Тәтті өтіріктен, ащы шындық артық

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Бір қарағанда өтірікпен өмір сүрген жеңілдеу сияқты көрінеді. Бірақ та, түптің түбінде жалғандық ашылып, ол соны айтқан адамға үлкен залалын тигізетін болады. Ал шындық алғашында адамға зиянын тигізетіндей сезілгенмен, шыншыл жан ақырсында өзінің адалдығы үшін Жаратқаннан лайықты сыяпатын алады. Өкініштісі сол, өмірде үнемі кезедсетін осы қарапайым ақиқатты адамдардың көбі білмейді.

Алла әлемді шындықпен жаратқан

Қасиетті Құран кітабында Алланың әлемді шындықпен жаратқаны туралы аят бар. Яғни, шындық дегеніміз, барша әлемнің түпкі негізі, яғни іргетасы. Іргетасы берік емес үй уақыт өте келе мүжіліп, құлап қалады. Сондықтан, үйдің беріктігі ең алдымен іргетасының беріктігімен өлшенеді.

Веда өркениетінің негізі саналатын қасиетті Шримад Бһагаватам кітабында үш аяғы шабылған өгіз туралы аңыз бар. Оның мәні мынада: қыс, көктем, жаз және күз түріндегі жыл мезгілдері сияқты 4 дәуір бар және олар үнемі алмасып келіп отырады. Алғашқы дәуір – Сатья юга немесе алтын ғасыр деп аталады. Екінші дәуір – трета юги немесе күміс ғасыры, үшінші – двапара юга немесе қола ғасыры, төртінші кали юга немесе темір ғасыры.

Алтын ғасырында адамдар ұзақ өмір сүреді, имандылық күшті болады. Бұл дәуірде веда өркениетінің ұстыны саналатын 4 ұстынның төртеуі де бар. Ол ұстындар: қайрымдылық; тазалық; тәркі етушілік және шыншылдық. Күміс ғасырында қайрымдылық қасиеті жоғалып, тазалық, тәркі етушілік және шыншылдық қалады. Ал двапара юга дәуірінде тәркі етушілік пен шыншылдық қана болады. Соңғы темір ғасырында жалғыз шыншылдық қана бар. Яғни, бұл дәуір үш аяғы шабылған өгіз сияқты. Ол жалғыз аяққа ғана ілініп тұр.

Қазір біз темір ғасырында өмір сүріп жатырмыз. Бұл дәуірде  діннің сүйенетін жалғыз ұстыны – ШЫНШЫЛДЫҚ. Егер адам шындықпен өмір сүретін болса, ол діни шарттарын орындамаса да, тіпті Аллаға сенбейтін атеис болса да, жұмаққа енеді. Керісінше, діни шарттарын түгел орындайтын, бірақ шындықпен өмір сүрмейтін адам тозақтың мәңгі отыны болады. Өйткені, әр дәуірдің өз діни ұстыны бар. Біз өмір сүріп жатқан кали юга, яғни темір ғасырының діңгегі – ШЫНДЫҚ.

Адамды құтқаратын жалғыз қасиет – шыншылдық

Кали юга дәуірінде имандылық азайып, дінсіздік, күнакарлық жаппай белең алады. Оны біз күнделікті өмірден үнемі көріп, куәсі болып жүрміз. Біздің бала кезімізде адамдар біршама иманды болатын. Ол кезде қазіргідей қыздар арасындағы жезөкшелік деген атымен жоқ-ты. Жемқорлық та бүгінгідей белең алмаған болатын. Адамдар біршама қайрымды, жомарт, кішіпейіл еді.

Жыл өткен сайын адамзат баласы азғындық құрдымына тереңдеп құлап барады. Атейстік түсінік үстем болған кеңес заманының адамдарымен салыстырғанда  ислам діні белең алған қазіргі күннің адамдары әлдеқайда қатыгез, қайрымсыз, тәкаппар және арсыз болып кетті. Әкесіндей, тіпті, атасында адамның ақша үшін ашынасы болып жүрген қыз-келіншектер қаншама. Тәндерін ақшаға сатып жүрген қыздарымыз ше. Ақша үшін әжесімен жасты кемпірдің төсегіне жататын жап-жас жігіттер аз ба. Ондайларды көре-көре көзіміз, ести-ести құлағымыз әлдеқашан үйреніп кетті.

Енді осындай азғындықтың астарында не бар? Соған назар аударып көрейік. Атейстік түсінік негіз болған кеңес заманындағы адамдармен салыстырғанда қазіргі мешіттер қаптап салынып, Құрбан айт сияқты діни мерекелер ресми мереке деп жарияланған бүгінгінің адамдары неге сонша азғындап кетті? Оның жалғыз себебі – қазіргі дәуірдің ұсытыны саналатын ШЫНДЫҚТАН қол үзуден болып отыр.

Бүгінде адамдардың 90 пайызы шындыққа тура қарай алмайды, жалғандықпен өмір сүреді. Олардың жалғандыққа еттері үйреніп алғаны соншалық, тіпті өтірікті шындық деп қабылдайды. Шындықты бетке айтқан адамды тыныштықты бұзушы, қалыптасқан дәстүрге қарсы шығушы басбұзар деп айыптайды. Шындыққа тура қарай алмаған, шындықтан жалтарып, өтірікпен өмір сүрген пенде бұл дүниеде де, о дүниеде де жамандыққа ұшырамақ.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика