1 310 көрілім

Қытайдың ұлы ойшылы Лао Цзидың «мың рет құлағанның айыбы жоқ, бір рет тұра алмаған ұят» деген сөзі бар. «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» дейді халық даналығы. Яғни, қателеспейтін, кемшілікке бой алдырмайтын пенде болмайды. Зерделі адам сол қателіктерінен сабақ алып, алдағы уақытта ондайға жол бермеуге тырысса,  зердесіз пенде бір жасаған қателігін жүз жасап немесе тағдырдың бір соққысына бола жүнжіп, арман-мақсаттарынан бас тартып жатады.

Сәтсіздіктен сабақ ал.

Белгілі американдық инвестор Роберт Киосаки үш жылдың ішінде бизнесте жолы болып, 3 миллион доллардай ақша табады. Енді ісім оңғарылды, бақуатты адамдардың санатына қосылдым  деп жүргенінде кенеттен сәтсіздікке ұшырап, жиған-тергенінен түгел айрылады. «Осыдан кейін мен бір жылға дейін өзіме өзім келе алмай жүрдім» деп есіне алады ол. Арада екі-үш жыл өткенде оның ісі тағы да алға басып, қайтадан мол дәулетке кенеледі.

Дегенмен, сәтсіздік тағы да жолын кесіп, екінші мәрте банкрот болады. «Екінші рет банкрот болғаным алғашқыға қарағанда біршама жеңілдеу тиді, мен  бір айдай қиналып жүрдім» дейді ол. Одан кейін де талай сәтсіздіктерді бастан өткерген американдық миллионер «менің сәтсіздіктерім қателіктен сабақ алып, биікке жылжуыма үнемі көмегін тигізіп жүрді, сондықтан сәтсіздіктерімді өзімнің ұстзым деп білемін» -дегенді айтады.

Әлемдегі ең бай инвесторлардың бірі Уоррен Баффет 3 миллиард доллардай ақшасынан айрылып, таяқ ұстап қалғанында бір журналист «бұл оқиға сіздің санаңызға қанша салмақ түсірді?» деп сұрақ қояды, сонда инвестор: «Ондай ұсақ-түйекті ойлайтын менде уақыт жоқ, ендігі мақсат ойға алған жаңа жобаны жүзеге асыру» деп жауап берген екен.

Кәдімгі жарықтандырғыш электр лампасын ойлап тапқан Эдиссон осы ойын жүзеге асыру үшін 10 мыңнан астам рет тәжірибе жасап, бәріңде сәтсіздікке ұшырапты. Ал тұңғыш ұшақты жасаған ағайынды Рейтерлер 350 рет сәтсіздікке ұшырап, тек 351-ші рет қана жасаған аппаратымен көккке көтерілген. Осындай мысалдарды көптеп келтіре беруге болады.

Табанды болсаң, табысқа жетесің.

Яғни, көп ақша табатын кәсіпкер болу үшін көптеген сәтсіздіктер мен қателіктерді бастан өткеруге тура келетін сияқты. Статисикалық деректерге назар аударып көрсек, 1000 адамның біреуі ғана бизнеспен айналысуға тәуекел етеді екен, ал сол тәуекел еткен 100 адамның 80-і бір жылдың ішінде банкрот болып, тақырға отыратын көрінеді.

Қалған 20 адамның 15-і үш жылдың ішінде бизнеспен қош айтысып, тек 5-уі ғана мол дәулетке ие болады деседі. Сол 5 мықтының біреуі болу үшін сізге қажетті ең басты қасиет – табандылық екендігін ақшадан тау тұрғызған алпауыттардың бәрі де растайды.  «Миллионерше ойлау»  курсының авторы Алекс Яновскии қалталы бизнесмен болуға қажетті он қасиетті тізбелей келе, өзіңіз айналысқыңыз келген саланың білікті маманы болуды ең соңғы орынға қояды.

Егер сіз баспа қызметімен айналысқыңыз келсе, сол саланың жұмысын бес саусақтай білетін маман болу қажеттігі 10-шы деңгейде тұрады екен. Бақуатты бизнесмен болуға керекті ең басты қасиеттердің қатарында жоғарыда айтқанымыздай табандылық бірінші орында тұр.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика