Табысқа жетудің құпиясы

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

акшаОйына алған арман-мақсатына жету әрбір адамның маңдайына жазылмаған бақыт. Егер адамдардың бәрі бірдей мақсаттарына жетер болса, мына дүниеде бақытсыз, кедей және өмірге өкпелі пенде болмас еді. Ал табысқа немесе ойыңызға алған мақсатыңызға қалай жетуге болады? Нәтижеге жету осы саалдың жауабын дұрыс таба білген адамның ғана еншісіне жазылған жетістік екендігін өмір әрдайым дәлелдеп келеді. Мен блогымның оқырмандарына әлемнің көптеген тілдеріне аударылған (өкінішке орай, қазақ тіліне аударылған жоқ) Напалеон Хилдің «Ойлан да байы» (Думаи и богатеи) деген кітабын ықшамдап аударып, ұсынып отырмын. Одан сіз көптеген өте құнды ақпараттар табарыңызға сенімдімін.

Құлағы бар пенде естісін

Табысқа жетудің құпиясы кітапты оқу барысында ақырындап ашылатынына сенімді және дайын болыңыз. Мен бұл жайында қуана баяндар едім, дегенмен сізді сондай тылсым құпяины алғаш ашушы сезіну қуанышынан айырғым келмейді.
Сіз өмірден түңіліп, қадам басқан сайын кездесетін қиындықтардан шаршадыңыз ба. Сәтсіздіктер сізді қажытып және оған қоса тәніңізді жайлаған түрлі дерттер мазаңызды алды ма, онда менің ұлымның осы кітапты оқу барысында ашқан жаңалықтарының тарихымен танысыңыз, оның Карнеги формуласын пайдалану арқылы өмірін қалай өзгерткенін түйсініңіз. Міне, сонда сіз үміттерін жоғалтқандардың шөл даласындағы көк шалғынды жасыл аралға тап болғандай күйге түсеріңіз анық.

Табысқа жетудің құпия тәсілін пайдаланған әрбір адам сәттілікке қол жеткізеріне кәміл сенімді болады. Егер сіздің бойыңызда күмәніңіз болса, онда қиындықтарды жеңіп, мақсатына жеткен адамдар жайында ойлап, солардың өміріне ой жүгіртіңіз, сонда күмәніңіз сейіліп сала береді.

Әрине, табысқа жетудің құпиясы сізге оп-оңай беріле салмайды. Дегенмен, оның бағасы шынайы құнынан әлдеқайда төмен болмақ. Шындығында тылсым құпияның бағасы мынанша деп айтуға болмайды және оны ақшамен төлеу де мүмкін емес, өйткені ол екі бөліктен тұрады. Құпияның бір бөлігі мынадан тұрады: ол адамның ақыл-санасын түгел баурап билеп алады. Құпия тылсымды білгісі келетіндердің бәріне ол бірдей әсерін тигізеді. Бұл арада білім мөлшері ешқандай ықпалды рөл атқара алмайды. Мен дүниеге келместен көп бұрын табысқа жетудің формуласын Томас Эдисон тауыпты. Оны ақылмен пайдалана білген ол барша әлемге танымал өнертапқыш және аса бақуатты адамға айналды. Ал Эдисон мектепте небары үш айдай ғана оқып, «білім алған» екен.

Табысқа жету құпиясы Эдисонның іскер әріптесі Эдвин Барнсқа да ашылды. Соның арқасында Барнс мол қаржы жинап, қалған өмірін уайым-қайғысыз молшылықта өткізді. Кітаптан оның өмірі жайында оқи отырып сіз байлыққа жету өзіңіз ойлағандай оншалықты қиын емес, бақуаттылық қолжетімді екендігін түйсінесіз. Байлық, атақ-даңқ, мансап және бақыт: «Мен соның бәріне жетуге лайықтымын» деп санауға дайын адамға иек астындағыдай қолжетімді болмақ.

Мен бұл тылсым құпияны қайдан білемін? Сіз оның жауабын бұл кітапты соңына дейін оқымай-ақ таба аласыз. Бәлкім сіз оның жауабын кітаптың алғашқы тарауын оқығанда-ақ табатын боларсыз. Өзімнің жиырма жылдық іздену-зерттеу жұмыстарымның арқасында, Карнеги мырзаның батагөйлігімен, мен жүздеген елге танымал тұлғалардың өмірі мен жетістіктерін ақыл-таразысына сала отырып, Карнеги формуласының мүлтіксіз жұмыс істейтініне көз жеткіздім.

Сондай тұлғалардың арасында: Генри Форд, Уилям Ригль, Джеймс Хилл, Джордж Паркер, Е.М.Статлер, Генри Доэрти, Сайрус Кертис, Джордж Истмен, Чарльз бар. Бұл адамдардың бәрі ойларына алған мақсаттарының биіктеріне көтерілген, өмірде үлкен жетістіктерге жеткен танымал тұлғалар болды.

Кітаптың жалғасы блогымызда алдағы уақытта беріліп тұратын болады. Сондықтан «Ақиқат» блогының тұрақты оқырманы болыңыз, жаңалықтарды жіберіп алмаңыз.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика