Тәуекел

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Адамның бойындағы ең күшті қасиеттерінің бірі – тәуекел. Ол екінің бірінің бойынан кездесе қоймайды. Адамдардың басым көпшілігі тәуекелге барудан қорқып, «құдай салды, біз көндік» деген ұстаныммен өмірлерін өткізеді. Тәуекелге бару адамның ойына алған мақсат биіктеріне жетуіне жол ашады. Яғни, табысқа жетудің бір кілті – тәуекел.

Тәуекел түбі қайық – мінерсің де өтерсің.

Егер айналамызға назар аударып қарайтын болсақ, біздің өміріміз басынан аяғына дейін түгелдей тәуекелге негізделгендігін бағамдар едік. Біз қандай істі қолымызға алмайық, белгілі дәрежеде тәуекелге баруымызға тура келеді. Ол ісіміздің сәтті, не сәтсіз аяқталуы көп жайларға байланысты болады. Әрине, кез келген адам қолына алған ісінің сәтті болуын қалайтыны белгілі. Дегенмен де, біздің еркімізге бағынбайтын түрлі себептер ойымызға алған шаруамыздың дұрыс іске асуы немесе сәтсіздікке ұшырауымызды анықтайды.

Тәуекелге бару адамды биік жетістіктерге жеткізетін істерге құлшындырып, соны қолға алуға итермелейді. Ол жүзеге аса қалған жағдайда бірден табыс биігіне көтеріліп, игілікке кенеледі. Ал сәтсіз аяқталған жағдайда уақыты, күш-қуаты, оған қоса басқа да материалдық игіліктері босқа кетпек. Тәуекелдің осындай қасиетін білетін жұрт оған баруға онша құлшына қоймайды. Адамдардың көбі тәуекел етіп, үлкен шаруаны қолға алып биіктерге жеткенше, қолынан келетін кішкентай істі атқарып, үйреншікті тірлігімен айналысқанды жөн санайды.

Қазақ «тәуекел түбі қайық – мінерсің де өтерсің, уайым түбі теңіз – түсерсің де кетерсің» дейді. Тәуекелден қорқатындардың сол әлсіздіктерін ақтап алатын мың түрлі сылтаулары бар. «Сәтсіздікке ұшырсам, ақшамнан, абыройымнан айрыламын ғой» деген сияқты сарыуайым ойлар ондай пенделерді биіктерге көтеретін үлкен істермен айналысуларына мүлдем жол бермейді. Яғни, тәуекелден қашатын адамдарды жер бетінде қыбырлап жүріп, тамағын асырайтын құрт-құмырсқамен, ал тәуекелшіл жандарды биікке самғай ұшып, құрбандарын тегеурінді күшімен жаншып, жылы жұмсақпен қоректенетін қыран құспен салыстыруға болатындай.

Тәуекел адамға не береді?

Тәуекелшіл адам мынау қолымнан келмейді деп қорықпай, үлкен шаруаларды қолына алады. Мұндай жандар қиындықтар мен сәтсіздіктердің болмай қоймайтынын жақсы біледі және оған алдын ала әзір болады. Сондықтан олар кездескен сәтсіздіктерден қаймықпай, алған бетінен қайтпай қашан нәтижеге жеткенше тоқталмайды.

Тәуекелшіл адамның ойына алған мақсатына жетуіне 100 пайыз демесек те, 95 пайыз мүмкіндігі бар. Ал 95 пайыз деген бұл үлкен мүмкіндік. Яғни, тәуекелшіл адамдар арман-мақсаттарына жетіп, үнемі биіктерден көрініп жүрмек. Егер табысқа жетудің кілті тәуекел болса, неге адамдардың көбі олай жасамайды. Оған кедергі келтіретін – қорқыныш. Қорқыныш адамның қол-аяғын буып, дәрменсіз, әлжуаз етеді.

Негізді және соқыр тәуекел

Тәуекелге баратын адамдардың өзін екі топқа бөлуге болады. Біреулер соқыр тәуекелге, яғни нәтижеге жету мүмкіндігі шектеулі, тіпті жоқ дейтін істерді жасауға тәуекел етіп жатады. Мәселен, казиноға барып, құмар ойынын ойнауға тәуекел еткен адамның нәтижеге жетуіне қаншалықты мүмкіндігі бар? Рас, алғашында аздап ұтуы мүмкін, бірақ жеме-жемге келгенде бар ақшаңды беріп шығасың. Казинолардың қожайындары әлемдегі ең бай адамдар, өйткені мұнда ұту мүмкіндігі өте шектеулі.

Бүгінде әлемдегі ең бай адам болып саналатын инвестор Уоррен Баффет мұндай байлыққа соқыр тәуекел арқылы емес, негізді тәуекел, яғни жүзеге асыруға мүмкіндігі мол істермен айналысу арқылы қол жеткен. Ол қандай компанияның акцияларының қаншалықты өсу мүмкіндігі бар екендігін түрлі өлшемдер бойынша алдын ала болжап біледі және сондай акцияларды сатып алу арқылы ақшасын еселеп көбейтеді. Бұл кездейсоқтық емес.

Негізді тәуекелге бару үшін қорқыныштан ада болу жеткіліксіз, ең алдымен білім керек. Білім сіздің мақсатыңыза жетуіңізге көмектесетін қаруыңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика