1 461 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

ақиқатҒылым мен білім дамыған сайын ақылға симайтын таңғажайыптар қатары азайып, табиғаттың тылсым құпиясы түгел ашылады деп ойлаушы едік. Дегенмен, ғылым дамыған сайын адам ақылы жетпейтін таңғажайыптар қатары көбейген үстіне көбейіп барады.
Мұның өзі матреиалистік түсініктің терістігін тағы дай айғақтап, керісінше діни түсініктің ақиқаттығын дәлелдей түсуде.

Жын-перілердің баяны.

Қасиетті Құранда «жын» деген сүре бар. Пайғамбарымыз хадистерінде адамның көзіне көрінбейтін жын-пері дегендердің болатынын айтады. Қасиетті Құран мен пайғамбарымыздың сөзін жын-шәйтан дегенді көзімен көрган адамдардың айтқандары айғақтай түседі.

Құранда жын нәсілінің өкілдерінің оттан жаратылғандығы айтылады. От топыраққа қарағанда нәзік элемент, осыған орай оттан жаратылған жынды біздің көріп, сезіне алмауымыз заңды құбылыс. Керісінше олар бізді көріп, сөзімізді ести алады екен.

Қазір ғылым да біздің әлеммен параллел өзге әлемдердің барлығын растай бастады. Өзге әлемге енгізетін «қақпалардан» байқамай өтіп кетіп, басқа әлемге тап болып жататындардың таңғажайып оқиғалары туралы БАҚ айтып, жазуда.

Құрметті оқырман! Ақиқат блогы бес жылдан бері жұмыс істеп келеді, түрлі тақырыпта мыңға жуық мақалалар жарияланған. Сайттан сіз көптеген пайдалы ақпараттар ала аласыз. Сізге өтініш: бірер минут уақытыңызды бөліп, сайттың оң жақ қанатындағы жарнамалық баннерлерді басып, ашылған сайтқа кірсеңіз. Осындай қарапайым әрекет арқылы сіз сайтты ұстауға үлкен көмегіңізді тигізер едіңіз. Алған пайдалы ақпаратыңыз үшін алғысыңызды осылай білдірсеңіз.

Ескі үйдегі от жаққан кімдер?

Соғыстан кейін ауылда күріш егумен айналысқан әкемнен мынадай әңгіме естідім. Бірде ол атпен жұмыстан үйге кештеу қайтады. Аң аулағанды жақсы көретін ол үнемі мылтығын тастамайтын. Ауылдан жарты шақырымдай жерде жол жиегінде бұзылған ескі үй болатын. Қалқайып қабырғасы ғана қалған әлгі үйде әлдекімдер от жағып, ғау-ғау әңгімелесіп отыр екен.

Бұл 50-ші жылдардың ортасы болса керек. Яғни, жер ауып келген шешендер отандарына қайтып кеткен. Осыны жақсы білетін әкем ескі үйдегі от жағалап отырған бастарына папах киген шешендерді көргенде таң қалыпты. Шешендердің арасында мал ұрлайтындар көп кездеседі екен, солар мал ұрлап, соны үйітіп отырған шығар деп ойлайды ол.

Жол дәл ескі үйдің жиегінен өтеді. Әлденені сезгендей аты да алға баспай тастабандап тұрып алыпты. Көңіліне қорқыныш кірген әкем мылтығын алып аспанға қарата гүрс еткізіп атып жібереді. Ойы шешендер қорқып, абыр-сабыр болып жатқанда жандарынан шауып өте шығу болады.

Қызығы сол, мылтық атылған сәтте жанып тұрғын от та, оны жағалап әңгімелесіп отырған шешендер де із-түзсіз жоқ болып кетіпті. Үрейі ұшқан әкем үйге жеткенше шауып келеді. Ертеңіне жұмысқа бара жатып, ол ескі үйге келіп қарайды, онда жанған оттың күлі мүлдем жоқ болып шығыпты. Осы таңғажайып оқиғаны ол қайран қалып үнемі айтып жүрді.

 

Артық салмақтан арылу, сұлу, сымбатты болып, өзіңізді әрдайым сергек сезіну, аурулардан аулақ болып, денсаулықты нығайту, халық емшілігі - осылардың бәрін сіз мына сайттан таба аласыз (сілтемені басып сайтқа кіріңіз): https://eatsdiet.ru/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика