Тәуекелсіз адам – тұсалған ат сияқты

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Қазақта «уайым түбі – теңіз, түсерсің де кетерсің, тәуекел түбі – қайық, мінерсің де өтерсің» деген нақыл сөз бар. Тәуекел деген қасиет – бұл бойындағы қорқынышын жеңген, батыл, ержүрек, ерлерде ғана кездеседі, ал қарапайым жандардың көбі ешқашан тәуекелге бара алмай, қорқыныштарына бой алдырып, тұсалған аттай бір орнында қалады.

Мен тәуекелшілерден қорқамын

Сайтан айтыпты деген осы сөздің астарында үлкен мән бар. Қорқыныш, үрей, күмән, күдікке бой алдырған адам ешқашан тәуекел ете алмайды. Ал бұл аталған қасиеттердің бәрі сайтанның арбауымен туатын қасиеттер. Қорқыныш пен күдікке бой алдырған адамның ешқашан ісі алға баспайды. Көлеңкесінен қорқатын пенденің тәуекел етіп жақсы істі бастауы қиын ғана емес, тіпті мүмкін болмайды.

Орыстарда «риск – дело блогородное» деген сөз бар. Яғни, тәуекел деген екінің бірінің маңдайына жазылмаған Жаратқан сыйлаған жақсы қасиет. Ондай қасиетке ие әрбір пенде түптің түбінде ойына алған мақсатының биіктерінен көрінері анық. Өйткені, тәуекелшіл адам қашанда мақсатына жетуге тың қадам жасаудан қашпайды. Ол жасаған әрбір жаңа қадам мақсат биігіне жетуге мүмкіндікті молайта түседі.

Өзімнің басымнан өткерген мына бір оқиғаға осы арада оқырман назарын аудара кетсем, артық болмас деймін. Мен мектепте оқып жүрген кезімде жоғары оқу орнына түсіп, ғылыммен немесе шығармашылықпен айналыссам деген арманым болды. Мектепті орташа бітіргеніме қарамастан, тәуекел етіп Алматыға тарттым. 1975 жылы, яғни мектеп бітірген жылы басталған менің абитуриенттік жолым 1981 жылы аяқталды. Осы уақыт ішінде мен 9 рет жоғары оқу орнына түсуге құжат тапсырып, 9 рет оқудан құладым. 10-шы рет жолым болып, ҚазМУ-дің тарих факультетіне оқуға түстім. Міне, тәуекелшілдіктің берген жетістігі. Ал менің бір кластасым бір рет оқуға құжат тапсырып, құлағаннан кейін күдерін үзіп, оқуды ұмытты. Қазір мен республикаға танымал журналистпін, бірнеше жерде қызмет істеймін, ал әлгі кластасым ауылда тұрады, жұмыс жоқ. Жазда Алматыға барып жалданып құрылыста істеп, соның ақшасымен жан бағып жүр.

Тәуекелшілдік қасиетке қалай ие болуға болады

Тәуекелшілдік кейбір адамдардың бойында туабітті қасиет болып қалыптасқан. Ал енді бойыңызда мұндай қасиет болмаса не істеу қажет?  Тәуекелшілдік қасиетті бойға дарыту үшін ең алдымен өз ақыл-ойыңызды бақылап, басқаруды үйренген жөн болады.

Оның ең қарапайым және сенімді тәсілі – күнделікті істейтін шаруаларыңызды жоспарлап алу және күн тәртібін белгілеу. Өзіңіз жасаған жоспар мен күн тәртібін сақтауға тырысып жүрсеңіз, бойыңызда ақырындап ерік-жігер пайда болады. Ал ерік-жігер жүрген жерде қорқыныш, күмән дегендер болмайды. Яғни, жігерлі адам әрқашан тәуекелден қашпайды.

Екінші назар аударатын нәрсе – бір істі бастаған кезде басқалармен, оның ішінде әйеліңізбен, туыстарыңызбен ақылдасудың қажеті жоқ. Өйткені, айналаңыздағы адамдармен ақылдасып жасауды әдетке айналдырсаыз, сіз ешқашан өз бетіңізше шешім қабылдай алмайсыз және тәуекелден аулақ боласыз.

Сіз ақылдасқан адамдардың көбі сізге тәуекел дегеннің қорқынышты екендігін, ең қауіпсізі – тәуекелге бармай ақырын жүрген деген мазмұнда ақыл-кеңес берері анық. Жалпы, бұндай ақыл-кеңес беру көп адамдарға, оның ішінде қазақтарға тән қасиет қой. Оған еш таңырқауға болмас. Ал осындай кеңесті естіген кезде сіздің бойыңыздағы тәуекел етіп, жаңа істі бастауға деген құлшыныс күрт азайады. Оның соңы тәуекелден және жаңа істі қолға алудан бас тартуға ұшырататыны анық.

Мынаны есіңізде ұстаңыз: биіктерге жетемін  десеңіз, қатерге ұшыратуы мүмкін тәәуекел әрдайым алдыңыздан шығады және сондай тәуекелдерге бару үшін барлық жауапкершілікті өз мойныңызға алып, өз ақылыңызбен шешім қабылдау қажет болады. Міне, қарапайым осы тәсілдерді пайдалансаңыз, тәуекел деген қасиетті бойыңызға сіңіріп, қиындықтарға қасқая қарсы тұрып, арман биіктерінен көрінеріңіз даусыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика