512 көрілім

хопонопБлогымызда хоопонопоно – адамның жолын ашатын гавайлық сыйқырлы тәсіл туралы екі мақала жазылған еді. Мен осы тақырыпқа орай оқырмандардан бірнеше хат алдым. Олардың бәрі әмбебап гавайлық тәсіл туралы кеңірек жазсаңыз деп өтінеді. Осыған орай сыйқырлы тәсіл жайындағы үшінші мақаламды жазып отырмын.

Адам ақыл өлшемінде өмір сүреді және барлық әрекеттері үшін жауапты

Таңертең ұйқыдан оянғаннан кейінгі барлық әрекеттеріміз тән арқылы жасалып жатқан сияқтанғанымен, шын мәнінде бәрі ақыл өлшемі деңгейінде жүзеге асырылады екен, ал адамның шын «Мені» компьютердің сыртында отырады. Ақыл дегеніміз – бұл табиғи элементтер арқылы жасалған бағдарлама, яғни программа. Ол компьютерлік бағдарламаларға өте ұқсас.

Отырасыз, тұрасыз, сөйлейсіз, тамақтанасыз, жүресіз – шындығында бұның бәрі ақыл аумағында жасалады және сіз сол ақыл өлшемінде жасалған барлық әрекеттеріңіз, тіпті алған, берген ақапараттарыңыз үшін де жауапты боласыз. Ой дегеніміз ақылдың өнімі. Адам миынан бастау алатын ой кеңістікке сіңіп жоғалып кетпейді, ол сақталады және әрбір ойдың салдары болады.

Бұл жайында қасиетті Құранда «Егер кімде кім біреуге жақсылық жасаса, өз пайдасына, жамандық жасаса өз зиянына. Жақсылық жасаған адамға соншалық жақсылық бар, ал жамандық жасаған адамға да соншалық жамандық тиесілі» делінген. Ақыл деңгейіндегі бағдарламаның мәні мынада: сіз жақсылық жасасаңыз, жақсылыққа кенелесіз, ал жамандық жасасаңыз, дәл сондай көлемде міндетті түрде жамандыққа ұшырайсыз. Бұл – табиғаттың айнымас заңы, оны айналып өтуге, алдауға болмайды.

Сыйқырлы тәсілдің мәні

Адам өзінің күнделікті жасайтын жақсы-жаман әрекеттері, сөзі, ойы арқылы өз болашағын жасайды. Жамандық көп болса, өмір жолыңыз жабылып, қиындықтан көз ашпайсыз. Ал жақсылықты көбірек жасасаңыз, өмір жолыңыз ашылып, ойыңызға алған арман-мақсаттарыңыз орындалып жатады. Гавайлық сыйқырлы тәсілдің негізгі және басты мәні де дәл осында. Сыйқырлы 4 сөзді қайталау арқылы түйсігіңізге (подсознание) жақсы, жағымды ойды әбден сіңіресіз және сол арқылы өмір жолыңызды ашасыз.

Бұл тәсілді кез-келген мақсатқа жету үшін немесе дертіңізден айығу үшін пайдалануыңызға болады. 1 – мен бұған қатты өкінемін; 2-мархабат етіп кешір мені; 3-мен саған шексіз алғысымды айтамын; 4-мен сені сүйемін – бұл 4 ауыз сөзді үнемі қайталап, түйсігіңізге сіңіру арқылы ақыл-ойыңыз тазарады, өмір жолыңыз ашылады және ақылыңыз ноль деңгейіне, яғни алғашқы бастау сатысына жетеді. Бұл не береді?

Сыйқырлы төрт сөзді қайталау арқылы ақыл тыныштанып, сіз алғашқы барлық ойлардың бастау шегі – нольдік деңгейге жеткен сәтіңізде, өзіңізді өзіңіз қайта бағдарламалай аласыз, яғни болашақ өмір жолыңызды өзіңіз айқындап, мына жолмен жүріп, мынадай табыстарға жетемін деп  нақты мақсаттар қоюыңызға болады. Ал  бұл мақсаттарыңыздың орындалуын түйсік сіздің көмегіңізсіз өз бетінше жүзеге асырады. Ақылдың бастау шегінде қайта бағдарламаланып, сол ақпаратты сіңірген түйсік ойыңызға алған мақсаттарыңыздың орындалуына қажетті тетіктерді іске қосады, қажет адамдармен кездестіреді, жолыңызды ашады. Осылайша, көп ұзамай ойға алған мақсаттарыңыздың оп-оңай орындала бастағанын көріп, еріксіз таң-тамаша қалатын боласыз.

Гавайлық тәсілмен кім айналыса алады?

Гавайлық тәсілдің дәстүрлі діндердегі сопылық, каббала сияқты мистикалық тәсілдерден айырмасы сол – бұнда ешқандай ұстаз жоқ. Әр адам өзіне өзі ұстаз. Бұл тәсілмен ұлтына, нәсіліне, дініне, жынысына, жасына қарамай кез-келген адам айналыса алады. Нәтижеге жету адамның гавайлық тәсілдің нәтижелілігіне сеніп, онымен шындап айналысуына байланысты. «Ей, бұның бәрі ойдан шығарылған ертегі ғой» деп қоя салсаңыз, ол еш нәтиже әкелмейді. Ең бастысы – сенім және күнделікті үзбей айналысу, яғни біраз уақытыңызды жұмсау.

Егер интернет арқылы хоопонопоно тәсілі жайында орыс тілді ақпараттарды оқып қарасаңыз, онымен айналысушылар қатарының күн санап өсе түскенін және жақсы нәтижелерге жетіп жатқандардың да барлығын бағамдау қиын емес. Өз басым бұл тәсіл туралы биыл жазда тұңғыш рет интернет арқылы ақпарат алдым. Соңғы екі-үш айдай уақыт аралығында тұрақты айналысып келемін. Күнде таңертең 4-5 минут уақытымды бөліп, осы сыйқырлы төрт сөзді қайталаймын. Нәтиже қандай?  Мен жыл соңына дейін айлық табысымды екі есе өсіремін деген жоспар құрған едім. Айлық табысым 150 мыңдай болатын. Қазір 250 мыңға жетті. Бұл екі есе емес, десе де айтарлықтай өсім болды. Жыл соңына дейін бәлкім шынында да тағы да табысым өсіп қалар, кім білсін.  Яғни, гавайлық тәсіл жұмыс істейді деген сөз.

 

 

 

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика