Тәжірибенің жоқтығы кедергі емес

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Қазіргі нарық билеген заманда ақша ең басты орынға шықты. Көп ақша тауып, бақуатты өмір сүру – екінің бірінің арманы. Бірақ та, байлыққа жету жұрттың бәрінің бірдей маңдайына жазылмаған бақыт. Ол таңдаулы адамдардың ғана еншісіне тиген игілік болып отыр. Байлыққа жетудің құпиясы туралы кедейден шығып, бақуатты миллионер болған ресейлік  бизнесмен Роман Василенко өз ой-пікірімен былай деп бөліседі.

Ешкімге кепілдік берілмейді

Мен адамдардан мынадай сауалды жиі естимін: «Бұл салада еш тәжірибем болмаса, онда табысқа қалай жетемін?»

Ең алдымен, осындай сауал қойған адамға қарап, оның нық шешімге келе алмайтын тайғақтығын көргендей боламын. Ол істі бастаудан қорқады. Оған нақты кепілдік керек. Егер сен өзің үшін жұмыс жасасаң, онда саған қандай кепілдік қажет?

Мен өмірде мынаны түйдім: мақсатыма жету үшін әрдайым тәуекелге барып, кедергілерді көктей өтіп, қорқыныш пен күмәнді жеңе отырып алға жылжыдым. Кепілдік дегенді ешқашан сұраған да, іздеген де емеспін.

Ең үлкен кепілдік – бұл сенің өзің. Мақсатқа жету үшін қажетті шапруаларды жасайсың  ба, жоқ одан бас тартасың ба – бұны жалғыз сен ғана шеше аласың.

Екіншіден, кепілдік сұарған жанға  мынадай қарсы сауал қойған жөн: «барлық бизнесмендер бірден тәжірибелі болып туа ма?» Әр кәсіпкер бәрін тақыр жерден бастап жүргізеді. Оның әрбір күні – бұл өзін өзі жеңуден, кедергілерді көктей өтуден,  үйреніп қалған жайлы тұрмыстан бас тартып, қорқыныш пен үрейден арылудан тұрады.

Бүгін мен табысқа жеттім. Бірақ, мақсатыма қадам басқанда 3000 АҚШ доллары көлеміндегі қарызым болды және жалдамалы пәтерде тұрдым. Бұл туралы халық айтқандай: үрерге иті, сығарға биті, болашақтан үміті жоқ, -деген күйде едім.

Міне, осындай халде жүріп, биік болашаққа ұмтылу ақылға сыйымсыздау іс болатын. Өзгелер үшін ертеңнен үміті жоқ болып көрінген менің жарқын болашаққа НЫҚ СЕНІММЕН қарауым нағыз фантастика еді.

Бірақ мен бар күш-жігерімді жинап, бақуатты кәсіпкер болуға бел байладым және соған жетуді қатты аңсап, құлшындым.  Сөйтіп, мен ақылға сыйымсыздау болса да, сол мақсатқа жетемін деп НЫҚ ШЕШІМ қабылдадым.

Мен өз өмірлерін өздері жасаған мақсат биігіне көтерілген кәсіпкерлердің өмірінен көп нәрсе үйреніп, бай тәжірибе жинақтадым. Сол 2007 жылдары қазіргідей интернеттегі мессенджер арқылы қарым-қатынас жасау мүмкіндігі болмайтын. Иә, желілі маркетингпен айналысатындардың форумдары болып тұратын. Десе де, ондай басқосуларда кездескен әріптестерден көп нәрсе үйрене қою қиын еді.

Біреқ та, менің жанымда тәлімгерлерім болды: ол бизнесте табысқа жеткен тәжірибелі жандар мен солар жайында жазылған кітаптар болатын. Ол маған көп көмегін тигізді. Соның арқасында мен МЛМ компанияға шақырған адамдарымның бас тартуын ауыр қабылдамайтын болдым, таныстарымның теріс пікірлеріне құлақ аспай, алған бетімнен қайтпай, нық қадаммен алға жылжыдым.

Әрине, бұның бәрі бірден болса салған жоқ, ақырындап болды. Кешкілік бір адам бейнсінде ұйқыға жатып, таңертең оянғанда мүлдем басқа адам болып тұру, санаңа кәсіби біліктілік пен табандылықты сіңіру еш мүмкін емес. Оның бәрі ақырындап, сатылап келетін жетістіктер.

Иә, мен бәрін тәжірибе мен білімім жоқ жағдайда, тақыр жерден бастадым. Мынаны есіңде мықтап ұстан: әрбір бизнесмен өмір жолын тақыр жерден бастайды. Сен үшін жарылқаушы да, жүз пайыз кепілдік беруші де жоқ.

Тәжірибе мен білімді, біліктілікті әр адам өмір жолында өзі табады. Бұл жағдайда бәрі сенің өзіңе тікелей байланысты. Осылайша, егер сені тәжірибе мен білімнің жоқтығы мазалайтын болса, онда бұл ойға алған мақсаттан бас тартуға себеп болатын сылтау емес. Ең бастысы, алғашқы қадамды жасап,  жарқын болашағыңның іргетасын қалауға нық шешім қабылдау. Болашаққа талпыныс жасаған табанды адам міндетті түрде жетістікке жетеді.

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика