ораза ұстап, құдайға құлшылық ете жүріп, Жаратқаннан иманды ұл, не қыз беруін тілейді. Осындай діни рәсімнен өткен ерлі-зайыптылар жұлдыз күнтізбесі бойынша сәтті күндердің бірінде төсекке жатады.
Самскара рәсімінің құдыреттілігі сол, оны орындаған еркек пен әйелде төсек жақындығы кезінде жыныстық құштарлық деген мүлдем болмайды. Олардың бар ой-мақсаты дүниеге иманды, тақуа жақсы ұл-қыз әкелу болмақ.
Міне, осындай көңіл-күйде төсек жақындығына барған ерлі-зайыптылардың балалары да қалағандарындай жақсы, иманды жан болып өскен. Бұл рәсімнің құдыреттілігі сол, ерлі-зайыпты дүниеге қанша ұл, қанша қыз әкелетінін алдын ала жоспарлап, шешетін болған.
Ал өздерін кейде еркек, кейде әйел сияқты сезінетін дүбәра пенделер – гомосексуалистер болса, еркек пен әйелдің жыныстық құмарлығын қандыру үшін ғана жақындасуынан немесе зинақорлықтан пайда болғандар.

Жан ауруынан жазылуға бола ма?

Ресейлік телеарналардың бірінде көрсетілген гомосексуалистер туралы хабарда шет елдің бірінде отбасы құрып, бірге тұратын екі еркек туралы айтылады. Әлгілер бір-бірімен жарыса өздерінің өте бақытты екендіктерін баяндайды.
Кейде мен өзімді еркек сияқты сезінемін, сонда жолдасым өзін әйел сияқты ұстап, көңілімді табады, ал мен кейде өзімді әйел сияқты сезінгенде, ол еркек болып және көңілімді табады, -деп мәз болады әлгілер.
Арада біраз уақыт өткенде журналист әлгілерге соғып, жағдайларын сұрайды. Қабақтарынан қар жауған екеуі бірін-бірі түсіне алмай жүргендіктерін айтып, шағынады. «Махаббат» шырыны таусылып, өмірлерін тозаққа айналдырған түсінбеушілік жол алыпты.
Мұндай жан ауруына ұшыраған адамдардың бұл дүнипеден де, ол дүниеден де бақыт табуына еш мүмкіндіктері жоқ. Олардың бақыт дегендері өздерін алдайтын елес қана. Маскүнемдікке салынған БОМЖ атанғандардың бақыты сияқты. Өкініштісі сол, ондайлар өздерін аурумыз деп санамайды.
Мұндай жан ауруынан жазылудың жалғыз емі – имандылық. Дәстүрлі діндердің бірін ұстанып, діни шарттарды орындап жүрген пенде ақырындап жан ауруынан арылып, толыққанды өмір сүретін болады.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика