124 көрілім

Жылына валютамен 22-25 пайыз өсім беретін шет елдік депозит. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алуға болады:
http://kalkoz.bget.ru/?p=30#more-30

Мұсылмандардың түсінігінше, ақырзаман жақындағанда жер бетіне сайтанның таралымы тажал келіп, жасырын түрде өзінің адамдарды азғырып, аздыру әрекеттерін жасайды және  белгілі бір мерзімге жер бетіне әмірін жүргізеді. Барша халықтарға емес, тек сайтанның тіліне еріп, азғандарға. Христиан түсінігінде ол антихрист деп аталады және оның қызметі тажалмен егіз қозыдай ұқсас. Яғни, осыған қарап, ақырзаман таяғанда келетін сайтан бейнесіндегі тіршілік иесінің дініне, тіліне, нәсіліне қарамай барша адамзат үшін қатерлі екенін аңғаруға болады.

Адамзтты аздыру бағдарламасы белсенді әрекет етуде

Батыс елдері миллиардтаған ақша бөліп, адамдарды, әсіресе ақылдары әлі толыспаған жасөспірімдерді аздырудың түрлі бағдарламаларын дамушы елдерге тықпалап, азғындықты әлемге барынша белсенді түрде таратып жатыр. Батыс елдерінің бәрі дерлік бір жыныс өкілдерінің үйленуіне рұқсат ететін заңды қабылдады.

Таяуда әлеуметтік желіде АҚШ-та гейлердің шеруіне қатысқан қазақстандықтың біздің еліміздің туын желбіретіп ең алдыңғы қатарда кетіп бара жатқан суреті жарияланды. Гей деп аталатын жынысы еркек, бірақ өздерін әйел сияқты сезініп, бір-бірімен шағылысатын азғын жандар өздерінің осы әрекеттерін барша әлемге жариялап, бізді көріңдер дегендей әлсін-әлсін көшеге шеруге шығатыны туралы БАҚ айтып, жазып жатады.

Жә, тәнің еркек бола тұра өзіңді әйел сезініп, ер адаммен жақындасқың келді екен, жақындас, оның күнәсін өзің арқалайсың, бірақ мен сондаймын деп жарияға жар салып көшеге шығып айқайлаудың не жөні бар? Жалпы, төсек жақындығы деген ер мен әйелдің арасында ғана болатын ешкімге жария етілмейтін құпия құбылыс қой. Оны төсектен, үй ауқымынан шығарып, көшеге апару, жарияға жар салудың астарында – басқаларды да аздыру, азғындықты насихаттау жатқандығы ақиқат.

Енді мынаған назар аударыңыз: азшылықтың құқы бұзылып жатыр, қазақстандық гейлерге бір-бірімен үйленуге, бала асырап алуға, өздерінің клубтарын ашып, көшеде құшақтасып, сүйісуге тыйым салынып жатыр, бұл демократияға қайшы деп елімізге қысым көрсететін батыстың дамыған елдері өздері қабылдаған азғындық заңдарын бізге де тықпалап әлек.

Білім бағдарламаларының астарындағы зымияндық

Біздің елімізде соңғы жылдары білім саласында жиі-жиі қабылданып жататын реформалық бағдарламалардың бәрі жас балаларды топастандыру, аздырудың әрекеті екенін әлгі бағдарламалардың астарына зер сала қараған әрбір адам анық бағамдай алады. Бұл туралы айтылып та, жазылып та жатыр, бірақ билік басындағылар оны құлақтарына қыстырар емес. Неге десеңіз, сол бағдарламаларды тықпалап жатқан батыс елдері оны орындату үшін қыруар ақша беруде. Сол ақшаға қызыққан билік басындағы шенеуніктер ұрпақ тағдыры, ұлт болашағына пысқырып та қарамайды.

Мәселен, бастауыш сынып оқушысына әлденеше тіл білудің қажеті қанша немесе жыныс жақындығы туралы түсіндіру керек пе? Қазір әр баланың қолында қымбат смартфон, ол интернетке қосылған, ал интернеттен кез-келген ақпаратты алуға болады. Парнография қажет пе, мә, қалағаныңша ал, азғындықтың неше атасының бәрі бар. Бұл балаға да, шалға да қолжетімді.

Біздің елімізде жезөкшелік заңдастырылмаған, бірақ заңның өте жұмсақтығының арқасында жезөкшелік қалаға да, ауылға да жыл санап белең алып, жайылып барады. Қыз керек пе, қалағаныңды қалаған уақытыңда таба аласыз, тек ақшасын төлесеңіз болды және ол қыздар не айтсаңыз соның бәрін жасауға әзір, яғни азғындықтың ойыңызға келген не түрін түгел жасауыңызға болады. Бұдан не көреміз? Қазақстанда ресми түрде жезөкшелік жоқ, бірақ іс жүзінде ол бар, тіпті өте көп.

Әлеуметтік желіде жезөкше қыздар туралы бір видео салынды. Жас жігіт өз көлігімен келіп, жезөкше қызды сатып алғысы келеді. Қазақтың жап жас қызы ақысын айтып, келісімін алады. Жігіт одан жезөкшелік туралы сұрай бастайды. Әлгі қыз вокзал алаңында жүрген жас қыздардың бәрінің жезөкшелікпен айналысатынын еш қымсынбай айтып береді. Олар, тіпті қаптап жүр. Кез-келгенімен сөйлесіп, ақысына келіс те, апарып ойыңа келгенді жасай бер.

Осылайша, біздің еліміз де ақырындап батыстықтар сияқты азғындықтың құрдымына құлап барады. Бұның бәрі адам бейнесінде келіп, адамзатты мақсатты түрде аздырып жатқан тажалдың әрекеті екені анық. Біз оны көзімізбен көрмегесін ондай адам бейнелі сайтан жоқ, ол ойдан шығарылған ертегі дейміз. Ал сонда батыс елдерінің миллиардтаған ақша бөліп, адамзатты саналы түрде азғындықтың құрдымына құлатып жатуының себебі неде? Бұның жалғыз жауабы бар: тажал-сайтан бар және ол жер бетінде жүр және ол ақша, сатылғыш билік арқылы адамзатты аздыруда. Бұл көзі көретін, ақыл-есі бүтін әрбір адамға белгілі АҚИҚАТ.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика