149 көрілім
Жылына валютамен 22-25 пайыз өсім беретін шет елдік депозит. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алуға болады:  http://kalkoz.bget.ru/?p=30#more-30

Тағдыр деген сөз барлық ұлттың тілдерінде бар және тағдыр туралы дәстүрлі діндерде де көп айтылады. Қарапайым ой қисынына салып қарасақ: егер тағдыр деген түсінік бар екен, онда тағдыр дегеннің өзі де бар болғаны ғой. Адамдардың көбі шынында да тағдырға сенеді және алдын ала белгіленіп қойған осындай өмір жолын өзгертуге болмайды деп ұғынады. Шындығында солай ма?

Тағдыр – алдын ала белгіленген өмір жолы

Енді тағдыр дегеннің өз не? Сол мәселеге жауап беретін кез келгендей. Тағдыр дегеніміз – бұл біз дүниеге келген сәттен бастап өлгенге дейінгі аралықтағы алдын ала Жаратқанның белгілеп берген өмір жолымыз. Дәстүрлі діндердің түсінігі – осындай. Жаратқан тарапынан алдын ала белгіленетіндіктен, тағдыр жолын өзгертуге болмайды деп санайды көп адамдар. Мұндай адамдар әдетте, тағдыр салды, біз көндік деген ұстаныммен, санасыз, мақсатсыз өмір сүреді.

Жалпы, дәстүрлі діндерде, оның ішінде ислам, христиан, иудей діндерінде тағдыр дегеннің болатынын мойындағанмен, ол туралы толымды түсінік бермейді. Ал, буддизм және индуизм діндерінде тағдыр туралы жан-жақты және толымды түсінік берілген. Буддашылар мен индустар «карма заңы» деп аталған адамдардың іс-әрекеттеріне орай пайда болатын заң – біздің болашақ өмір жолымызды, яғни тағдырымызды белгілейді дейді.

Индустар мен буддашылардың түсінігі бойынша адам өмірі бір ретпен ғана шектелмейді. Ол туу мен өлімнің тұйық шеңберінде шыр айналып жүреді. Бұны – самсара деп атайды. Осындай өмір жолында адам жасаған іс-әрекеттері арқылы оның болашақ алатын тәні мен өмір жолы, яғни тағдыры айқындалады. Егер сіз өткен өміріңізде жақсы әрекеттер жасап, иманды болсаңыз, онда бақуатты, қайрымды отбасында дүниеге келіп, деніңіз сау, қол-аяғыңыз бүтін, жолыңыз болғыш болып, бақытты ғұмыр кешесіз. Ал керісінше, жаман әрекеттер жасаған болсаңыз, маскүнем немесе келеңсіз отбасында туып, кемтар, болмаса сұрықсыз болып, қиындықтан көз ашпай тірлік кешесіз.

Тағдырды өзгертуге бола ма?

Сіз өзіңіздің Жаратқан белгілеген тағдыр жолымен өмір кешіп жатсыз ба, жоқ па – соны білу үшін мынаған назар аударсаңыз жеткілікті. Егер сіз еш саналы әрекет жасамай, кездейсоқ жағдайларға арқа сүйеп, ертеңгі күніңіздің не болатынын алдын ала білмей, күнделікті үйреншікті сүрлеумен өмір кешсеңіз, онда тағдыр жолымен жүріп келе жатқаныңыз. Адамдардың 90 пайызы осылай тірлік кешеді.

Ал тағдыр жолын өзгерту үшін не істеу қажет? Ең алдымен, тағдыр жолы дегенді ұғынып, түйсініп алған жөн. Жоғарыда айтқанысмыздай, тағдыр жолымен жүрген адам кәдімгі таптаурын болған ескі сүрлеумен жүрген көлік сияқты. Ол ескі сүрлеудің қайда апаратыны, қаншаға созылатыны, қай жерлермен жүретіні алдын ала белгіленіп қойылған. Сізге қалғаны, сол таптаурын жолмен ақырын ілбіп басып өмір кешу.

Ал өміріңізді өгерткіңіз келсе, онда таптаурын жолдын шығуыңыз қажет. Әрине, үйреніп қалған өмір ағымын өзгерту – екінің бірінің қолынан келмейді және оған батылы да бара қоймайды. Енді осы жайға кеңірек тоқтала кетейік.

Мәселен, сіздің мамандығыңызға сай атқарып жатқан жұмысыңыз бар, отбасыңыз, жақсылы-жаманды баспанаңыз бар делік. Күнделікті үйреншікті өмір ағысымен тірлік кешіп жатырсыз. Дегенмен де, сіздің өз табысыңызға, тұрмыс жағдайыңызға, денсаулық жайыңызға, қоршаған орта мен тұрып жатқан мекен-жайыңызға көңіліңіз онша тола қоймайды. Бұның бәрі – алдын ала белгіленген таптаурын болған жол, яғни тағдыр жолының ықпалы.

Енді сіз сол таптаурын жолдан шыққыңыз, яғни өміріңізді өзгерткіңіз келді. Өзгеріс деген ең алдымен, ОЙДАН БАСТАЛАДЫ. Иә, алдымен сіз өмір жолыңыз туралы ойланып, оны өзгерту қажет-ау деген пайым жасайсыз. Бұл – бірінші және маңызды қадам. Өкінішке орай, адамдардың көбі өмір жолдарын өзгерту қажет-ау деп  ойламайды. Рас, өзгерткен дұрыс болар еді деген сияқты бұлыңғыр ниеті болуы мүмкін, дегенмен, ол нақты ой емес.

Өмірімді өзгертсем деген ойға шындап берілген пенде ақырындап сол ойдың шырмауымен «қалай, қайтіп өзгертуге болады» дегенді ойлана бастайды. Яғни, таптаурын жолдан шығудың амалын қарастыруға кіріседі. Қазақ «ізденген жетер мұратқа» демекші, ойы бұзылып, өмірін өзгертуге ниеттенген адам түптің түбінде мақсатына жетеді.

Өмірді өзгерту үшін адам САНАЛЫ әрекет жасауы қажет. Саналы әрекет дегеніміз: алдыңа нақты мақсат қойып, сол мақсатқа жететін жолды анықтап, сол жолмен жүру. Мысалы: сіз тұрмыс жағдайыңызды жақсарту үшін жалдамалы жұмыс жасау арқылы, тіпті ол мемелкеттік лауазымды қызмет болсын, ешқашан да бақуаттылыққа жете алмайтыныңызды ұғындыңыз. Бақуаттылыққа жетудің жалғыз жолы – бизнес, яғни кәсіпкерлік.

Осындай ойға келген сіз үйреншікті қызметіңізді тастап, тәуекел деп кәсіпкерлікке ден қоясыз. Ол үшін алдыңызға нақты мақсат қойып, сол мақсатқа жететін жолды белгілейсіз, яғни жоспар жасайсыз. Осылайша сіз саналы әрекет ету арқылы, үйреншікті таптаурын жолдан шығып, жаңа сүрлеуге түсесіз. Таптаурын жолда бәрі белгілі, ақырындап ілбіп алға жылжуға болады. Ал  түрен түспеген жаңа жолмен жүру қашанда қиындықтар мен кедергілерге, қатерлерге толы болмақ. Бұны осы жолға түсерде сіз анық сезініп, соған тәуекел етуіңіз шарт.

Саналы өмірге көшу арқылы сіз неге жетесіз? Ең алдымен, бірсарынды үйреншікті сүреңсіз тірліктен құтылып, алдыңызға нақты мақсат қойып, өз өмір жолыңызды өзіңіз айқындайсыз. Екіншіден, сіз ол жолдың қайда апарытынын, қандай нәтижеге жеткізетінін алдын ала білесіз.

Түйін: егер сіз бірсарынды үйреншікті сүреуден шығып, өміріңізді өзгерткіңіз келсе, онда алдыңызға нақты мақсат қойып, саналы әрекет етуге көшіңіз. Яғни, күнделікті әрекетіңізді алдын ала жоспарлап, сол өзіңіз жасаған жоспарға сай әрекет жасаңыз және табандылық пен жігерлілікті, нық сенімді серік етіңіз. Сонда өміріңізді өзгертуге қол жеткізе аласыз. Оған шамаңыз жетпесе, онда күнделікті үйреншікті таптаурын сүрлеумен, яғни алдын ала белгіленіп қойған тағдыр жолымен  бірсарынды тірлік  кешуіңіз қажет болады. Бұл екі жолдың қайссын таңдау – сіздің өз еркіңізде.

Қазақ тілінде кез-келген тақырыпта мақала жазуға, кітап шығаруға тапсырыс беруге болады. Ақысы келісімді. 8-701-3001474 телефонына немесе вадсапқа хабарласыңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика