1 085 көрілім

стрессАдамдардың көбі көктем мен жазды жақсы көреді. Ал қысты ұнататындар аз, бірақ солай екен деп қыс келмей тұрмайды. Мезгілі келгенде «кәрі құда» қыс келіп мазаны алады. Сол сияқты экномикалық дағдарысты жақсы көретін ешкім жоқ, бірақ ол әлсін-әлі келіп, жағадан алып тұрады.

Барлық саланы қамтыған дағдарыс

Осыдан екі күн бұрын президенттің қабылдауында болған Ұлттық банктің төрағасы Келімбетов біздегі теңге бағамы өзгермей қалыпты жағдайда тұр, ұлттық банк тамаша жұмыс жасап жатыр деген мазұнда біраз жайды айтқан еді. Бірақ араға күн салып, теңге бағамы ауыстыру пункттерінде шарықтап, 198-ге дейін барды. Бүгін бір сарапшы таяу болашақта бір доллардың бағамы 380 теңгеге дейін барады дегенді айтты.

Кеше Елбасы біраз тұтқалы министрлерді жинап, әлемдік үлкен адғдарыс келе жатқанын, соған дайын болуымыз қажеттігін айтып, ескертті. Бұл дағдарыс бұрынғы дағдарыстардан өзгеше болатын сыңайлы. Әлемді тұралатып кеткен 2008-2009 жылдардағы дағдарыс тек қаржы саласын ғана қамтыса, ендігі дағдарыс экономиканың барлық саласын түгел қамтып, халықты титықтатып кететін түрі бар.

Көктемде болған теңгенің құнсыздануы тұсында Ұлттық банк төрағасы енді біраз уақытқа дейін осы бағам ұсталады деп айтқан еді. Ал таяуда теңге бағамы дәлізін 198-ге дейін көтеріп, бұрынғы сөзін теріске шығарды. Ал күні кеше ұлттық банк төрағасы Елбасыға бәрі тамаша деп есеп бергеннен кейін теңге бағамының күрт құлдырауы, тіпті, қызық болды.
Бұдан не түйіндеуге болады? Яғни, басшылардың уәдесі мен сөзіне малданып, қамсыз отырма. Ешкімге сенбей, өз жайыңды өзің ойла деген қортынды шығады. Бүгінгі заманда тек Аллаға ғана сенуге болады екен.

Дағдарыстан құтылуға бола ма?

Баяғы кеңес заманында дағдарыс деген мүлдем жоқ-ты. Бірақ қанша жұмыс жасалып, қағаз жүзінде экономика қарыштап дамыса да, іс жүзінде дүкен сөрелері жылан жалағандай, қай жерге барсаң қаптаған кезек болатын. Кедейшілік – барша адамдардың табиғи қалыпты жағдайы болып саналатын.

Дүкендерді тауарға толтырған нарық керісінше экономиканы қарыштап дамытты да, содан туындайтын жұмыссыздық пен дағдарыс деген пәле қашып құтыла алмайтын көлеңкеміз сияқтанып алды. Әлсін-әлі келіп, тұралатып кететін дағдарыс жалпақ тілмен айтқанда «жегенімізді – желім, ішкенімізді – іріңге» айналдырады. Бірақ одан қашып құтылу мүмкін болмай тұр.

Әзірге ғарышқа ұшуды меңгерген адам баласы дағдарыс атты кесапаттан шығар жолды табуға қауқарсыз болып отыр. Жер бетінде қазір 7 миллиардтай адам бар екен. Бірақ дағдарыстан шығар жол табар бір тірі пенде жоқ. Даналар да, данышпандар мен ғұлама ғалымдар да жетерлік. Дегенмен, ешқайсының дағдарыстан түбегейлі құтылатын жолды табуға ақылдары жетпейтін болып шықты. Сонда не істеу керек?

«Заманды өзгерту қолыңнан келмесе, соған бейімдел» деген сөз бар. Яғни, заманды өзгерту ешқайсымыздың қолымыздан келмейді екен, онда соған бейімделуге тиіспіз. Ендеше, белбеуіңізді тарта байлап, дағдарыс әкелетін ашқұрсақ тірлікке мойынсұныңыз. Басқа лажыңыз жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика