116 көрілім
Жылына валютамен 22-25 пайыз өсім беретін шет елдік депозит. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алуға болады:  http://kalkoz.bget.ru/?p=30#more-30

Әмбебап кілт дегеніміз – сана деңгейін көтеру. Егер сіз сана деңгейін көтере алсаңыз, онда жақсылық пен жамандықты, пайдалы мен зиянды ғана айырып қоймай, алға қойған мақсатыңызға жеткізер жолды да нақты біліп, түйсінетін боласыз. Яғни, бәрі сана деңгейіне байланысты.

Бұған көзімізді жеткізу үшін мына бір мысалға назар аударып көрейік. Егер сіздің екі теледидарыңыз болды делік. Екеуінің экрандарының үлкендігі, қуаттылығы бірдей, бір маркада шығарылған. Бірақ біреуі көп каналды табақшаға жалғанған да, екіншісі үйдегі антеннаға қосылған. Осыған орай, бірінші теледидар 70 каналдан көрсетеді, ал екіншісі бес арнамен шектелген. Бір маркадағы бірдей екі теледидардың екі түрлі қызметінің себебін қазіргі заманғы техника жайында хабары бар әрбір адам жақсы түсінеді және оған еш таңырқамайды.

Сол сияқты, адамдардың біреулерінің ақылды болып, сол ақылын пайдалану арқылы үнемі жақсы нәтижелерге жетуі, екіншілерінің ақымақ болып, ақылсыздығының салдарынан үнемі қиындықтардан көз ашпауы – түсінігі бар әрбір жан үшін таңғаларлық нәрсе емес. Табысқа жетудің кілті ақыл-ойымыздың деңгейіне байланысты. Бірақ неге біреудің сана деңгейі жоғары да, екіншілерде төмен?

Бұның себебін жоғарыда табиғаттың үш сипаты – яғни гунасы туралы айтқанымызда түсіндірген болатынбыз. Яғни, бұл арада табиғаттың гуналарын теледидардың антеннасына теңеуге болар еді. Қараңғылық гунасы – үй ішіндегі антенна сияқты, яғни қызметі шектеулі болса, құштарлық гунасын – шатырға қойылған антеннаға ұқсатуға болады. Оның алатын ауқымы алғашқыға қарағанда біршама кеңдеу. Ал саттва гуна бәрінен жоғары, оны желілі телеканалмен немесе табақшамен салыстыруға болады. Қай гунаның ықпалында болуына байланысты адамдардың ақыл-ой деңгейі, іс-әрекеті айқындалмақ.

Сана деңгейі жоғары Штирлиц ақыл-ой деңгейі төмен Ральфқа немесе «Побег» сериалының кейіпкеріне қарағанда басқаша әрекет жасайды. Ол әрдайым қиындықтан шығар жол тауып, әрбір қадамын «он рет ойлап, бір рет кесіп» отырады. Ал керісінше сана деңгейі төмен пенделер көз алдындағы қатерді көрмей, орға жығылады. Олардың бұлай жасамасқа лажы да жоқ. Бұған ақыл-ой деңгейі, яғни ықпал етуші табиғат гунасы еріксіз мәжбүрлейді.

Ақымақ болғысы келетін адам бар ма? Есі ауысқан жан болмаса, ақыл-есі дұрыс пенденің ешқайсы ақымақ болғысы келмейді. Бірақ соған қарамастан, өмір адамдарды түрлі ақылсыз әрекеттер жасап, өзіне де, өзгелерге де зиянын тигізуге мәжбүрлейді. Бұның бәрі жоғарыда айтқанымыздай, табиғаттың үш сипаты – табиғат гуналарының ықпалымен жасалады.

Адамды теледидарға теңесек, гуналарды телемұнарадан берілген толқынмен салыстыруға болады.  Ал телетолқынның қалай қабылдануы – теледидар иесінің қандай антеннаны қолдануына байланысты болатыны сияқты, қай гуна толқынын қабылдау адамның сана деңгейіне байланысты орын алады. Егер сіздің ақыл-сана деңгейіңіз төмен болса, соған сәйкес төменгі гунаның, яғни қараңғылық гунасының ықпалында боласыз.  Сана деңгейіңіз жоғарылаған сайын, сізге ықпал ететін табиғат гунасының сапасы да өзгереді.

Қазақ тілінде кез-келген тақырыпта мақала жазуға, кітап шығаруға тапсырыс беруге болады. Ақысы келісімді. 8-701-3001474 телефонына немесе вадсапқа хабарласыңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика